Ерболаева Лязат Айғалиқызы » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72839) 2-19-33
bookkeeping:
+7(72839) 2-19-33
Version for
visually impaired
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
29
қыркүйек
2022

Ерболаева Лязат Айғалиқызы

Қазақтың қаны бір, жаны бір ұлттық жолбасшысы – мұғалім.   

                                                                                М. Жұмабаев

...Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада

Болу керек құдіретті төрт ана:

ТУҒАН  ЖЕРІ – түп қазығы, айбыны,

ТУҒАН  ТІЛІ – сатылMayтын байлығы,

ТУҒАН  ДӘСТҮР, САЛТ – САНАСЫ – тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және  ТУҒАН  ТАРИХЫ, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да, - деген заманымыздың заңғар ақыны Мұхтар Шахановтың осы бір өлең жолдары менің өмірлік  педагогикалық   ұстанымым.

     Бүгінгі таңда Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне ену қажеттілігі көтеріліп отырған кезеңде білім беру мәселесін, таптауырын әдіс – тәсілдерді инновациялық  үрдістермен алмастыру арқылы жалпы білім сапасын арттыру көзделген. Осы орайда әрбір мұғалім жаңа технологияларды терең талдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдауы тиіс.

     Сонау ХХ ғасырдың басында Ж. Аймауытов: «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол – жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деген екен. Ұстаз пән мұғалімі ретінде қай технологияны, қандай әдіс – тәсілді таңдаса да өз еркі. 

     Ал мен пән мұғалімі ретінде  әрбір сабағымда қай озық технологияны игерсем де, қандай да бір әдіс – тәсілдерді қолдансам да ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен бабаларымыз қорғаған ТУҒАН ЖЕРДІ қастерлеуге, қазақ халқы үшін әдебиет пен мәдениеттің тілі, ғылым мен білімнің тілі, түрлі іс қағаздарының тілі, көркем әрі бай ТУҒАН ТІЛІМІЗДІ құрмет тұтуға, ұлттық тамаша САЛТ – ДӘСТҮРІМІЗДІ ұмытпауға, сан ғасырлық ТАРИХЫМЫЗДЫ таразылай білуге үйретемін. 

     Туған тілін, жерін, салт – дәстүрін, тарихын сүйе білген оқушы білімге іңкәр,  жақсылыққа құмар, жүрегі кең, жаны жайсаң, шешендік өткір тілмен сөйлей алатын, ойын анық жеткізетін, жеке тұлға ретінде қалыптасқан азамат болары сөзсіз.Қоғам бізден жан-жақты жетілген, рухани бай жаңа заман  адамдарын тәрбиелеуді талап етеді.

     Қазіргі заманауи ұстаздардың алдында өз халқының   мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы, басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам тәрбиелеу міндеті тұр.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – көңілдің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы!

   Осы бір шумақ өлең ұстаздар қауымына, олардың бар болмысына, атқарған қызметтеріне берілген үлкен баға ісптті.

     Халқымыздың ұлы ағартушысы, тамаша педагог Ыбырай Алтынсарин: «Халық мектептері үшін ең керектісі – оқытушы, тамаша жақсы педагогика құралдары да, оқытушыға тең келе алMayды»,- деп, ұстаз туралы келелі ой түйген, өйткені пәнді меңгеру бар да, оны оқушы санасына жеткізе сіңіру бар. Сонда ғана мұғалім оқытушы дәрежесіне көтеріле алады. Адам баласы ізденуді, оқуды тастаған сәттен бастап бәрінен сырттадым дей беруі керек. Сондықтан өмірге деген сеніміңді жоғалтпа. СЕНІМ – жеңіске жеткізетін үлкен күш.