Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
Средня школа-гимназия имени Абая
отдела образования по Саркандскому району
управления образования Жетысуской области
Приемная
+7(72839) 2-19-33
Бухгалтерия
+7(72839) 2-19-33
Версия для
слабовидящих
» » Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу
10
апрель
2019

Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу

Февраль айында Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешін өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастырумен өтті. Кешке 9-11 сынып оқушылар қатысты.
Кештің мақсаты: Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру.
Шара ең алдымен дүниеден өткен, СССР кезінде Ауғанстанда совет күштерінің арнайы мақсаттағы тобын басқарған, «қара майор» лақап атымен әйгілі болған Борис Керімбаевты және ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды.
Ауған соғысының ардагерлері Ауғанстандағы әскери қызметі туралы естеліктермен бөлісті. Әрбір жауынгер-интернационалистің әңгімесі мен дембель альбомынан алынған фотосуреттері көрсетілген бейнероликтер қатысушыларымызға игі әсер етті.
Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу