Үкілі үміткер үмітті ақтады » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72839) 2-19-33
bookkeeping:
+7(72839) 2-19-33
Version for
visually impaired
» » Үкілі үміткер үмітті ақтады
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
16
сәуір
2019

Үкілі үміткер үмітті ақтады

Үкілі үміткер үмітті ақтады
Бабалардың сырлы сөзін бойына қуат еткен ұлы ұрпақ туған дала-қазақ даласы десек қате айтпаған болар едік. Қазақтың тау тұлғаларының шығармаларын кең дәріптейтін қасиетті орын - мектеп. Білімнің қайнар көзін, асулардың белесін алар үздіктер тәрбиелеуде ұлағатты ұстаздардың еңбегі ерен десек те болады. «Білімдінің күні жарық дегендей» балалардың ақын шығармаларын оқуына, оларды тануына ықпал ететін сайыстардың көп болғаны көңіл қуантарлық жағдай. Десек те, телефонға телмірген қазіргі оқырманның назарын ел мен жерді жырына тиек еткен ақындардың шығармасын оқуыға ынталандыру ұстаздардың алдына қойған үлкен міндеті. Осыған орай ауданымызда 9- сәуір күні «Жыр құлагері -Илияс» атты сөз шеберлерінің байқауы өтті. Мектебіміздің намысын, мектепте өткізілген Илияс оқуларынының жеңімпазы 8 «а» сынып оқушысы Бектемисова Фатима қорғап қайтты. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынды иемденді. Фатиманың бойындағы ерекше қасиетін танып біліп додаға қосқан, талай озат оқушыларды бәйгеге қосқан ұлағатты ұстаз - Ерболаева Лязат Айгалиевна. Үкілеген үміттеріңізді үздік оқушыларыңыз ақтай берсін дегім келеді. Абай атамыз айтқандай:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.
Ұстаз үшін ең маңызды- шәкіртінің биік белестен көрінуі десек қате айтпаған болар едім. Алда талай белестерді бағындырады деп сенеміз. Еңбегіңіз ақталып, есміңіз мақталып жүре беріңіз.