«Қамқоршылық» кеңесінің жылдық жоспары
«Қамқоршылық» кеңесінің жылдық жоспары
№ | Атқарылатын іс-шаралар | Мерзімі | Жауапты |
1. | Мектепте «Қамқорлық» кеңесін құру, мүшелерін сайлау, жоспарын бекіту | Тамыз | Аудандық білім бөлімі |
2. | Әлеуметтік қамқорлыққа алынатын оқушылардың тізімін сынып жетекшілермен бірлесе анықтау және әлеуметтік диагностика жасау: тұл жетім; жартылай жетім; оралман; көпбалалы; оралман және аз қамтамасыз етілген отбасы балалары. | Қыркүйек | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер |
3. | - Мектеп асханасын жалдаушылары тарапынан келісімшарт құра отырып, оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету. | Қыркүйек | Әлеуметтік педагог сн. жетекшілер |
4. | Мектеп әкімшілігімен және сынып жетекшілермен бірлесе ҚР «Баланың құқығы туралы» заңы мен БҰҰ «Баланың құқықтары туралы» халықаралық конвенцияны және ҚР «Неке және отбасы Заңын» талқылау | Қазан | Әлеуметтік педагог Кеңес құрамы |
5. | - Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың үйлеріне тұрғын-жай актісн жүргізу, атында мүлкі бар немесе жоқтығын, оның сақталуын анықтау. - аз қамтамасыз етілген отбасы, көпбалалы отбасы және жартылай жетм оқушылардың үйлеріне тұрғын-жай актісін жүргізу | Жылына 2 рет Жылына 1 рет | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер |
6. | - Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды бақылау және әлеуметтік педагогикалық жұмыстар жүргізу; - Аз қамтамасыз етілгген оқушылармен әлеуметтік-психологиялық диагностикалық жұмыстарын атқару | Қараша | Әлеуметтік педагог, Педагог-психолог |
7. | Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды жаңа жылдық шыршаға алып бару және мерекелік сыйлықтар ұйымдастыру | Желтоқсан | Әлеуметтік педагог Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар |
8. | - Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан балаларды тегін ыстық тамақпен және әлеуметтік көмектер көрсету; - «Қамқорлық» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастыру; | Қаңтар | Әлеуметтік педагог Сн. Жет. Тәрбие ісі жөніндегі орын. |
9. | Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың әлеуметтік ортасына зерттеу жұмыстарын жүргізу; Қиын және құқықбұзуға бейім балалармен әлеуметтік-психологиялық жұмыстар атқару | Ақпан | Әлеуметтік педагог Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Педагог-психолог |
10. | «Мен және Заң» тақырбы бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен дөңгелек үстел өткізу | Наурыз | Әлеуметтік педагог Тарих пән мұғалімі |
11. | Аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының бос уақытын қалай өткізетіндігі жөнінде «Менің қызығушылығым» тақырыбында сауалнама жүргізу | Сәуір | Әлеуметтік педагог Педагог-психологтар |
12. | Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың қамқоршыларымен әңгіме өткізу, есебін алып тұру | Жылына 2 рет | Әлеуметтік педагог |
13. | - 1 маусым – Балаларды қорғау күніне байланысты қабырға газеттерін шығару, мәдени-іс шара ұйымдастыру және оқушыларды қатыстыру - Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды жазғы сауықтыру лагерлерімен қамтамасыз ету | Маусым, шілде | Әлеуметтік педагог Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар |