16
желтоқсан
2021
Ауданды дамытуға қосқан зор үлесі үшін мемлекеттік награда
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Аудандық мәдениет үйінде Сарқандықтарды аудан әкімі Талғат Қанатұлы ауданды дамытуға қосқан зор үлесі үшін мемлекеттік наградаларды тапсырды.
Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Бекболатова Дана Қайролдановна "Елдіктің 30 жылдығына арналған мерекелік медалімен" марапатталды.
Шара марапаттау рәсімімен жалғасып, өз саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізген аудан жастарына аудан әкімі Талғат Қанатұлы «Жыл үздігі-2021» жастар сыйлығын салтанатты түрде табыс етті.
Бұл шараның басты мақсаты – ауданымыздың өркендеуіне өз үлестерін қосып келе жатқан жас азаматтарды елге таныстыру. Салтанатты шарада аудан әкімі барша жүлдегерлерді қуанышты күндерімен құттықтап, өз алғысын білдірді.
Мектебіміздің мұғалімдері Нурпейсов Абай Серікқазыұлы «Жас ұстаз» номинациясымен марапатталса, Жәпеков Акниет Болатұлы «Жас өнерпаз» номинациясын ұтып алды. Марапаттарыңыз құтты болсын қадірменді ұстаздар!