«Мақал - сөздің мәйегі» мақал-мәтел жарысы » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
Средня школа-гимназия имени Абая
отдела образования по Саркандскому району
управления образования Жетысуской области
Приемная
+7(72839) 2-19-33
Бухгалтерия
+7(72839) 2-19-33
Версия для
слабовидящих
» » «Мақал - сөздің мәйегі» мақал-мәтел жарысы
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
20
февраль
2024

«Мақал - сөздің мәйегі» мақал-мәтел жарысы

20 февраль күні Абай атындағы мектеп гимназиясында 7-10 сынып оқушылары арасында мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Мақал - сөздің мәйегі» мақал-мәтел жарысы өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандар «Сөз мәйегі-мақал» дегендей ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру, сөздік қорын молайту.
Сайысқа 22 оқушы қатыстырылды. Сайыс басын кітапханашы Сиязбаева Шолпан мақал-мәтелге қысқаша шолу жасап, әділқазылар алқасымен, сайыстың ережелерімен таныстырып өтті.
Сайыс екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім «Халық даналығы» уақытқа айту, оқушылар жаттаған мақал-мәтелдерін 1 минут ішінде айтып өтті.
Екінші бөлім «Жалғасын тап» бір оқушыға үш ұяшық таңдауға беріледі, оқушы мақал-мәтелдің жалғасын табады.
Сайыс нәтижесінде:
Бас жүлде Байғали Айнел 8б сынып
І орын Батырбекова Ардақ 10а сынып
І орын Әшім Аяулым 9ә сынып
ІІ орын Бағалы Айбұлақ 10б сынып
ІІ орын Өмірбек Балауса 9а сынып
ІІІ орын Мұратбекова Айгерім 7ә
ІІІ орын Шидербай Нұрай 8ә сынып
«Көрермен көзайымы» номинациясын алғаны үшін Шадияр Алмажан 9в сынып
Бейсенбай Ғаламат 10ә сынып оқушылары марапатталынды.