“Әкем, шешем және мен” атты отбасылық жарыс өтті
Мектебімізде Отбасы күніне орай Сарқан аудандық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы мен мектебіміздің дене шынықтыру пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 3 сыныптар арасында “Әкем, шешем және мен” атты отбасылық жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Дюсембековтар отбасы І орын, Аязбаевтар отбасы ІІ орын, Смахановтар отбасы ІІІ орынмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысқан отбасыларға алғыс білдіріп, Отбасына амандық тілейміз!💐