«Зерде» конкурсы » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72839) 2-19-33
bookkeeping:
+7(72839) 2-19-33
Version for
visually impaired
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
15
қараша
2021

«Зерде» конкурсы

    «Зерде» конкурсы оқушылардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық қабілетін анықтайды. Конкурстың басты мақсаты балалардың танымдық қызығушылықтары және зияткерлік - шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Конкурстың басты міндеттері:
- оқушылардың зияткерлік шығармашылығын ерте мектеп жасынан дамыту, бала кезінен ғылыми ізденіс жұмыстарына қызығушылығын ояту;
-ғылыми-техникалық және зияткерлік шығармашылық саласында қабілетті және дарынды балаларды айқындау, оларға қолдау көрсету;
- оқушылардың жоғары жетістіктерін, білім беру ұйымдарының оқу және ғылыми-ізденістегі жұмыс тәжірибесін, өзара қарым-қатынасын ұйымдастыруды насихаттау және демонстрациялау болып табылады. Осыған орай, мектепішілік «Зерде» ғылыми жобалар байқауы өтізілді. Байқау 7 бағыт бойынша жүргізіліп, 15 оқушы өз жұмыстарын қорғады. Бағалау критерийлері оқушылардың тақырыптарының жеткізуі мен зерттеу жолдарына аса назар аударылды. Байқау қатысушыларының жұмыстары іріктеліп, аудандық кезеңге төмендегі оқушылардың жұмысы өткізілді.

1 секция - қазақ тілі мен әдебиеті бағыты бойынша:
6 «А»Бейсенбай Зікірия
6 «А» Болатқызы Мерей 
2 секция – орыс тілі мен әдебиеті; ағылшын тілі 5 «А» Әліпбай Асылжан 
3 секция - математика, информатика 6 «А» Қуатбек Балжан 
5 секция - медицина, психология 6 «Б» Нұржан Нұралы, 7 сынып оқушылары Нұғман Зере мен Нұрланова Аяулым 6 секция - тарих, өлкетану, этномәдениеттану 5 «А» Рустембекова Аруна