2021 – 2022 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың жылдық жұмысына талдауы » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72839) 2-19-33
bookkeeping:
+7(72839) 2-19-33
Version for
visually impaired
» » 2021 – 2022 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың жылдық жұмысына талдауы
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
27
мамыр
2022

2021 – 2022 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың жылдық жұмысына талдауы

2021 – 2022 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың  жылдық жұмысына талдауы


 Мақсаты: әлеуметтік педагогтың жыл бойы атқарған жұмыстарына қорытынды сараптама жүргізу, ата-аналармен, оқушылармен, әлеуметтік мәртебеге ие отбасы оқушыларымен  жүргізілген жұмыстардың қорытындысын шығару және жаңа оқу жылының жоспарына енгізетін ұсыныстар жасау.
 Міндеттері:
 
-Оқушылардың тұрмыс жағдайын және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттеу;

-Оқушылармен және ата-аналарымен психологиялық-педагогикалық жұмыстар жүргізу.

2021-2022 оқу жылының басында әлеуметтік педагогтың іс-қағаздарын реттеу, жаңарту жұмыстары ұйымдастырылды. Берілген жүктемелер бойынша жылдық  жоспар құрылып, жалпыға бірдей білім беру айлығымен қоса атқарылып отырды. Қажетті нормативті құжаттар жинақталды. Әлеуметтік педагог өз білімін жетілдіру мақсатында курстан өтті.

       Бала тәрбиесімен  жүйелі жұмыс жүргізу үшін,  баланың отбасы құрамын, тұрмыстық  жағдайын, ата-ананың қаншалықты балаға уақыт бөлетінін, отбасындағы психологиялық ахуалды, баланың жеке психологиялық даму деңгейін білу мақсатында біршама педагогикалық- психологиялық іс- әрекеттер жасалынды.

       2021-2022 оқу жылының басында мектеп бойынша әр оқушының әлеуметтік мәртебесі анықталып, барлық сыныптардың әлеуметтік төлқұжаты жасалынды. 

Мектеп бойынша оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамту

         Ыстық тегін тамақ ішетін аз қамтылған, көп балалы, толық емес және қамқоршылық-қорғаншылықтағы  оқушылар саны – 132. Оқушылардың тиісті құжаттары қыркүйек және қаңтар айларында жинақталған, тамақтану мектеп директорымен бекітілген кесте бойынша жүргізілді. Ыстық тамақтың сапасы және ұйымдастырылуына бақылауды арнайы брокеражды комиссия жүзеге асырды. Ай сайын ыстық тамақ есебі ауданға жіберіліп отырды.


Абай атындағы мектеп гимназиясының 1-11 сынып оқушыларының әлеуметтік куәлігі жасалып, әлеуметтік топтары жасақталды

І жарты жылдық

ІІ жарты жылдық

Мектеп бойынша оқушы саны - 639

Мектеп бойынша оқушы саны - 641

Ұл бала-321

Ұл бала-322

Қыз бала-318

Қыз бала-319

Аз қамтылған оқушылар-158

Аз қамтылған оқушылар-132

Көп балалы - 181

Көп балалы - 185

Толық емес( жартылай жетім)-25

Толық емес( жартылай жетім)-25

Толық емес(ажырасқан)-63

Толық емес(ажырасқан)-63

Қамқоршылық-қорғаншылық-3

Қамқоршылық-қорғаншылық-3

Үйден оқитын оқушы-1

Үйден оқитын оқушы-1

Инклюзивті білім алушылар-5

Инклюзивті білім алушылар-5

Әкесі  қайтыс     болған - 23

Әкесі  қайтыс     болған – 23

Анасы  қайтыс     болған - 2

Анасы  қайтыс     болған – 2

Туысының  үйінде     тұрып оқитын оқушылар - 15

Туысының  үйінде     тұрып оқитын оқушылар - 15


2021-2022 оқу жылында әлеуметтік педагогтың жоспарына сәйкес қамқоршылық-қорғаншылықтағы  3 оқушының, үйден оқитын 1 оқушының ,өгей   анамен тұратын 1 оқушы, өгей   әкемен  тұратын  9 оқушы үйлеріне барып рейд жүргізілді.

Қамқоршылық – қорғаншылықтағы  оқушылар:

Исатай Нұржан 11а сынып, Истай Фатима 8ә сынып оқушыларының үйлеріне рейд жүргізілу барысында, жеке бөлмесі бар, сабақ оқитын столы бар, үйлері таза,жинақы талапқа сай.

