Рухани-адамгершілік тәрбие » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72839) 2-19-33
bookkeeping:
+7(72839) 2-19-33
Version for
visually impaired
Мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын алу
18
қазан
2023
Мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын алу
2023 жылдың 17 қазанында мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында "Ел болам десең, бесігіңді түзе" демекші, еліміздің болашағы жастардың қолында екенін ескере отырып, 8 “ә” сыныбына құқық бұзушылыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  
Ұстаздар мерекесі
07
қазан
2023
Ұстаздар мерекесі
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алMayтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Біз барша еңбекқор ұстаздарымызды мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!  
2-ші сыныптар арасында “Жолда жүру ережесі”тақырыбында тәрбие сағаты өтті
06
қазан
2023
2-ші сыныптар арасында “Жолда жүру ережесі”тақырыбында тәрбие сағаты
2-ші сыныптар арасында “Жолда жүру ережесі”тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету. Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Жолда жүру ережелерін меңгерту.  
1 қазан – Халықаралық қарттар күні
06
қазан
2023
1 қазан – Халықаралық қарттар күні
1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай мектебімізде салтанатты шара өтті. Шараға ардагерлер ұстаздар мен қазыналы қарттарымыз келіп қатысты. Мерекелік көңіл кhouseсыйлайтын концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, концерт соңында оқушылар әжелерден ақ бата алып, тілектерін естіп қайтты. Бізде барша қарияларды мерейлі мерекелерімен құттықтаймыз!  
"Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі" қыздар жиналысы
07
сәуір
2023
"Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі" қыздар жиналысы
Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі. 06.04.2023 ж. мектепішілік қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыста қыздардың тәртібі, сабаққа қатысы, мектеп формасы, жасөспірімдер арасындағы буллинг жайлы тақырыптар айтылды, жұмыстар жасалынды.  
Мектебіміздің оқушылары Алғыс күніне орай ардагер ұстаздарымызға рахметін айтып, мерекемен құттықтады
02
наурыз
2023
Мектебіміздің оқушылары Алғыс күніне орай ардагер ұстаздарымызға
   Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.  Бүгін мектебіміздің оқушылары Алғыс күніне орай ардагер ұстаздарымызға ризашылығы мен рахметін айтып, мерекемен құттықтады. Мұғалім мектептің жүрегі, шәкірттің шырағын жағушы жалын иесі. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, ұстаздық мәртебелі мамандық десек жалған айтпаған боламыз. Себебі хан да,
"Алғыс күні" челендж
27
ақпан
2023
"Алғыс күні" челендж
Мектебіміздің өзін өзі басқару ұйымының атынан барша Қазақ еліне, қымбатты да аяулы ұстаздарымызға, қадірлі ата-аналарымызға шын жүректен мың алғысымызды білдіреміз! #алтынжүрек челенджіміздің жалғасуын Сарқан қаласы Ақын Сара орта мектебінің мектеп парламентіне жолдаймыз!
Ардагерлерді құрметтеу
08
ақпан
2023
Ардагерлерді құрметтеу
Өзін-өзі басқару ұйымы: Ардагерлерді құрметтеу, көңіл бөліп, олардың естеліктерінен тағылым алу. Әрине, біз қандай да бір қаржылай көмек бере алмасақ та, біздің ардақты ардагерлерімізге рухани жағынан барынша қолдау көрсетуге тырыстық. Волонтерлік қызмет көрсету барысында ардагерлерімізге көмек көрсетіп естеліктермен таныстық.  
7-8 сыныптар арасында “Зейін Шашкиннің туғанына 110 жыл “ толуына орай волейболдан жарыс
19
қаңтар
2023
7-8 сыныптар арасында “Зейін Шашкиннің туғанына 110 жыл “ толуына
Абай атындағы мектеп-гимназиясының мектепішілік 7-8 сыныптар арасында "Зейін Шашкиннің туғанына 110 жыл" толуына орай волейболдан жарыс өтті. Қорытынды І орын 8 Б сыныбы ІІ орын 8 Ә сыныбы ІІІ орын 7 Ә сыныбы иеленді. Best ойыншы атанған Әлнұр Гулизат Best шабуылдаушы Кәкімжанова Маржан Best қорғаушы Жақсыбекқызы Жансая атанды.