23
май
2024
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу
Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Жоспарға сәйкес отбасылық зорлық-зомбылық, нашақорлық, кереғар дін ағымдар мен секталардың іс-қимыл тәсілдері жөнінде мектебімізде Сарқан аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен түсіндіру лекция-семинар ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауап беріліп, заң аясында жасөспірімдер құқық бұзушылық жасағанда қандай жауапкершілік қарастырылған және қандай тәртіп бойынша өтеуі бар екендігі туралы толық баяндама жасалды.