 Асылбай Ақжол 2ә сынып оқушысының үйіне материалдық – тұрмыстық   жағдайын  тексеру барысында  барғанда жеке бөлмесі бар, үйлері таза.

Үйден   оқитын  оқушы:

Серік  Бекзат  3в сынып оқушысы «үйден оқиды»  материалдық – тұрмыстық  жағдайын   тексеру барысында барғанда үйлері таза, жеке бөлмесі бар, жинақы, сабақ оқитын столы бар.

 Өгей   әкемен  тұратын   оқушылар:

Бақытжанқызы Амина   2б сынып  оқушысы тұрмыстық  жағдайын   тексеру барысында барғанда үйлері таза, жеке бөлмесі бар, жинақы.

Молдагожина  Медина 2б сынып  оқушысы рейд жүргізу барысында үйлері таза, сабақ оқитын столы бар,үйі жылы.

         Жаннетова  Мариям   6ә сынып оқушы үйіне рейд жүргізу барысында үйлері таза, жинақы, тамақ ішетін столда сабақ орындайды.

Ерғали   Тамерлан  7ә  сынып   оқушысы  үйіне материалдық – тұрмыстық  жағдайын  тексеру барысында  барғанда жеке бөлмесі бар, үйлері таза.

Илипбаева  Аяжан 8ә сынып оқушысы  рейд жүргізу барысында үйлері таза, сабақ оқитын столы бар, жеке бөлмесі бар,үйі жылы, санитарлық нормаға сай.

Сансызбаев   Амиржан  9а  сынып   оқушысы рейд жүргізу барысында үйлері таза, сабақ оқитын столы бар, жеке бөлмесі бар,үйі жылы, санитарлық нормаға сай.

Болатова   Жанель  9ә  сынып   оқушысы  үйіне материалдық – тұрмыстық  жағдайын  тексеру барысында  барғанда жеке бөлмесі бар, үйлері таза.

Өгей  анамен   тұратын  оқушы:

Ақжолбеков   Нұраслан  10а  сынып   оқушысы  рейд жүргізу барысында үйлері таза, сабақ оқитын столы бар,үйі жылы.

Туысының  үйінде  тұрып   оқитын  оқушылар:

  Аманжол  Алуа – 1ә сынып

    Сламхан  Елжас – 3ә сынып

    Сабырбек Муслима – 3в сынып

    Өмірзақ  Әрсен – 4в сынып

    Лукьянов   Тимур – 5б сынып

    Нүкенов  Мирас – 7в сынып

    Қуанышұлы   Айбын – 7б сынып

    Кусаинова  АсеMay – 8ә   сынып

    Кәкімжан  Марлан – 9ә сынып

    Ескендір  Рамазан – 9б сынып

    Қастерұлы  Айбек – 9б сынып

    Даулбай  Дильназ – 10ә сынып

    Жұматай  Бегәлі – 11 ә сынып

    Қосбек  Иса – 11б сынып

    Сапарғожа  Аяжан- 11б сынып

 Мектеп бойынша «Қатерлі топта» тұрған оқушылар

Жан-жақты бақылау барысында мектепішілік «қатерлі топқа» 2 оқушы тіркелді. Калиев  Рамазан – 5 б сынып оқушысы,Қанатхан  Дәнекен – 6 ә сынып оқушысы.Бұл оқушылардан сауалнама, тест жұмыстары алынып, бірнеше рет әңгімелесу жүргізілді. Үйлеріне барып тұрғын-ұй тұрмыстық актілер жасалынды. Ата-аналары шақырылып, ата-аналарынан да, оқушылардан да түсініктеме алынды. Күнделікті сабаққа қатысулары тексеріліп, қадағаланып, АКТ толтырылып отырылады. Сынып жетекшілер ата-аналарымен үнемі тығыз байланыста болды.. Мектеп инспекторы мен тәрбие ісі меңгерушілері, психолог пен әлеуметтік педагогтар жекелеген әңгімелесулер жүргізіп, сынып сағаттарында да құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізіледі.

