Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектеп әкімшілігі

Автор: admin от 18-04-2017, 00:26, посмотрело: 263

1

Есенгулова Нурзиля Бакытжановна

мектеп директоры

 

 Сембаева Жадыра Куситкановна

директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары

 

Мектеп әкімшілігі

 Берлибекова Асем Жаксыбековна

директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Смаханова Улжан Өзбекханқызы

директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары

 





Категория: Мектеп әкімшілігі

 

Алтын белгі

Автор: admin от 18-04-2017, 00:20, посмотрело: 260

1

Алтын белгі

 

Алтын белгі

 

Алтын белгі

 

Алтын белгі

 

Категория: Алтын белгі иегерлері

 
https://www.google.ru/search?q=%D1%80%D1%83%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B8+%D0%B6%D0%B0%D2%A3%D2%93%D1%8B%D1%80%D1%83+%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D0%B0%D1%88%D0%B0%D2%9B%D2%9B%D0%B0+%D0%B1%D0%B0%D2%93%D0%B4%D0%B0%D1%80+%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%BE%D1%82%D0%B8%D0%BF&newwindow=1&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwj29YWJ7IjXAhWya5oKHbKQAy0Q_AUICygC&biw=1396&bih=668&dpr=1.38#imgrc=LDoSDVlCzV6rKM:
 

Мектеп әкімшілігі

Автор: admin от 18-04-2017, 00:10, посмотрело: 225

1

 

Есенгулова Нурзиля Бакытжановна 

Мектеп директоры

 

 

 

Сембаева Жадыра Куситкановна

директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары

 

Мектеп әкімшілігі

 

Берлібекова Асем Джаксыбековна

 директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары

 

Смаханова Улжан Озбахановна

 

 

директордың ғылыми-әдістемелік орынбасары

 

 

Бекежанова Гульнара Нурсеитовна

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

 

Урумбазарова Данагул Мукатаевна

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары



 


 


 

 

 

 

Категория: Мектеп әкімшілігі

 

Сынып жетекшілер конкурсы

Автор: admin от 17-04-2017, 23:29, посмотрело: 242

1

Абай атындағы мектеп гимназияда1 наурыз көктемнің алғашқы күні мен алғыс айту күніне тұспа-тұс келген "Үздік сынып жетекшісі -2017” мектепішілік байқауы өтті. 
Байқаудың мақсаты: Байқау қазіргі қоғамдағы тәрбиенің ролін арттыру, тәрбиенің қазіргі технологияларын, жүйесін және жаңа түрлері мен әдістерін анықтау, сынып жетекшілерінің білімдерін, өнерлерін, тапқырлықтары мен тәрбие берушілік деңгейлерін сынға алу, көрсету.
Байқауға 5 сайыскер қатысты. 
Байқауымыздың кезеңдерінен өте келе әділқазылар алқасының шешімімен «Қамқор сынып жетекші-2017» номинациясын Тұрғанбаева Айжан, 3-орынды Унгирбаева Айгерім, 2 -орынды Биғожанов Руслан, 1 орынды Ноғайбаева Інкар, бас жүлдені Имангалиева Дания иеленді.

 

Сынып жетекшілер конкурсы

 

Сынып жетекшілер конкурсы

 

 

Сынып жетекшілер конкурсы

 


Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 
https://www.google.ru/search?q=%D1%80%D1%83%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B8+%D0%B6%D0%B0%D2%A3%D2%93%D1%8B%D1%80%D1%83+%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D0%B0%D1%88%D0%B0%D2%9B%D2%9B%D0%B0+%D0%B1%D0%B0%D2%93%D0%B4%D0%B0%D1%80+%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%BE%D1%82%D0%B8%D0%BF&newwindow=1&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwj29YWJ7IjXAhWya5oKHbKQAy0Q_AUICygC&biw=1396&bih=668&dpr=1.38#imgrc=LDoSDVlCzV6rKM:

