2 бөлім «АУЫЛДЫҚ АЙМАҚТАРДАҒЫ ТІРЕК МЕКТЕПТЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ» ЖОБАСЫ » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
Средня школа-гимназия имени Абая
отдела образования по Саркандскому району
управления образования Жетысуской области
Приемная
+7(72839) 2-19-33
Бухгалтерия
+7(72839) 2-19-33
Версия для
слабовидящих
» » 2 бөлім «АУЫЛДЫҚ АЙМАҚТАРДАҒЫ ТІРЕК МЕКТЕПТЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ» ЖОБАСЫ
20
март
2024

2 бөлім «АУЫЛДЫҚ АЙМАҚТАРДАҒЫ ТІРЕК МЕКТЕПТЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ» ЖОБАСЫ

2 БӨЛІМ
Қазіргі таңда мектебімізде 811 бала білім алуда. Білім беру мен тәрбиелеу қоры қаржы бөлу нәтижесінде 41 оқу кабинеті толығымен қайта жабдықталды.Шеберхана, сондай-ақ STEM-зертхана, АРТ-студия, би залы,музыка кабинеті,кітапхана және телестудия жаңартылды.
Мектебімізге берілген жаңа технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін көрсету мақсатында мектеп-гимназия директоры Бершимбекова Жекен Сайлауевнаның басшылығымен «Ашық есік» күні ұйымдастырылып, қонақтар шақырылды.
Сарқан өңіріндегі 31 мектептің бірі- Абай атындағы мектеп- гимназия. Мектебіміз барлық талап етілетін стандартқа сай келмеген. Алайда соңғы уақытта біз еуропалық стандартқа сай мектеп болдық. Ең басты өзгеріс жиһазда емес, оқу процесінің өзі өзгерді. Оқушылар берілген материалдық және техникалық құрал-жабдықтарға жауапкершілікпен қарап, осы мектепте оқитындарын мақтанышпен қабылдады. Бұл оқу үшін ең жақсы мотивация. Преподавателиге химия, физика, жаратылыстану сабақтарында демонстрациялар өткізуге ерекше мүмкіндік берілді. Негізгі кабинеттерге берілген жабдықтар арқылы зертханалық жұмыстарды жүргізуге үлкен жағдай жасалды. Мұндай жұмыстар арқылы оқушылар ізденіс үстінде болып, заңдылықтарды түсіне отырып ,өз беттерінше зерханалық жұмыстар жасай алады