02
қыркүйек
2024
Баяхметова Гулизат Жанахметовна
Баяхметова Гулизат Жанахметовна 1969 жылы 11 мамырда қазіргі Жетісу облысы Сарқан ауданы Көкжиде ауылында қарапайым отбасында дүние есігін аштым. Әкем-киномеханик,анам-наубайшы болып еңбек етті. Отбасымызда 11 бала, оның ішінде 3-ұл, 8-қыз бала тәрбиеленді. Мен сол 11 баланың 6-шы баласы болдым. 1976 жылы мектеп табалдырығын аттап,1984 жылы 8 жылдық білімімен Панфилов педагогикалық училищесіне бастауыш сынып мұғалім мамандығына түстім. Аталған оқудың 1988 жылы тәмәмдап,өзім тұрып жатқан Көкжиде ауылымның Ерікті орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып қабылдандым. 1990 жылы тұрмыс құрып, 3 баланы дүниеге әкелдім. 2000 жылы отбасыммен Сарқан қаласына көшіп келіп, Абай атындағы мектеп гимназияда бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етіп келемін. 2003-2006 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтына түсіп,қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп шықтым.