Эстетикалық пәндер бірлестігінің апталығы » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72839) 2-19-33
bookkeeping:
+7(72839) 2-19-33
Version for
visually impaired
» Эстетикалық пәндер бірлестігінің апталығы
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
26
ақпан
2020

Эстетикалық пәндер бірлестігінің апталығы

Абай атындағы мектеп гимназияда 3-7 ақпан аралығында эстетикалық пәндер бірлестігінің апталығы өтті. Апталық бойынша жоспар құрылып, бекітілді. Музыка пәні мұғалімі Балхаш Айдарханова 4б сыныбымен "Музыкадағы жыл мезгілдері", 2ә сыныбымен "Ас- адамның арқауы" такырыптарында ашық сабақ өткізсе, технология пәнінің мұғалімі Джилкибаев Бекқали 5в сыныбымен "Сыртқы және ішкі сызықтар арқылы бұйымды қыларамен көркемдеп аралау", 7а сыныбымен "Ағаштан жасалған бұйымды өңдеу" атты тақырыптарда ашық сабақ беріп 5 сыныптар арасында "Өнерлі жігіттер" сайысын өткізді. Қыздар технология пәні мұғалімі Имангазиева Гульмира 6а сыныбымен" Фетр матасымен сыйлық жасау", 9ә сыныбымен " Мата қиындыларымен жұмыс" такырыптарында ашық сабақтар өткізді. Ұстаздар сабақтарында әдіс-тәсілдерді түрлендіріп қолданды. Пәннің мақсаты: оқушыларды сұлулыққа,
еңбексүйгіштікке баулитын болғандықтан өткізілген ашық сабақтар өте қызықты болды.