Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Жақын болашақ"

Автор: admin от 5-02-2018, 03:37, посмотрело: 112

0 «Жарқын болашақ»
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен сапалы білім беру арқылы Абай атындағы мектептің педагогикалық ұжымы көптеген жетістіктерге жетуде. 1.01.2018 жылы Алмалы орта мектебінде өткен аудандық «Жарқын болашақ» олимпиадасыннан да оқушыларымыз жүлделі орындармен оралды. Атап айтсақ: 9-сынып оқушысы Бекболат Амина мен Өмірбек Жұпар «Жас ғалымдар» бағыты бойынша бас жүлдені иеленіп, облысқа жолдама алса, 11-сынып оқушысы Исатай Айман-1 орын, 11-сынып оқушысы Сиқымбай Балжан 2-орын, Дүйсенбек Шуақбол-3-орын иеленіп мектебіміздің мерейін үстем етті.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға — мұғалім екені анық. Осы орайда осы оқушыларды баптап бәйгеге қосып отырған ұлағатты ұстаздарымыз: Ерболаева Лазат,Арғынбаева Аида,Төребек Сандуғаш, Мақатаев Мұқағалидың еңбектері зор.


"Жақын болашақ"
"Жақын болашақ"

Категория: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

 

рухани жанғыру

Автор: admin от 12-02-2018, 22:01, посмотрело: 108

0 «Ата –баба дәстүрі- ұрпаққа аманат»
Абай атындағы мектеп гимназияда 8- ақпан күні мектеп кітапхана меңгерушісі Сиязбаева Шолпан Жұмағалиқызының ұйымдастыруымен «Ата –баба дәстүрі- ұрпаққа аманат» атты сайыс өтті. Оған екі сыныптан «Алғыр» және «Талапкер» тобы құрылып бақ сынасты. Сайыс 7 кезеңнен тұрды.
1. кезең . «Таныстыру»
2. кезең. «Салт – дәстүрді білесіз бе?».
3. кезең. «Атадан қалған асыл сөз».
4. кезең. Көрініс.
5. кезең. «Мақал-сөздің мәйегі ».
6. кезең. Өз өнерлерін көрсету.
7. кезең. Интелектуалды сұрақ.
Осы сайыста көрермендерге ерекше ұнаған көріністер «Баланы қырқынан шығару» және ұмытылып бара жатқан ырымдардың бірі «Баланың бауырынан табақ өткізу». Бұл ырымды екі жасқа жеткенше жүрмеген балаға «Тез жүрсін»,- деген тілекпен жасалады екен. Сайыс барысында екі топта ерекше дайындықпен келгені анықталды. Әділқазылардың бағалауымен екі топқа да бірдей ұпай беріліп, мақтау қағазымен марапатталды. Осы іс-шара салт-дәстүрімізді жаңғырта отырып «Рухани жаңғыру ұлт рухының арқауы» жарқын болашаққа бастама екенінің айғағы болды.
рухани жанғыру
рухани жанғыру

Категория: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

 
https://www.google.ru/search?q=%D1%80%D1%83%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B8+%D0%B6%D0%B0%D2%A3%D2%93%D1%8B%D1%80%D1%83+%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D0%B0%D1%88%D0%B0%D2%9B%D2%9B%D0%B0+%D0%B1%D0%B0%D2%93%D0%B4%D0%B0%D1%80+%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%BE%D1%82%D0%B8%D0%BF&newwindow=1&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwj29YWJ7IjXAhWya5oKHbKQAy0Q_AUICygC&biw=1396&bih=668&dpr=1.38#imgrc=LDoSDVlCzV6rKM:

Жас дарындар біріксе…Аудан мектеп оқушылары брейн-рейнг ойынына қатысты

Автор: admin от 15-12-2017, 00:48, посмотрело: 185

7 Жас дарындар біріксе…
Аудан мектеп оқушылары брейн-рейнг ойынына қатысты

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады», -дегендей Абай атындағы мектеп гимназияның директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалиев Дастан Ерланбекұлы аудандағы мектеп оқушыларын "Брэйнг-ринг" зияткерлік ойынына қатыстырып, білімдерін сынады.
Ойынның мақсаты -жастардың білімдерін арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, интеллектуалдық деңгейін жетілдіру және оқушылар арасындағы байланысты нығайту. Сайысқа 6 команда қатысып, әр түрлі сала бойынша қойылған сұрақтарға 30 секунд ішінде жауап берді. Аталмыш сайыста оқушылар өздерінің ұшқыр ойларын және тапқырлықтарын көрсете білді. «Жас білек біріксе, алынбас асу болмасы анық»- дегендей ойын соңында Абай атындағы мектеп гимназия директоры Есенгулова Нүрзиля Бақытжанқызы марапаттау қағаздарын тапсырды. І орынды – Абай атындағы мектеп гимназия оқушылары, ІІ орынды – Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп оқушылары, ІІІ орынды – Екіаша мектеп оқушылары алса, оқушылар арасында өзінің ерекшелігімен көзге түскен оқушылар ынталандыру қағазымен марапатталды. Ойынға жан-жақты, сырты келбетімен ерекше дайындықпен келген Екіаша мектеп оқушыларын мектеп басшысы ерекше атап өтті.
Бұл сайыс тәуелсіздігіміздің 26 жылдығымен, «Рухани жаңғыруды» басшылыққа алып жүргізілді.

Жас дарындар біріксе…Аудан мектеп оқушылары брейн-рейнг ойынына қатысты
Жас дарындар біріксе…Аудан мектеп оқушылары брейн-рейнг ойынына қатысты
Жас дарындар біріксе…Аудан мектеп оқушылары брейн-рейнг ойынына қатысты

Категория: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ, Оқушылар жетістіктері

 

ҰЛЫ АРМАНДАРДЫҢ БАСТАЛУЫ

Автор: admin от 15-12-2017, 00:31, посмотрело: 259

0 Жас ұрпақты отансүйгіштікке, туған жерді қадірлеуге тәрбиелеуде Ел басы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызы зор. Алматы қаласында 4-6 желтоқсан аралығында «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ творчествалық ғалымдар Ожағының ұйымдастырумен Қ.Р Тәуелсіздік құрметіне арналған «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында «МӘҢГІ ЕЛ-ҚАЗАҚСТАНЫМ!» атты ғылыми пракиткалық конференция және өнер фестивальі өтті. Оған Абай атындағы мектеп гимназияның түрлі пәндік үйірмелерінен оқушылар қатысты. Ағылшын тілі пәні бойынша 2 сынып оқушысы Қуатбек Балжан, Бақытжан Айғаным, Әлімғазы Мөлдір 1 орын.Жетекшісі Әлжанова Жадыра Тілеуқожақызы. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту бойынша «Көркем сөз» номинациясынан Қуатбек Гүлжайна бас жүлде, Әмір Әйгерім 1 орын, Кәрім Ясмина 2 орын. Жетекшісі Мағзум Ақбота.Шахмат үйірмесі бойынша екінші сынып оқушысы Нұржан Ералы бас жүлде иеленсе, бала кезінен шахматқа деген қызығушылығын оятқан атасы Орыспаев Нұржан құрмет граматасымен марапатталды. Жүлдегер оқушылар Дубай қаласына жолдама алды. Ұлы армандардың бастауына жол ашып, «Бұлақ көрсең-көзін аш»деген қағиданы басшылыққа алып жүрген шығармашыл ұстаз Смаханова Улжан Озбекханқызының осы жұмысты ұйымдастыруда еңбегі шексіз. Абай атындағы мектеп гимназиядан әліде талай дарындылар шығатынына кәміл сенеміз.
ҰЛЫ АРМАНДАРДЫҢ БАСТАЛУЫ
ҰЛЫ АРМАНДАРДЫҢ БАСТАЛУЫ
ҰЛЫ АРМАНДАРДЫҢ БАСТАЛУЫ
ҰЛЫ АРМАНДАРДЫҢ БАСТАЛУЫ
ҰЛЫ АРМАНДАРДЫҢ БАСТАЛУЫ
ҰЛЫ АРМАНДАРДЫҢ БАСТАЛУЫ
ҰЛЫ АРМАНДАРДЫҢ БАСТАЛУЫ
ҰЛЫ АРМАНДАРДЫҢ БАСТАЛУЫ

Категория: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ, Оқушылар жетістіктері

 

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ-ДАМУДЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ» атты Республикалық оқушылар байқауы

