Облыстық «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасы » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
Средня школа-гимназия имени Абая
отдела образования по Саркандскому району
управления образования Жетысуской области
Приемная
+7(72839) 2-19-33
Бухгалтерия
+7(72839) 2-19-33
Версия для
слабовидящих
» » Облыстық «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасы
Бегущая строка текста в HTML
Более 9 300 работ на тему «Kazahstan Flag»: стоковые фото, картинки и  изображения royalty-free - iStockАбай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Россия – Бесплатные иконки: флагиДобро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Цвет английского флага: найдено 89 картинокWelcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
23
январь
2025

Облыстық «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасы

🔻Абай атындағы мектеп-гимназиясының ұлдар командасы «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасының Республикалық кезеңіне жолдама алды
2025 жылдың 20-23 январь аралығында Талдықорған қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасының ІІІ облыстық кезеңі өтті. Бұл жарыс жас спортшылар үшін үлкен бәсекелестік пен жоғары шеберлікті талап ететін маңызды спорттық іс-шара болды.
Жарыс нәтижесінде Абай атындағы мектеп-гимназиясының ұлдар командасы керемет ойын көрсетіп, қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, жүлделі І орынды иеленді. Нәтижесінде Республикалық кезеңге қатысуға жолдама алып, өздерінің шеберліктері мен табандылықтарын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Команданың жеңіске жетуіне үлкен үлес қосқан жаттықтырушылар: Мырзахметов Асет пен Аухадиев Асланды атап өткен жөн.
Жас спортшыларымызға Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз! Олар еліміздің намысын лайықты түрде қорғап, алдағы уақытта да биік белестерді бағындырады деп сенеміз. Алға, жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер!