Материалы за Март 2025 года » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
Средня школа-гимназия имени Абая
отдела образования по Саркандскому району
управления образования Жетысуской области
Приемная
+7(72839) 2-19-33
Бухгалтерия
+7(72839) 2-19-33
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Март 2025 года
Бегущая строка текста в HTML
Более 9 300 работ на тему «Kazahstan Flag»: стоковые фото, картинки и  изображения royalty-free - iStockАбай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Россия – Бесплатные иконки: флагиДобро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Цвет английского флага: найдено 89 картинокWelcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
Аудандық “Оқушылардың коммуникативті дағдыларын қалыптастыруда бастауыш сынып пен мектепалды сыныптарының сабақтастығының маңызы” тақырыбында семинар
28
март
2025
Аудандық “Оқушылардың коммуникативті дағдыларын қалыптастыруда
“28 март күні Бірлік орта мектебінде өткен аудандық семинарда бастауыш сынып мұғалімі Әсемгүл Сейтмуратқызы “Оқушылардың коммуникативті дағдыларын қалыптастыруда бастауыш сынып пен мектепалды сыныптарының сабақтастығының маңызы” тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, аудандық сертификатпен марапатталды. Құттықтаймыз!  
Мектепішілік семинар "Қазіргі заман мұғалімінің кәсіби шеберлігін дамыту – білім сапасын көтерудің әдісі"
27
март
2025
Мектепішілік семинар "Қазіргі заман мұғалімінің кәсіби шеберлігін
Қазіргі заман мұғалімінің кәсіби шеберлігін дамыту – білім сапасын көтерудің әдісі. Абай атындағы мектеп-гимназияда маңызды оқу семинары өтті! Семинар барысында педагогтар заманауи оқыту әдістерімен танысып, тәжірибе алмасты. Қатысушылар тиімді оқыту технологияларын меңгеріп, кәсіби дағдыларын жетілдірді. Ашық пікірталас пен тәжірибелік жаттығулар арқылы ұстаздар жаңа білім мен шабыт алды! Ұстаздың үздіксіз дамуы – білім сапасының кепілі! Семинарды өткізген ұстаздар: Усенова С., Нокабекова
Аудандық “Асық ату” және “Бес асық” ұлттық ойын жарысы өтті
20
март
2025
Аудандық “Асық ату” және “Бес асық” ұлттық ойын жарысы өтті
Ұлыстын ұлы күні 22 март мерекесіне орай оқушылар арасында аймақтық “Асық ату” және “Бес асық” ұлттық ойын жарысында мектебіміздің ұлдар және қыздар командасы ІІ орын иеленді.  
“Ынтымақ” күніне орай тәрбие сағаты өткізілді
20
март
2025
“Ынтымақ” күніне орай тәрбие сағаты өткізілді
20.03.2025 күні 2 а сынып оқушыларымен “Ынтымақ” күніне орай тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушылар бата, тақпақтар және ән айтып, би билеп, мақал - мәтелден жарыс болып, бауырсақтың құрамына қосылатын тағамдардың атауларын тауып, сәйкестендіріп таныстырып өтті. Қазақ, өзбек, татар тілінде март мерекесімен құттықтады. Сынып жетекшісі Смагулова С.Ш  
"Robotek Grand Tournament” облыстық байқауы
20
март
2025
"Robotek Grand Tournament” облыстық байқауы
"Robotek Grand Tournament” республикалық байқауының Жетісу облыстық кезеңіне Сарқан ауданының атынан қатысқан командалар арасынан “Мерген” номинациясы бойынша 1 орын, “Инверсия” номинациясы бойынша 2 орын иеленді. 1 орын Астана қаласындағы халықаралық кезеңіне жолдама алды. Оқушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жетекшілері: Мыңбай Елшат, Канатжанов Дулат, Ниятхан Достан  
«ProEco» экологиялық жобалар конкурсы
18
март
2025
«ProEco» экологиялық жобалар конкурсы
17 март күні 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының аудандық кезеңі өтті. “Туған өлке табиғаты” бағыты бойынша 5 ”а” сынып оқушысы Махатай Данагүл 2 орын, жетекшісі Утаршиева Ельмира “Лучший экологиялық бастама” бағыты бойынша 6 “а” сынып оқушылары Жаменова Амина, Советхан Назым 3 орын, жетекшісі Утаршиева Ельмира “Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем” бағыты бойынша 8 “а” сынып оқушысы Тұрсынжанқызы Балапан 3 орын, жетекшісі Иманалина Нұрсулу  
Аудандық Ільяс оқулары сайысында буктрейлер жанры
18
март
2025
Аудандық Ільяс оқулары сайысында буктрейлер жанры
Аудандық Ільяс оқулары сайысында буктрейлер жанры бойынша 1-орын иеленген Қуатбек Мунираны шын жүректен құттықтаймыз!   
Облыстық “Қанипа Бітібаева атындағы олимпиада” өтті
18
март
2025
Облыстық “Қанипа Бітібаева атындағы олимпиада” өтті
17 март күні Талдықорған қаласында Облыстық “Қанипа Бітібаева атындағы олимпиада” өтті. Олимпиадаға мектебіміздің 9 б сынып оқушысы Сержанқызы Тұнық және 11 сынып оқушысы Сәбиғазы Қырмызы қатысып алғыс хатпен марапатталды. Жетекшілері: Ауелбекова Айгерім, Нургалиева Асель. Құттықтаймыз!  
Тақырыбы: "Балалардың қауіпсіздігі- ересектердің міндеті"
17
март
2025
Тақырыбы: "Балалардың қауіпсіздігі- ересектердің міндеті"
17 март күні 1-4 сыныптар аралығында пед қолдау сабағы өткізілді. Тақырыбы: "Балалардың қауіпсіздігі- ересектердің міндеті". Сабаққа ата -аналар белсене қатысып,өз ойларын қимыл қозғалыс арқылы жеткізді.Сабақтың соңында ертеден келе жатқан тыйым сөздерді сурет арқылы шешіп, қорытындылады. Ұйымдастырушылар: Баяхметова Гүлизат Жанахметовна,Толеулина Майнур Жаксыжоловна, Жасакпаева Жанар Серпиновна.