“Баланы жастан...Бала бойындағы дарындылық пен эрудицияны қалай дамытуға болады?” сабағы өтті » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72839) 2-19-33
bookkeeping:
+7(72839) 2-19-33
Version for
visually impaired
» » “Баланы жастан...Бала бойындағы дарындылық пен эрудицияны қалай дамытуға болады?” сабағы өтті
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
26
қаңтар
2024

“Баланы жастан...Бала бойындағы дарындылық пен эрудицияны қалай дамытуға болады?” сабағы өтті

26-қаңтар күні мектебімізде ата-аналарды қолдау бағытында: “Баланы жастан...Бала бойындағы дарындылық пен эрудицияны қалай дамытуға болады?” сабағы өтті. Мақсаты: Ата-аналардың үйде балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға бағытталған интеллектуалдық ойындар мен жаттығуларды қолдану дағдыларын дамыту.
Сабақ барысында ата-аналар танымдық ойынға: “Қорапта не бар?”, интеллектуалды ойынға “Шарды түсірмей есеп шығар”, Ұлттық ойынға: “Бес тас” және шығармашылық ойынға “Мамандықты іс-қимылмен тап” ойындары ойнатылды. Топпен жұмыстар жүргізілді. Музыкалық сергіту сәті де керемет өтті. Сабақтың соңында ата-аналар ұшаққа тілектерін жазып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдірді.
Өтілген шараға жауапты мамандар: Елубаева Лязат Алпысбаевна, Ноғайбаева Іңкәр Қажиахметқызы