Мектепішілік семинар » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72839) 2-19-33
bookkeeping:
+7(72839) 2-19-33
Version for
visually impaired
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
06
қаңтар
2023

Мектепішілік семинар

  Оқыту сапасын көтеру – бүгінгі техникасы қарыштап дамыған өркениетті заманның өзекті мәселесі. Ғалымдар мен мұғалімдерді осы мәселе қатты ойландырады. Қазақ педагогикасы мен мектебі алдында білім, тәрбие берудің тың жаңашыл бағыттары жолға қойылуда. Олар – оқу, тәрбие, даму процестерін жандандыру. Бұлардың барлығы жеткіншектерге жүйелі білім , саналы тәрбие беру ісіне тәуелсіз ел талабы тұрғысынан қарау қажеттігінен туып отыр.
  Мектептегі әдістемелік қызметтің мақсаты-мұғалімдердің кәсіби шеберлік деңгейін үздіксіз жетілдіру, білім сапасын көтеру мақсатында жаңа технологияларды меңгеру.Мектептегі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда кез-келген педагогикалық ұжым өзіндік бағыт- бағдарын ұйымдастыру формаларын анықтайды.
Қазақстандық ғалым Ф.Я.Вассерман көптеген қазақстандық және халықаралық педагогтардың тәжірибесін оқып зерттеп, «Биоақпараттандыру және синергетика» (БиС) білім беру технологиясын тамаша қарастырып, оқыту сапасының нормативтік көрсеткішін құрды. Автордың жасаған қорытындысы бойынша оқыту сапасын басқару -оқыту нәтижесін толық көрсететін көрсеткіштер мен критерийлердің талабын орындауға бағытталу, оқытудың сапасын нақты анықтайтын стандарттық өлшемдер жүйесін құру. Сонда ғана сапаның нақты көрсеткіштері көрінеді. Өлшем нормаларының бірі – тапсырманы орындау уақыты. Оқу процесін дамытуда «БжС» білім беру технологиясын ойлану жылдамдығын арттыру еске сақтауда, оқу үлгілерінің сапасын жаңартуда, оқу материалын игеруде үлкен жетістіктерге жеткізетіні тәжірибеде дәлелденіп отыр. Ф.Я.Вассерманның «Биоақпараттандыру және синергетика» білім беру технологиясында оқытылатын пәндердің оқу материалының меңгерілуіне сәйкес келетін қажетті технологиялық карталар құрылымын да ұсынған. Осы орайда директордың әдістеме жөніндегі орынбасары Сандуғаш Бауыржагқызы мен Жазира Тоқтарқызы 2 күн оқыту жұмысын жүргізді. Алдағы уақытта барлық пән мұғалімдерін жұмылдыру қарастырылуда.