02
наурыз
2023
"Дабыл,дабыл" қорғаныс жаттығулары өткізілді
Мектебімізде 2022-2023 оқу жылы жоспарына сай 01.03.2023 күні Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай "Дабыл, дабыл" қорғаныс жаттығулары өткізілді. Жаттығу адамдарды ғимараттан шұғыл эвакуациалау іс - шараларын ұйымдастыру, төтенше жағдайға дайындық оқу жаттығуларын қамтыды. Табиғи апаттар: Су тасқыны, Жер сілкінісі, Қар көшкіні, Өрт қауіпсіздік іс-әрекеттері оқушылар мен ұстаздар, кіші қызметкерлерге түсіндірілді. Мектебіміздің "Жас құтқарушы" жасағының алғашқы медициналық көмек түрлері көрсетілді.