🏆 Футбол федерациясының президенті сайланды!
2025 жылдың 12 қыркүйегінде Абай атындағы мектеп-гимназиясында Футбол федерациясының президентін сайлау өтті.
Сайлауға 3 үміткер қатысты. Оқушылар өз таңдауларын жасап, әділ әрі ашық дауыс беру арқылы сайлау өткізілді.
📊 Сайлау қорытындысы бойынша:
Құлжабай Ерсұлтан – 49% дауыс жинап, мектептің футбол федерациясы президенті болып сайланды! ⚽
Жаңа президентке сәттілік тілейміз!
Жас спортшылардың белсенділігін арттырып, салауатты өмір салтын насихаттай бер! 💪🇰🇿