Материалы за Сәуір 2019 года » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72839) 2-19-33
bookkeeping:
+7(72839) 2-19-33
Version for
visually impaired
» Материалы за Сәуір 2019 года
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
АУДАНДЫҚ АБАЙ ОҚУЛАРЫ
26
сәуір
2019
АУДАНДЫҚ АБАЙ ОҚУЛАРЫ
Аудандық Абай оқулары байқауы. 📆26.04.19жыл. ⏰10:00де "Сарқан аудандық білім бөлімі"-нің ұйымдастыруымен Абай атындағы мектеп гимназиясында Абай өлеңдерін жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында аудандық Абай оқулары байқауы өткізілді. Аталмыш байқауға ат артып ауданымыздың барлық округтерінен келген өнерлі балалар көп болды. Байқау барысында жас əншілер ақынның өлеңіне жазылған əндерді нақышына келтіріп орындаса, жас ақындармен жазушылар Ұлы Абайға арнап арнау, эссе жазып, өз бақтарын сынады.
ЖАС СҰЛТАН
25
сәуір
2019
ЖАС СҰЛТАН
"Жас Сұлтан - 2019" мектепшілік байқауы. 📅25.04.2019жыл. ⏰15:00де Абай атындағы мектеп гимназиясының "Өзін өзі басқару" ұйымының ұйымдастыруымен оқушыларды жан-жақты дамыту мақсатында 8-10 сыныптар арасында "Жас Сұлтан - 2019" байқауы өткізілді. Байқау барысында мектеп көлемінен 5 оқушы қатысып, өзара бақ сынасты. Байқау қызу да, қызықты оқушыларымызға үлгі болатындай қатысушылар өнерлерін көрсетіп, өз деңгейінше марапатталды. Бас жүлдені 8"а" сынып оқушысы Үпі Абай иеленгенімен аудандық "Жігіт
Үкілі үміткер үмітті ақтады
16
сәуір
2019
Үкілі үміткер үмітті ақтады
Үкілі үміткер үмітті ақтады Бабалардың сырлы сөзін бойына қуат еткен ұлы ұрпақ туған дала-қазақ даласы десек қате айтпаған болар едік. Қазақтың тау тұлғаларының шығармаларын кең дәріптейтін қасиетті орын - мектеп. Білімнің қайнар көзін, асулардың белесін алар үздіктер тәрбиелеуде ұлағатты ұстаздардың еңбегі ерен десек те болады. «Білімдінің күні жарық дегендей» балалардың ақын шығармаларын оқуына, оларды тануына ықпал ететін сайыстардың көп болғаны көңіл қуантарлық жағдай. Десек те, телефонға
Волейбол жарысы
10
сәуір
2019
Волейбол жарысы
6 наурызда 7-8 сыныптар арасында «8 наурыз Халықаралық арулар күні мерекесіне» орай волейболдан жарысты дене шынықтыру пәнінің ұстаздары А.Мырзахметов. А.Аухадиев ұйымдастырып өткізді. Жарыс нәтижесінде І орын 8 б сынып, ІІ орын 7 б сынып, ІІІ орын 7 ә сынып иеленді.
Көңілді эстафеталық жарыс
10
сәуір
2019
Көңілді эстафеталық жарыс
26 ақпан мектепішілік 5 сыныптар арасында «Кеңес әскерлері шектелген контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылуына 30 жыл толуына орай» көңілді эстафеталық жарысты дене тәрбиесі мұғалімдері ұйымдастырып өткізді. І орын 5 а сынып, ІІ орын 5 б сынып, ІІІ орын 5 ә сынып иеленді.
Шахматтан жарыс
10
сәуір
2019
Шахматтан жарыс
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н. Дюсембековтың ұйымдастыруымен 15 ақпанда мектепішілік аралас сыныптар арасында шахматтан жарыс өткізілді. Ұлдар арасында І орынды Хапез Үмбет 6 а сынып, ІІ орын Шегеубек Аслан 7 б сынып, ІІІ орын Тұрдыбек Дәлел 6 а сынып оқушылары иеленді. Қыздар арасында І орынды Қутбек Каусар 5 а сынып, ІІ орын Әділқожа Нұрай 6 ә сынып, ІІІ орын Жұмаш Айша 6 а сынып оқушылары иеленді.
Тоғызқұмалақ жарыс
10
сәуір
2019
Тоғызқұмалақ жарыс
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Ақбаевтың ұйымдастырумен 25 қаңтарда мектепішілік аралас сыныптар арасында тоғызқұмалақ жарыс өткізілді. Ұлдар арасында І орынды Мейрамбай Арман 5 а сынып, ІІ орын Тұрдыбек Дәлел 6 ә сынып, ІІІ орын Шегеубек Аслан 7 б сынып оқушылары иеленді. Қыздар арасында І орынды Сағымбет Алтынай 6 ә сынып, ІІ орын Бегалы Саяла 7 б сынып, ІІІ орын Аұылбекова Анель 6 б сынып оқушылары иеленді.
«Қош келдің наурыз!»
10
сәуір
2019
«Қош келдің наурыз!»
«Қош келдің наурыз!» тақырыбында 20 наурыз күні 1-11 сыныптар аралығында ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Биыл да мектебіміз алаңға наурыз көжелерін, ұлттық тағмадарды халыққа ұсынды.
Халықаралық әйелдер мерекесі
10
сәуір
2019
Халықаралық әйелдер мерекесі
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне ата-аналарға арналып ашық тәрбие сағаттары және мектепалды даярлық топтарының ертеңгіліктері өтті. «Аяулы асыл жандар» атты тақырыпта өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 6 наурыз ұстаздарға арналған концерттік кеш өткізді, 7 наурыз мектеп қыздарына шағын концерттерін қойып берді.
Өз қолыммен жасаған сыйлық
10
сәуір
2019
Өз қолыммен жасаған сыйлық
6 наурыз күні 5-7 сыныптар арасында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Өз қолыммен жасаған сыйлық!» тақырыбында көркем еңбек бөлмесінде көрме қойылды. Көрмеге оқушылар өздерінің қолымен аналарына жасаған сыйлықтарын қойды.