 «Сәтсіз   жанұя»

   Сәтсіз жанұя   қатарына Абай мектеп- гимназиясына 21.01.2022ж Тарас  ауылынан   келген  Қанатхандар  жанұясын   алдық.Қанатхандар  жанұясында  толық  10 адам тұрады,оның ішінде 8 бала  және әкесі мен анасы.Тұрмыс  жағдайлары  төмен   пәтер  жалдап  тұрады.Ата-анасы   балаларын   дұрыс  қамтамасыз  етпейді,қараMayды,мектепке  уақымен   жібермейді.Тәрбие завучтармен және сынып   жетекшілерімен  үйлеріне барып балалардың  жағдайын  тексеріп   тұрдық.Үйлері  таза емес лас,кір болып шықты.Әр  барған  сәтте ата – анасы  балаларын   қараусыз үйде өз беттерімен    қалдырып  кеткен.Бұл  ата-ананың жауапкершілігі  жоқ   екендігінің  белгісі.Ата-анасымен де балалармен де жұмыс жасалды.

 



Абай атындағы мектеп гимназияның 2021-2022 оқу жылында 

«Жүректен-жүрекке» ұранымен өткізілген «Мектепке жол» акциясы бойынша істелінген жұмысқа                                                                                   

Information

Мақсаты: Мектептегі қамқоршылық- қорғаншылықтағы оқушылардың және жағдайы төмен отбасындағы оқушылардың 2021 жылдың 01тамыз 21 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Мектепке жол акцияның іс- шара жоспары құрылып, комиссия мүшелері бекітілді.

  Акцияны  ұйымдастыру барысында «Мектепке жол»  логотивті плакат ілініп, көмек қажет ететін, аз қамтылған отбасы, жағдайы нашар сәтсіз жанұя отбасының балаларының тізімі алынып «Жүректен-жүрекке» ұранымен қайырымдылық көмек көрсетілді. Атап айтсақ:

1. Аз қамтылған отбасынан шыққан 12 оқушыға 15 мыңнан 180000 –ға мектеп құралдары алып берілді.

2. Абылқасым Ерасыл 5 б сынып оқушысы Костюм-шалбар-11600, туфли-5400 және қажетті ұсақ заттары 

3.  Алдаберген Расим 7 ә сынып оқушысы Жейде-4000,шалбар-4700,аяқ-киім-7700 және 700,сумка-7500,спортивка-15000 және ұсақ заттары 1200,2000,700тг.     

4. Асылбек Айбала 3в сынып юбка -1700 

5.Серғалы Аруна 3в сынып юбка -1700

6. Ержан Фатима  3 в сынып  юбка -1800

Жалпы қамтылған сумма: 245 000 мың теңгені құрайды.

 Мектеп ұжымы жағдайы төмен отбасы оқушыларының  жаңа оқу жылына толық қамтылуын басты мақсатқа ала отырып   сынып жетекшілер мөлтек аудандарды аралап, оқушылардың отбасы жағдайы туралы мәліметтерді жинастырып, көмек қажет ететін оқушылардың тізімі бекітілді. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген жандарды қайырымдылық акциясына өз үлестерін қосуға шақырдық. Материалдық көмек көрсету, демеушілер есебінен, ата-аналар көмегімен, мектеп ұжымы мүшелерімен жүзеге асырылып отыр. 


       2021-2022 оқу жылында алға қойған мақсат пен міндетті ескере      отырып келесі 2022-2023 оқу жылында төмендегідей ұсыныстар орындалуы қажет:
 1. 1-11 сыныптар бойынша оқушылардың әлеуметтік жағдайы зерттеліп, тұрмысы төмен отбасыларына көмек алуға қажетті құжаттар тізімі уақытында тапсырып, ата-ананың өтініші бойынша жалпыға бірдей білім беру қорынан көмек көрсетіп, осы категориядағы оқушылар тізімін жасап, бақылауға алу;

 2. Ата-аналармен, үйде оқитын оқушылармен, қиын оқушылармен жұмысты дұрыс жолға қою;
 3. Келесі 2022-2023 оқу жылында осы ұсыныстар есепке алынып, оқу жылының басынан көп балалы, тұрмысы төмен, қамқоршылықтағы, жетім балаларға аса назар аударылып, әрқайсысының жағдайына сай қажетті көмек жасау;
 4. Жаңа оқу жылында оқушылардың ата-аналарымен мектептің қарым- қатынасын одан әрі нығайтып, оларды мектепшілік жұмыстарға көбірек араластыру; 
 5. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасымен жұмысты жүргізу;
 6. Кәсіби шеберліктің әдіс-тәсілдерін, өз білімімді жетілдіру арқылы жоғарылату.



                 Мектеп   директоры                  Н.Есенгулова