"Абай жолы-ғасырлық туынды" атты іс-шара » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Абай жолы-ғасырлық туынды" атты іс-шара
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
06
ақпан
2022

"Абай жолы-ғасырлық туынды" атты іс-шара

    Мектебімізде ақпан айының 4-і күні "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында қазақ тілі пәні мұғалімі А.Аргынбаеваның ұйымдастыруымен "Абай жолы-ғасырлық туынды" атты іс-шара өтті. Іс-шараға қысқы демалыс кезінде роман -эпопеяның 4-томын аяқтаған оқушылар мен 9-11 сынып оқушылары қатысты. Оқыған оқушылар баяндама, таныстырылым жасап ой бөлісті. Оқушылар әзірлеген"Қодар өлімі", "Кәмшат тағдыры", "Құнанбайдың Абайға таққан үш міні" сахналық қойылымдары көрермендердің көңілінен шығып,әр көріністен соң көрермендер талқылау сұрақтарына қатысып, өз ойларын ортаға салды. Шараға қатысқан қазақ тілі пәндері мұғалімі Л.Ерболаева, А.Магзумкызы,әдістеме меңгерушісі С.Төребек оқушыларға тұщымды ойларымен бөлісіп, оқушыларға ой салды. Соңында қамтылған мәліметтер негізінде "Ми батл" сұрақтары үлгісінде жарыс ұйымдастырылды. Оқушылар мақтау қағаздарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.