20
қазан
2023
5 А сынып оқушыларымен “Қауіпсіз балалық шақ” тақырыбында тәрбие сағаты жүргізілді
5 А сынып оқушыларымен “Қауіпсіз балалық шақ” тақырыбында тәрбие сағаты жүргізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: балалардың құқығы мен қауіпсіздігін кеңінен насихаттап түсіндіру. Қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын сақтауға үйрету болып табылады. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында “Мен саған сенемін” тренингі жүргізілді.
Тәрбие сағатының барысында сынып оқушылары “ Бала құқығы” және “Балалар қауіпсіздігі” деген аса ауқымды екі тақырыпта өзара ой бөлісті. Ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Сабақтың соңында “ Кішкентай адам” атты әнді орындап жақсы көңіл-күймен сабақты қорытындылады. Әннің мәтініне мән берген оқушылар “ата-аналары шексіз армандап өмірге әкелгендіктерін, бұл өмірде жақсы мен жаман қатар жүретіндігін” айтып кері байланыс қалдырып жатты.