Жумжуменова Мариям » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72839) 2-19-33
bookkeeping:
+7(72839) 2-19-33
Version for
visually impaired
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
29
қыркүйек
2022

Жумжуменова Мариям

Ғалым да, шахтёр де бас иетін,

Ұстазым бар сенің қаситің.

Білім берген,ой берген,ақыл берген,

Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең.

Ұстаздардан білім алдым,өмірдің қыр-сырын, тәлім-тәрбиені мектеп қабырғасынан алдым Мектеп табалдырығында жүріп, ұстаз еңбегіне деген сүйіспеншілігім артты

"Мұғалім мамандығы-барлық мамандықтың анасы"деп қалай тауып айтқан.Ұстаз алдынан тәрбие алMayтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы–жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат.

Ұстаз алдынан еш нәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан да барша мамандық иелері ұстаздарға борыштар. Мен де мектеп бітірген соң осы мамандықты қаладым. Жас ұрпаққа математика пәнінен сабақ беру, өмірдегі несібем болды. Бойыма ұстаздарда болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңдірдім. 

"Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды" дегендей, ұстаз –  қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дамытады. Бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация біздің еншімізге тиді. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. 

Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз.Ұстаздың негізгі құралы –  сабақ. Сабақ скрипка аспабы секілді, онымен жай гамаларды ойнауға немесе Паганинше саусақ ұшын сымға жеңіл тигізіп, одан ғажайып үн шығаруға болады. 

Ұстаздық жылдарымда әрбір сабағымнан ғажайып үн шығаруға тырыстым. Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп,шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі жылы, көңілі дархан, адам болу керек десем, жылдар бойы осы асыл қасиеттерді бойыма сіңірдім. Өзім білгенімді үйретуші ғана емес, шәкірттеріме ақ тілеулі ана болдым. Шәкірттерім өзімнен озған сайын, еңбегімнің ақталғаны деп марқая түстім. Өмірдің заңы –  даму, ілгерілеу, озу.

Білім берудің сапалы болуы үшін, біріншіден, ұстаздың жан-жақты академиялық білімінің болуы, екіншіден, мұғалімнің өз мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігі және ешқандай дипломмен берілмейтін шығармашылық қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қасиеттері болу шарт. Математиканы игеру барлығына бірдей беріле бермейді. Дей тұрсақ та, алдыңдағы 25-30 түлек UNT тапсырады. Оған дайындау мұғалімнің аса әдіскерлігін, білімін қажет етеді.

Өзімнің 45 жыл еңбегімде үздіксіз еңбек еттім. Мектептен шығатын «Алтын белгі» белгісінің иегерлері маған мектептің аманаты болып жүктелді. Аманатқа қиянат болMay сенімді ақтап отырдым. Жылдар бойғы еңбегім ақталды да. Өзімнің еңбегім зейнеткерлікке шыққан соң марапатқа ие болды.

Бұл марапаттар үшін мектеп директоры Есенгулова Нурзиля Бақытжанқызы тер төкті. Еңбегімнің нәтижесі –  Қазақстан республикасы "Халық алғысы" және Almaty region ардагерлер кеңесінің ұйғаруымен "Асыл АНА" төсбелгісімен марапатталдым. Бұл менің мәртебелі мамандығымның жемісі деп білемін. Зейнетке шықсам да, мектептер математика пәнінен сабақ беруге шақыруда. Мамандығым – мақтанышым, өмірлік азығым.

Похожие публикации:

05 ақпан 2018 "Жас маман-2018"
26 қараша 2017 Бақытты отбасы