«Абайтану» олимпиадасы » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72839) 2-19-33
bookkeeping:
+7(72839) 2-19-33
Version for
visually impaired
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
06
қазан
2022

«Абайтану» олимпиадасы

   Қыркүйек айының соңғы аптасында республика көлемінде «Абайтану» олимпиадасы ұйымдастырылған болатын. Аталған олимпиаданың мақсаты Абай шығармашылығын насихаттау және оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеру болып табылады. Аталған байқауға 8 «В» сынып оқушысы Мақатай Нұртас қатысты. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша Абай Құнанбайұлына арнау өлеңін шығарып республика көлемінде І орынға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ауелбекова Айгерім Матайбекқызы. Нұртас және де қазанның 4 күні аудан көлемінде ұйымдастырылған «Ақберен оқуларына» да қатысып, өзінің арнау өлеңін оқып, жүлделі ІІ орын жеңіп алған болатын. Жас ақынымызға алар асуың мол болсын деп тілек білдіреміз.