02
наурыз
2023
Мектебіміздің оқушылары Алғыс күніне орай ардагер ұстаздарымызға рахметін айтып, мерекемен құттықтады
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Бүгін мектебіміздің оқушылары Алғыс күніне орай ардагер ұстаздарымызға ризашылығы мен рахметін айтып, мерекемен құттықтады.
Мұғалім мектептің жүрегі, шәкірттің шырағын жағушы жалын иесі. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, ұстаздық мәртебелі мамандық десек жалған айтпаған боламыз. Себебі хан да, қарапайым адам да мұғалім мектебінен өтіп, өмірге жолдама алады. Сол үшін ұлағатты ұстаздарымыз, сіздерге айтар алғысымыз шексіз! Мереке құтты болсын! Отбасыларыңызға есендік, толағай табыс, зор денсаулық тілейміз! Еліміздің ертеңі нұрлы, аспаны ашық болсын!