Материалы за Қыркүйек 2024 года » Страница 2 » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72839) 2-19-33
bookkeeping:
+7(72839) 2-19-33
Version for
visually impaired
» Материалы за Қыркүйек 2024 года » Страница 2
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
Тіл—мемлекеттің тұғырлы тірегі
14
қыркүйек
2024
Тіл—мемлекеттің тұғырлы тірегі
Тіл—мемлекеттің тұғырлы тірегі. Тіл— қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің түп тамыры. Тіл өлсе, ұлт жоғалады. Тіл—мәңгілік құндылық. Осыған орай, тілдер мерекесіне арналған”Тілім менің тірлігімнің айғағы”атты апталықтың іс шаралар жоспары бойынша, “Тіл —тіршілік тірегі” атты тақырыпқа мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері А. Е Арғынбаева мен А. К Нургалиева 11—сынып оқушыларымен дебат ұйымдастырып, өткізді.  
“Тілім менің - тірлігімнің айғағы” атты апталықтың қорытынды кеші
13
қыркүйек
2024
“Тілім менің - тірлігімнің айғағы” атты апталықтың қорытынды кеші
5-10 сынып оқушыларының қатысуымен Тілдер мерекесіне орай “Тілім менің - тірлігімнің айғағы” атты апталықтың қорытынды кеші өтті. Іс-шараға атсалысқан барлық оқушылар мен ұстаздарға алғыс білдіреміз!  
“Ана тілім-ата бабам мұрасы” тақырыбында 5-8 сыныптар арасында видеороликтер байқауы
13
қыркүйек
2024
“Ана тілім-ата бабам мұрасы” тақырыбында 5-8 сыныптар арасында
“Ана тілім-ата бабам мұрасы” тақырыбында 5-8 сыныптар арасында видеороликтер байқауы өткен болатын. Байқауға 12 жұмыс келіп түсті. Әділқазылардың шешімі бойынша бас жүлдеге 5 А сынып оқушысы Марат Асима ие болды. Сынып жетекшісі Жанузах Тилеген. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.  
5-11 сынып білім алушыларына кауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді
10
қыркүйек
2024
5-11 сынып білім алушыларына кауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмысы
Абай атындағы мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы орталығы Штабы бойынша дайындаған видеороликті 5-11 сынып білім алушыларына көрсетіп, кауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді 
«Мемлекеттік тіл –менің тілім»
10
қыркүйек
2024
«Мемлекеттік тіл –менің тілім»
«Мемлекеттік тіл –менің тілім» Мектепалды даярлық сыныбы Жетекшісі: Жакаева Замзагуль Жумагалиевна Мақсаты: Балаларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Балалардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту.    
“Жол қауіпсіздік ережелері” тақырыбында тәрбие сағаты өтілді
09
қыркүйек
2024
“Жол қауіпсіздік ережелері” тақырыбында тәрбие сағаты өтілді
Тақырыбы: “Жол қауіпсіздік ережелері” тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты:Отан, ел, туған өлке жайында білу және пайымдау; Туған елге сүйіспеншілігін білдіре алу; Мейірімділік, оқу-білім туралы өз ойларын ортаға салдыра отырып, білімқұмарлыққа шақыру. 2 “б” сыныбы  
«Отбасым – бақыт мекені» атты тәрбие сағаты өтілді
09
қыркүйек
2024
«Отбасым – бақыт мекені» атты тәрбие сағаты өтілді
2”в” сыныбымен «Отбасым – бақыт мекені» атты тәрбие сағаты өтілді. 📚Тәрбие сағатының мақсаты: - Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту. - Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. - Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Есмұратова Гүлім Амангелдіқызы
3-сыныптардың тіл мерекесіне арнап өткізген тәрбие сағаты
09
қыркүйек
2024
3-сыныптардың тіл мерекесіне арнап өткізген тәрбие сағаты
Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Осы орайда 3-сыныптардың тіл мерекесіне арнап өткізген тәрбие сағаты. Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір –қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. 2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. 3. Тіл тазалығын
“Әкем, шешем және мен” атты отбасылық жарыс өтті
06
қыркүйек
2024
“Әкем, шешем және мен” атты отбасылық жарыс өтті
Мектебімізде Отбасы күніне орай Сарқан аудандық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы мен мектебіміздің дене шынықтыру пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 3 сыныптар арасында “Әкем, шешем және мен” атты отбасылық жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Дюсембековтар отбасы І орын, Аязбаевтар отбасы ІІ орын, Смахановтар отбасы ІІІ орынмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысқан отбасыларға алғыс білдіріп, Отбасына амандық тілейміз!💐