“Отбасы - бақыт бесігі”
Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. 27.10.2023 жылы “Отбасы - бақыт бесігі” тақырыбында Абай атындағы мектеп - гимназиясында ата аналарды педагогикалық тұрғыдан қолдау аясында ата - ана жиналысы өтті. Ата - аналарға балаларының бақыты мен өміріне жауапкершілігі, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген отбасылық тәрбие әдістері көрсетілді.