Жетістікке бірге жеттік! 🎉📚
Қуанышты жаңалық! Облыстық “Дарын” ғылыми жоба байқауында қазақ тілі секциясы бойынша 3-орын иеленген 9-сынып оқушылары Бейсенбай Зікірия мен Меден Шұғыланы және жетекшісі Арғынбаева Аида Ембергеновнаны шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жеңіс – талмай ізденудің, еңбектің және білімге деген құштарлықтың жемісі. Сіздердің осы жетістіктеріңіз – болашақта бағындырар биік белестеріңіздің бастауы болсын!
Жетекші ұстазымызға алғысымызды білдіре отырып, шәкірттерімізге шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тілейміз!