Ы.Алтынсарин шығармаларының ХХІ ғасыр қоғамында көрініс табуы » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72839) 2-19-33
bookkeeping:
+7(72839) 2-19-33
Version for
visually impaired
» » Ы.Алтынсарин шығармаларының ХХІ ғасыр қоғамында көрініс табуы
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
22
қазан
2021

Ы.Алтынсарин шығармаларының ХХІ ғасыр қоғамында көрініс табуы

Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар.
Рас, бұл жолдар еңбек етудің артында асқақ абырой мен толағай табыстың жатқаны сөзсіз. Бүгінгі қоғам үшін үлгі болар тұлғалар осы ойдың дәлелі. Қоғам жекелеген адамдардан тұрады. Жекелеген адамдардың санасында еңбек құндылығының төмен болуы олардың еріксіз азғындауына, сөйтіп кісілік келбетін жоғалтуға алып келеді. Бұл үдеріс өз кезегінде жалпы қоғамның азып-тозуына себеп болып, қоғамдық дағдарыс пен үйзелісті көбейтеді. Біз бүгін ортаға салып отырған Ыбырай Алтынсарин шығармаларының қазақ әдебиетіндегі еңбек пен білім сөзінің зерделеніп, бүгінгі күнде қолданылып көрініс табуы-тақырыптың өзектілігі осында деп айтуға болады. Оқыған, еңбек еткен адам айналаны танып, ақ пен қараны ажыратуға санасына салмақ салады. Санаға салмақ салу-әрекет. Әрекеттен –нәтиже.
       Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен сайыста мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімдері Мағзұмқызы Ақбота мен Сандуғаш Бауыржанқызы өз жұмыстарымен бөлісті. Жеңіс тілейміз, сіздерге!