Ата аналарды педагогикалық қолдау бағыты » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
Средня школа-гимназия имени Абая
отдела образования по Саркандскому району
управления образования Жетысуской области
Приемная
+7(72839) 2-19-33
Бухгалтерия
+7(72839) 2-19-33
Версия для
слабовидящих
» » Ата аналарды педагогикалық қолдау бағыты
22
декабрь
2023

Ата аналарды педагогикалық қолдау бағыты

22 декабрь күні ата аналарды педагогикалық қолдау бағытында: «Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет...» тақырыбында сабақ өткізілді. Мақсаты: Ұстаз, ата–ана және оқушылар арасындағы психо- педагогикалық ынтымақтастықты дамыту,ата-аналардың мектеппен әлеуметтік байланысын нығайту,ұстаздың оқушымен тығыз байланыста болуын ұйымдастыру.Сабақта «Ащы пияз» қазіргі заман аңызы талданып,әр атаның құнды ойы ортаға салынды. «Баланы жастан..»бейнеролик көрсетіліп,әр топ өз ойларымен бөлісті.Ата аналармен музыкалық сергіту сәті де керемет өтті. Дарынсыз боп туылатын бала жоқ, дарынды дамыту ата-ана мен ұстаздар, біздің қолымызда. Ендеше, әрбір баланың жұлдыздай жарқырауына өз үлесімізді қосайық деген түйінді сөзбен аяқталды.Қолдауды жүргізген мұғалімдер:Бекболатова Д, Қожаханова Ж, Имангалиева Д