Бақытты отбасы » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72839) 2-19-33
bookkeeping:
+7(72839) 2-19-33
Version for
visually impaired
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
26
қараша
2017

Бақытты отбасы

Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болMayтын баспалдақ. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз. «Отбасы шағын мемлекет» отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алMayды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті. Осы орайда ауданымызда дәстүрлі игі шаралардың бірі 24 қараша күні «Бақытты отбасы- бақытты балалық шақ» партиялық жоба аясында бастауыш партия ұйымдары арасында өткізілген аудандық «Ең үздік отбасы» байқауы өткізілді.
Байқау мақсаты: Өскелең ұрпаққа отбасының маңызы мен міндетін үйрету, отбасылық сыйластықты сақтауға баулу.
Байқауға мектебіміздің ұстаздары Нурпейсов Абай мен жары Байжанова Айдана қатысқан болатын. Байқау жоғары деңгейде өткізіліп, байқау нәтижесі бойынша мектебіміздің намысын қорғап шыққан «Нурпейсовтер отбасы» жүлделі II орынды иеленіп, бағалы сыйлықпен марапатталды. Байқауға қатысқан әріптестеріміз бен өз демеушіліктерін көрсеткен мектеп ұжымымен мектеп директоры Н.Есенгуловаға алғыс білдіреміз.
Бақытты отбасы