Алғыс хат » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72839) 2-19-33
bookkeeping:
+7(72839) 2-19-33
Version for
visually impaired
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
09
сәуір
2024

Алғыс хат

Құрметті Саурбаева Сауле Дауленбайқызы, сізге және өзіңіз басқарып отырған ұжымыңызға үлкен алғыс білдіреміз. Өскелең ұрпақтың  әлемдік стандартқа сай мектепте сапалы білім алып, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау жолында материалдық-қаржылай көмек көрсетіп, шексіз күш жұмсағаныңыз үшін мектеп ұжымы, оқушылар мен ата-аналардың атынан рахмет айтқымыз келеді. Осындай  игі істі жалғастыруда жұмысыңызға сәттілік, шабыт және шыдамдылық тілейміз! Білім беру саласына инновациялық озық білім мен ғылымның заманға сай оқу- тәрбие үрдісін жүргізуге, қалыптастыруға қосқан үлесіңіз баға жетпес екені сөзсіз. Сіздер берген құрал-жабдықтарды пайдаланып, оқушыларымыздың жақсы нәтижеге жетуіне жұмыс істейтінімізге сенім білдіреміз. Бүгінгі күні сіздің тарапыңыздан балаларға жасалып жатқан қолдауыңыз-ауыл балаларының  болашаққа нық қадам басуына, жаңа Қазақстанның өркендеп–өсуіне өз үлесін қосатын, еңбекқор, білімді, креативті, патриот  азаматы болуға жасаған мүмкіндігіңіз. Халқымыз бен Отанымыздың игілігі үшін  жасаған еңбегіңізбен сіз құрметті азамат атағына лайықсыз, үлкен жауапкершілікпен төзімнің символысыз. Ынтымақтастық қатынаста болғанымыз үшін ризашылық білдіреміз. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға бақыт және береке-бірлік тілейміз. Жұмысыңыз гүлдене берсін!

Ізгі ниет пен және құрметпен Абай атындағы мектеп- гимназия директоры Ж.Бершимбекова және ұжым мүшелері.