Автор: admin от 14-12-2017, 23:22, посмотрело: 227

0 «Нұр-ДаЛа» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен 4 қыркүйек-14 қазан аралығында «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ-ДАМУДЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ» атты Республикалық оқушылар байқауында 3,4,6,7,11 сынып оқушылары қатысып жүлделі орындар алып марапатталып мектептің абыройын асқақтатты. Осындай іс-шаралар оқушылардың шығармашылығын шыңдап, дарынды тұлғаларымыздың санын арттыруда. Мектебіміздің 11 сынып оқушысы Мұнатбек Қалия «Жас ақын» номинациясы бойынша Бас жүлде, 3 сынып оқушысы Райымбекова Аяулым «Жас ақын » номинациясы бойынша 1 орын , «Сурет» номинациясы бойынша Русланқызы Дамира 2 орын, 6 сынып оқушысы Әлімғазы Мөлдір «Эссе,Шығарма» номинациясы бойынша 1 орын , 7 сынып оқушысы Ерік Дилназ «Жас ақын»номинациясы бойынша Бас жүлде, 4 сынып оқушысы Кәрім Бибол «Сурет» номинациясы бойынша 1 орын, Бейісбек Назым «Эссе.шығарма» номинациясы бойынша 1 орын . Осы оқушылардың дарындылықтарын, шығармашылығын байқайтын ұстаз көреген,білімді тұлға десек артық атқанымыз емес. Осы оқушыларды дайындаған тәлімгерлері Бекболатова Д.Қ, Мағзум А, Арғынбаева А.Е, Нурпейсоа А, Төлеулина Н.
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ-ДАМУДЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ» атты Республикалық оқушылар байқауы
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ-ДАМУДЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ» атты Республикалық оқушылар байқауы
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ-ДАМУДЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ» атты Республикалық оқушылар байқауы
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ-ДАМУДЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ» атты Республикалық оқушылар байқауы

Категория: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ, Оқушылар жетістіктері

 
https://www.google.ru/search?q=%D1%80%D1%83%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B8+%D0%B6%D0%B0%D2%A3%D2%93%D1%8B%D1%80%D1%83+%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D0%B0%D1%88%D0%B0%D2%9B%D2%9B%D0%B0+%D0%B1%D0%B0%D2%93%D0%B4%D0%B0%D1%80+%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%BE%D1%82%D0%B8%D0%BF&newwindow=1&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwj29YWJ7IjXAhWya5oKHbKQAy0Q_AUICygC&biw=1396&bih=668&dpr=1.38#imgrc=LDoSDVlCzV6rKM:

Болам деген баланың -белін буған мектеп.

Автор: admin от 6-12-2017, 02:45, посмотрело: 130

0 Дарындылық- туа біткен қасиет, бірақ оны анықтап-дамыту тек қана үйден басталмайды, дарындылықты анықтап-дамытудың негізгі бастамасы мектептің табалдырығынан бастама алады. Ағымдағы жылдың қараша айының 29 жұлдызында Алматы қаласында өткен «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасының Рәміздеріне 25 жыл, Қазақстанның БҰҰ (ООН) қабылдануына 25 жыл құрметіне арналған, «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында «МӘҢГІЛІК ЕЛ, ҚАЗАҚСТАНЫМ!»атты оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы фестивальден Абай атындағы мектеп гимназияның оқушылары:
Бектемисова Фатиманың ғылыми-практикалық жұмысы Бас жүлде,
«Эстрадалық өнер»номинациясы бойынша Дүйсенбек Шуақбол Бас жүлде ,
«Көркем сөз» номинациясы бойынша:Тұрдыбек Жандарал Бас жүлде,
«Көркем сөз» номинациясы бойынша: Тұрсынғали Дана І орын ,
«Көркем сөз» номинациясы бойынша: Кененбай Мади І орын ,
«Көркем сөз» номинациясы бойынша: Хапез Абылай ІІ орындармен марапатталды.
Жоғарыда аталған оқушыларға «Бейбітшілік әлемі» (Планета мира- World of peace) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІРЛЕСТІГІнің ұйымдастыруымен Бірікке Араб Әмірлігі Дубай қаласында өтетін Ұстаздардың, Оқушылар мен Ата-Аналардың «Дубай - 2018» Халықаралық Достық форумы, Өнер фестивалі мен Ғылыми конференциясына шақырту хатын алуы, Ата-аналар мен қатысушы оқушыларға үлкен мәртебе болды. Жеңімпаздарды мектеп директоры Н.Есенгулова ерекше құрметпен қабылдап, мектепішілік жиында жеңімпаз оқушылар мен ата-аналарын салтанатты саппен жүргізіп, марапаттарын табыс еттіп, демеушілерге зор құрмет көрсетуі тәрбиелік маңызы зор шара болды.

Категория: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ, Мерекелік іс-шаралар, Оқушылар жетістіктері

 
 

«Брейн-ринг» ойындары

Автор: admin от 3-12-2017, 21:36, посмотрело: 152

0 Қараша айының 28 күні ҚР Президентінің «Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында Абай атындағы мектеп гимназиясында тұңғыш мекепішілік «Брейн-ринг» ойындары өтті. «Брейн-ринг» интеллектуалды ойыны 9-10 сыныптарды қамтыды. Бұл ойын барлық ғылым салаларын қамтитын сұрақтар мен тапсырмалар жиынтығы. «Брейн-ринг» ойындарының әділ қазы алқасы ретінде: А.Нурпеисов тарих пәнінің мұғалімі мен С.Төребек қазақ тілі пән мғалімдері сұрақтардың нақтылығы мен сараптау негізіне басшылық етті. Сонымен қоса бұл ойында тұңғыш рет «Timekeeper» сұрақтың уақытылы жауап берін қадағалады.
Бұл ойын барысында көрермендер де шетте қалмады, қорытынды балл шыққанша көрермендерге де жан-жақты сұрақтар қойылды.

