рухани жанғыру » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
ақпан
2018

рухани жанғыру

«Ата –баба дәстүрі- ұрпаққа аманат»
Абай атындағы мектеп гимназияда 8- ақпан күні мектеп кітапхана меңгерушісі Сиязбаева Шолпан Жұмағалиқызының ұйымдастыруымен «Ата –баба дәстүрі- ұрпаққа аманат» атты сайыс өтті. Оған екі сыныптан «Алғыр» және «Талапкер» тобы құрылып бақ сынасты. Сайыс 7 кезеңнен тұрды.
1.кезең . «Таныстыру»
2.кезең. «Салт – дәстүрді білесіз бе?».
3.кезең. «Атадан қалған асыл сөз».
4.кезең. Көрініс.
5.кезең. «Мақал-сөздің мәйегі ».
6.кезең. Өз өнерлерін көрсету.
7.кезең. Интелектуалды сұрақ.
Осы сайыста көрермендерге ерекше ұнаған көріністер «Баланы қырқынан шығару» және ұмытылып бара жатқан ырымдардың бірі «Баланың бауырынан табақ өткізу». Бұл ырымды екі жасқа жеткенше жүрмеген балаға «Тез жүрсін»,- деген тілекпен жасалады екен. Сайыс барысында екі топта ерекше дайындықпен келгені анықталды. Әділқазылардың бағалауымен екі топқа да бірдей ұпай беріліп, мақтау қағазымен марапатталды. Осы іс-шара салт-дәстүрімізді жаңғырта отырып «Рухани жаңғыру ұлт рухының арқауы» жарқын болашаққа бастама екенінің айғағы болды.

Похожие публикации:

05 ақпан 2018 "Жас маман-2018"
24 қазан 2017 Рухани жаңғыру