*Тіл – тәуелсіздіктің айғағы!*
2025 жылдың 11 сентябрь күні* мектебімізде 5-сыныптар арасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен *«Тіл – тәуелсіздіктің айғағы»* атты танымдық сайыс өткізілді.
Сайыстың мақсаты – оқушылардың *ана тіліне деген құрметін арттыру*, *тілдің мәртебесін көтеру*, *таза, сауатты сөйлеуге* баулу және *еліне, ұлтына деген сүйіспеншілікті* ояту.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, тіл туралы білімдерін ортаға салып, өз ойларын ашық жеткізе білді. Байкау нәтижесі бойынша 5 а сынып оқушылары 1 орын, 5 б сынып оқушылары 2 орынды иеленеді. Құттықтаймыз!