Категория: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ, Мерекелік іс-шаралар

 

Бақытты отбасы

Автор: admin от 26-11-2017, 20:29, посмотрело: 238

0 Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз. «Отбасы шағын мемлекет» отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті. Осы орайда ауданымызда дәстүрлі игі шаралардың бірі 24 қараша күні «Бақытты отбасы- бақытты балалық шақ» партиялық жоба аясында бастауыш партия ұйымдары арасында өткізілген аудандық «Ең үздік отбасы» байқауы өткізілді.
Байқау мақсаты: Өскелең ұрпаққа отбасының маңызы мен міндетін үйрету, отбасылық сыйластықты сақтауға баулу.
Байқауға мектебіміздің ұстаздары Нурпейсов Абай мен жары Байжанова Айдана қатысқан болатын. Байқау жоғары деңгейде өткізіліп, байқау нәтижесі бойынша мектебіміздің намысын қорғап шыққан «Нурпейсовтер отбасы» жүлделі II орынды иеленіп, бағалы сыйлықпен марапатталды. Байқауға қатысқан әріптестеріміз бен өз демеушіліктерін көрсеткен мектеп ұжымымен мектеп директоры Н.Есенгуловаға алғыс білдіреміз.
Бақытты отбасы
Бақытты отбасы

Категория: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ, Мерекелік іс-шаралар, Мұғалімдер шығармашылығы

 

Республикалық байқау жеңімпаздары

Автор: admin от 7-11-2017, 04:42, посмотрело: 258

0 «Мереке» балалар мен жасөспірімдер продюсерлік орталығы 25-қазан – «Республика күніне» орай ұйымдастырып отырған Республикалық «Қазақстан – Республикам менің!» атты патриоттық ән-би байқауы 2017 жылдың 26-27 қазан күндері Алматы қаласы Қазақконцерт бірлестігінің концерт залында өтті. Байқаудың мақсаты:
- балалар мен жасөспірімдерді патриоттық тақырыптағы ән мен биге, жыр мен шығармаға баулу;
- Республика ұғымын терең түсіндіре отырып, Отанға, ел мен жерге деген патриоттық сезім ұялату;
- ақын-жазушылардың, композиторларлардың Республика, Отан, туған жер сынды патриоттық тақырыпта жазылған туындыларын қайта жандандыру.
Байқау жанрлары:
«Эстрадалық вокал»
«Көркем сөз»
«Хореография»
«Бейнелеу өнері»
«Қолөнер»
Қатысушылардың жас ерекшелігі:
6 – 9 жас аралығы – кіші топ
10 - 13 жас аралығы – орта топ
14 – 17 жас аралығы – жоғарғы топ
Абай атындағы мектеп гимназияда 1-11 сыныптар арасынан байқауға 11 оқушы жіберілді. Оқушыларымыздың әрқайсысы жүлделі орындармен оралды. «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша – І орын жүлдегері - Дүйсенбек Шуақбол- 8«ә» сынып оқушысы, дипломант иегері Кунусбеков Дамир- 8«ә» сынып оқушысы, жетекшісі – М.Мақатаев музыка пәні мұғалімі. «Көркем сөз» номинациясы бойынша бас жүлде 7 «а» сынып оқушысы Тұрсынғали Дана, жетекшісі - Д.Урумбазарова, І орын - Тұрсын Ерсайын 7«а» сынып оқушысы, жетекшісі-С.Шоманова, І орын-Омирбекова Балауса 3«а»сынып оқушысы,жетекшісі – Д.Бекболатова, І орын-Алпысбай Дильназ 3«ә»сынып оқушысы,жетекшісі – М.Уанбаева, ІІ орын - Кененбай Мәди 7«а»сынып оқушысы,жетекшісі Л.Ерболаева, ІІ орын-Жұмабек Альбина- 7«а»сынып оқушысы, жетекшісі А.Берлибекова,ІІ орын-Тұрдыбек Жандарал – 7 «а»сынып оқушысы,жетекшісі – С.Төребек, ІІІ орын - Сансызбаева Анар 2«а»сынып оқушысы,жетекшісі-Ш.Құрманғалиева. «Көркем сөз» номинациясының дипломанты - Уразмолда Айман- 5 «б»сынып оқушысы,жетекшісі-М.Разбеков.


Республикалық байқау жеңімпаздары

Категория: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ, Мерекелік іс-шаралар, Оқушылар жетістіктері

 
Назад Вперед