Жас дарындар біріксе…Аудан мектеп оқушылары брейн-рейнг ойынына қатысты » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
Средня школа-гимназия имени Абая
отдела образования по Саркандскому району
управления образования Жетысуской области
Приемная
+7(72839) 2-19-33
Бухгалтерия
+7(72839) 2-19-33
Версия для
слабовидящих
» » Жас дарындар біріксе…Аудан мектеп оқушылары брейн-рейнг ойынына қатысты
15
декабрь
2017

Жас дарындар біріксе…Аудан мектеп оқушылары брейн-рейнг ойынына қатысты

Жас дарындар біріксе…
Аудан мектеп оқушылары брейн-рейнг ойынына қатысты

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады», -дегендей Абай атындағы мектеп гимназияның директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалиев Дастан Ерланбекұлы аудандағы мектеп оқушыларын "Брэйнг-ринг" зияткерлік ойынына қатыстырып, білімдерін сынады.
Ойынның мақсаты -жастардың білімдерін арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, интеллектуалдық деңгейін жетілдіру және оқушылар арасындағы байланысты нығайту. Сайысқа 6 команда қатысып, әр түрлі сала бойынша қойылған сұрақтарға 30 секунд ішінде жауап берді. Аталмыш сайыста оқушылар өздерінің ұшқыр ойларын және тапқырлықтарын көрсете білді. «Жас білек біріксе, алынбас асу болмасы анық»- дегендей ойын соңында Абай атындағы мектеп гимназия директоры Есенгулова Нүрзиля Бақытжанқызы марапаттау қағаздарын тапсырды. І орынды – Абай атындағы мектеп гимназия оқушылары, ІІ орынды – Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп оқушылары, ІІІ орынды – Екіаша мектеп оқушылары алса, оқушылар арасында өзінің ерекшелігімен көзге түскен оқушылар ынталандыру қағазымен марапатталды. Ойынға жан-жақты, сырты келбетімен ерекше дайындықпен келген Екіаша мектеп оқушыларын мектеп басшысы ерекше атап өтті.
Бұл сайыс тәуелсіздігіміздің 26 жылдығымен, «Рухани жаңғыруды» басшылыққа алып жүргізілді.