Мұқағали - Мәңгілік жыр

Автор: admin от 17-04-2017, 23:28, посмотрело: 240

0

2017 жылдың 9 ақпанында Абай атындағы мектеп гимназияда кітапханашылар Сиязбаева Шолпан мен Омарбекова Назияның ұйымдастырумен «Жыр тұлпары - Мұқағали» атты әдеби-сазды кеші өтті. 
Кешіміздің мақсаты: ғасырлар тоғысында «ғасыр ақыны» атанған М.Мақатаевтың ақындық талантын оқушылар жүрегіне ұялату. Мұқағали өлеңдері арқылы жас ұрпақты ерлікке, туған жерді, адамзатты сүюге, адамгершілікке, адалдық достыққа, сүйіспеншілікті, махаббатты бағалауға тәрбиелеу, оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Кешке 5-11 сынып аралығындағы оқушылар катысты. Шақырылған қонақтар ішінде «Сарқан» газетінің қызметкері Алипова Альмира қатысты.
Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаев туралы бейнероликтер, даусы жазылған үнтаспаларын оқушыларға тыңдатты.
Мұқағали Мақатаевтың шығармалары негізінен Отанға, елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махабатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналаған. Ақынның өлеңдерінен үзінді оқылды. Жазушы Набиден Әбдуталиев жұбайымен Мұқағали Мақатаевқа ауруханада жатқан кезінде келген сахналық көрінісін және «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс көрсетілді. М. Мақатаевтың «Есіме мені алғайсың», «Қарасаз», «Фаризаға», «Бақыт деген» әндері орындалды. 
Мұқағали Мақатаевқа оқушылар арнау арнап жыр шумақтарыннан өз өлеңдерін оқыды. 
Жетісу өңіріндегі Мұқағали Мақатаев бірақ адам, ол біздің музыка пәнінің мұғалімі Мұқағали Мақатаев, сол күні «Жетісу» телеарнасына тікелей эфирде өз сұхбатын берді.

Мұқағали - Мәңгілік жыр

 

 

Мұқағали - Мәңгілік жыр

 

Мұқағали - Мәңгілік жыр

 


Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Қыз өссе елдің көркі

Автор: admin от 17-04-2017, 23:27, посмотрело: 415

0
 «Қыз қылығы»

3-наурыз күні Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласындағы Абай атындағы мектеп гимназияда «Қыз қылығы» атты мектептегі оқушы қыздарға семинар-тренинг болып өтті. Семинардың мақсаты: қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту..

Семинарға 8,9,10 сынып оқушыларының қыздары қатысты. Семинарды мектеп психологы Мушельдесова Анель «Қазірден...басқа бақытты болатын уақыт жоқ!» атты тренингпен бастады. Қыздар өз ойларымен бөлісіп, тренингті қорытындылады. Семинар қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Төребек Сандуғаштың «Қыз - елдің ары» атты тақырыпта баяндамасымен жалғасты. Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне ерекше ден қойғанын айта отырып. Себебі - бүгінгі бүлдіршін қызды «ертең ибалы келін, одан соң абзал ана атанады» деп тәрбиелегені жайлы айтып. Қыз баланың әр кезде әдептіліктің ауылынан алыстамай, «ар», «намыс», «адалдық» дейтін ұлы ұғымдарды шынайы жүрегімен түсіну керектігін айтты. Баяндама барысында «Қыз қылығы» тақырыбындағы тәрбиелік мәні бар видеолар көрсетілді. «Қызға қырық үйден тыйым» мақалын талқыға салып, қызды-тыйып ұстау-тірсектен қағып, еңсесін езу емес, қыз баланың ақылды да инабатты, өнерлі де өнегелі болып толысуына ата-анамен бірге ағайын-туған, ауыл-аймағы да жауапты екенін айтады. Қызды тектеп ұстауды меңзейді. Бүгінгі жастар «заман осындай» деген желеумен батыстық менталитетке ден қойғаны жайлы айтылды. Семинар Бекболат Тілеуханның «Қыздың ары-ұлттың ары» видеосымен қорытындыланды.

Қыз өссе елдің көркі

 

Қыз өссе елдің көркі

 

Қыз өссе елдің көркі

 



Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Экологиялық конференция

Автор: admin от 17-04-2017, 23:26, посмотрело: 265

1

Экологиялық конференция

 

Табиғат ананы қорғау – адам баласының ең басты міндеті. Қоршаған ортаның тазалығы – біздің қауіпсіздігіміз. Қазіргі жер шарындағы ластанулар өлім факторларының жаппай бой көтеруіне алып келуде. Осы орайда ақпан айының 22-күні Абай атындағы мектеп гимназияда "Ғаламшарды бірге қорғайық” атты конференция осы бағытта өтті. Бұл конференцияға Жоңғар Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің рекреация экологиялық ағарту және туризм бөлімінің маманы Сағынғалиева Ботогөз және гид экскурсия жетекшісі Садуақасов Данияр, Сарқан - Ақсу аудандары бойынша мемлекеттік экология инспекторы Унербекова Меруерт Серікқызы, Жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Абділда Алмат, Ақын Сара орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Елшибекова Аспет, Н.Островский атындағы мектеп - лицейінің география пәнінің мұғалімі Светлана Николаевна қатысты. Конференцияның басты мақсаты – жас өспірімдерге табиғат ананың қадірін түсіндіру, экологиялық тәрбие, табиғатты бұзушы факторлардың алдын алу.  "Сақтансаң, сақтайды” дегендей қоршаған ортаның қайта қалпына келуіне теңіздің тамшысындай болсын көмегін тигізу болып табылады.

Конференцияда қорғалған негізгі тақырыптар
Топырақтың бұзылуы, шөлейттену, 
Азон қабатының жұқаруы;
Өнеркәсіп және тұрмыстық қалдықтар;
Ауыз су мәселесі;
Табиғат ресурстарының сарқылуы;
Ауаның ластануы;
Тероризм;

Қатысушылардың жобасы көрермендерге орамды ой салды. Жастардың көз қарасы – біздің келешегіміз. Демек, жасөспірімдердің ізгі ниеті – болашағымызды гүлдендірері анық. Табиғат ананы бірге қорғайық!!!

 

 

Экологиялық конференция

 

Экологиялық конференция

 

 

Экологиялық конференция

 

Экологиялық конференция

 

Экологиялық конференция

 

Экологиялық конференция

 

Экологиялық конференция

 


 

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Smart - мектебі" атты байқау

Автор: admin от 17-04-2017, 23:24, посмотрело: 242

2

Ақпан айының 28 күні Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласында №1 мектеп гимназия ғимаратында Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Smart - мектебі" атты байқауға Абай атындағы мектеп гимназияның оқушыларынан құралған команда қатысып ІІ-дәрежелі дипломмен, "Мобильная школа" номинациясымен және сертификаттармен, бағалы силықтармен марапатталды. Жоба жетекшісі география пәнінің мұғалімі М.Разбеков

 

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Smart - мектебі" атты байқау

 

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Smart - мектебі" атты байқау

 

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Smart - мектебі" атты байқау

 

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Smart - мектебі" атты байқау

 

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Smart - мектебі" атты байқау

 

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Smart - мектебі" атты байқау

 


 

Категория: Оқушылар жетістіктері

 

Гүлдер акциясы

Автор: admin от 17-04-2017, 23:22, посмотрело: 318

0

Гүлдер акциясы

 

 

Гүлденсе мектеп – гүлденеміз бәріміз !
Атамыз қазақта «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деген тамаша ұлағатты сөз бар. Мағынасы терең, тағлымы мол осы сөзді басшылыққа алған Абай атындағы мектеп гимназияның зейнетке шыққан ұстаздары мектеп дәлізіне гүл сыйлауды бастама етіп көтерді. 
 Акцияны 15 наурыздан 15 мамырға дейінгі аралықта жалғастырып, мектептің гүлденуіне үлес қосуды мектептің ұстаздары мен кіші қызметкерлері бірдей ат салысуға үн қосты. 
Акцияның өз мәресінде өтуіне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Урумбазарованың шығармашылық еңбегі шексіз екені көрінді. 
Акцияның бірінші ашылу кезеңінің лентасын мектеп директоры Н.Есенгулова мен бастауыш сынып мұғалімі Д.Бекболатова қиды. 
Акцияның бірінші кезеңіне қырықтан астам адам өз үлестерін қосып қойған гүлдері көздің жауын алып, әсемдік әлемінің есігі ашылғандай сезіндік. 
Осындай игі бастамада ұстаз - апалардың немерелері
Мектеп қандай керемет,
Дәлізде толды гүлдерге
«Акцияға үлес қоссам», деп
Жүгірді бүгін қанша жан
Гүлдей берсін мектебім
Қош келдің, «Ару көктемім» ,
- деген жүрек жарды жырларын оқыды.

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine