"The youngsters readers of Robinson Crusoe" "Робинзон Крузоның жас оқырмандары" атты зияткерлік ойын » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
Средня школа-гимназия имени Абая
отдела образования по Саркандскому району
управления образования Жетысуской области
Приемная
+7(72839) 2-19-33
Бухгалтерия
+7(72839) 2-19-33
Версия для
слабовидящих
» "The youngsters readers of Robinson Crusoe" "Робинзон Крузоның жас оқырмандары" атты зияткерлік ойын
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
25
ноябрь
2022

"The youngsters readers of Robinson Crusoe" "Робинзон Крузоның жас оқырмандары" атты зияткерлік ойын

2022 жылы 24 ноябрь күні мектебімізде шетел тілдері бірлестігінің онкүндігінде ағылшын тілі пәні бойынша "Оқуға құштар мектеп" мектеп аясында 8-9 сынып оқушылар арасында "The youngsters readers of Robinson Crusoe" "Робинзон Крузоның жас оқырмандары" атты зияткерлік ойын өткізілді. Оқушылар жазушы Мирас Кесебаевтың Илья Франк әдісімен Ағылшын тілін үйрену Робинзон Крузо атты кітабы бойынша берілген тапсырмаларды орындады. Бұл - ағылшын тілін үйренудің озық әдісінің бірі - Илья Франк әдісімен жазылған қазақша алғашқы кітап. Кітаптағы оқиға желісі қызық, ағылшын тілін үйренушіні жалықтырмайды. Главная ерекшелігі - ешқандай сөздік қолданбай, жаттамай-ақ , айына 1000 жаңа сөз жаттап алуға көмектеседі. Кітап кез-келген жастағы оқырманға арналады. Сонымен қатар, окушылар әр топ бойынша Робинзон Крузоның бастан кешкен оқиғаларына байланысты сұрактарға жауап беріп, екінші "Полиглот" кезеңінде сөздердің аудармасын үш тілде жеткізді. Ал, үшінші кезеңде "Детектив" әдісі арқылы берілген мәтінді оқып, қайта құрастырды. Ұсынылған мәтінді әділ-қазы алқаларына ағылшын тілінде мазмұндады. Соңында окушылар жүлделі орындармен марапатталып, оқушыларға шағын сыйлықтар табысталды. Сыныптан тыс іс-шараның мақсаты оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шетел тілі мен мәдениетін құрметтеуге үйрету, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдылау. Сыныптан тыс іс-шараның ұйымдастырушылары: шетел тілі пәні мұғалімдері
Малаева Аида Багдатқызы, Есимбекова Динара Айдарханқызы, Жонделбаева Мира Асқарбекқызы.