Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Білім туралы заң

Автор: admin от 3-11-2017, 02:28, посмотрело: 171

0 /
Білім туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы.
Ескерту. Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 68-баптан қараңыз.
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
"соғысқа қатысушылар мен cоғыс мүгедектеріне" деген сөздер "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Оқу және тәрбие процесін", "оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесін", "Оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесінің" деген сөздер тиісінше "Оқу-тәрбие процесін", "оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие процесін", "Оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие процесінің" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ауыл (село)", "ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)", "ауылдың (селоның)" деген сөздер тиісінше "ауыл", "ауылдың, ауылдық", "ауылдың" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

1-1) адъюнкт – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік әскери оқу орындарында білім алып жатқан адам;
2) академия – мамандықтардың бір-екі тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орны;
2-1) академиялық оралымдылық – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өзінің жоғары оқу орнында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары оқу орнында кредиттер түрінде меңгерген оқу бағдарламаларынан, пәндерден міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелге) ауыстыру;
2-2) аккредиттеу органдары – стандарттарды (регламенттерді) әзірлейтін және өздері әзірлеген стандарттар (регламенттер) негізінде білім беру ұйымдарын аккредиттеуден өткізетін заңды тұлғалар;
2-3) аккредиттеу стандарттары (регламенттері) – аккредиттеу органының аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттары;
3) атаулы стипендия - тиісті білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия;
3-1) әдістемелік кабинет – білім беруді басқару органдарының білім беру процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік қамсыздандырылуын, нәтижелілігін талдау мен бағалауды, педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруіне жәрдемдесетін инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау мен таратуды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;
3-2) әскери, арнаулы оқу орындары – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары;
4) бакалавр – жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;
4-1) бакалавриат – тиісті мамандық бойынша "бакалавр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламалары;
5) бейін алды даярлық - білім алушының жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау;
5-1) бейіндік мектеп – жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын оқу орны;
6) бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру;
6-1) бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;
7) "Болашақ" халықаралық стипендиясы — Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы немесе Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия санаттарын айқындайтын жұмыскерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;
7-1) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесі – білім беру қызметкеріне ұйымды, оқытудың мазмұны мен мерзімдерін таңдауға мүмкіндік беретін, мемлекет белгілеген және белгілі бір ақша сомасымен қамтамасыз етілген, атаулы құжат (ваучер) түрінде ресімделген жан басына шаққандағы норматив негізінде қаржыландырылатын біліктілікті арттыру нысаны;
7-2) біліктілікті арттыру институты – үздіксіз білім беру жүйесінде кадрлардың кәсіптік біліктілігін арттырудың және оларды қайта даярлаудың актуалды білім беру бағдарламаларын іске асыратын, білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық процестерді қолдауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы;
7-3) біліктілікті беру – нақты мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, шеберлік пен дағдылар жиынтығын растау рәсімі;
7-4) білім алу үшін арнайы жағдайлар – ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілігін, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;
8) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
9) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
9-1) білім беру – имандылық, зияткерлік, мәдени, тәндік жағынан дамыту және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсаттарында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз процесі;
9-2) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;
10) білім беру гранты - жоғары білім алуға төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы;
10-1) білім беру кредиті – қаржылық ұйымдар мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен оқыту ақысын төлеу үшін қарыз алушыға беретін ақша;
11) білім беру қызметі - білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс;
12) білім беру мониторингі - білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;
13) білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
14) білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі - білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеудің институционалдық құрылымдары, рәсімдері, нысандары мен әдістерінің жиынтығы;
15) бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған адамдарға берілген құжаттардың баламалылығын айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
16) білім беру ұйымдарын аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының белгіленген аккредиттеу стандарттарына (талаптарына) сәйкестігін тану рәсімі;
17) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау - білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсім;
17-1) жоғары оқу орнының ерекше мәртебесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, білім беру мазмұнын өзі дербес айқындау және білім беру қызметін ұйымдастыру құқығын беретін білім беру ұйымы жұмыс істеуінің ерекше режимі;
18) гимназия – білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де оқыту бағыттары бойынша кең ауқымда және тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
18-1) ғылыми-әдістемелік жұмыс – ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибеге негізделген және үздіксіз білім беру жүйесінің жұмыс істеуін және оны дамытуды жетілдіруге бағытталған қызмет түрі;
18-2) ғылым кандидаты, ғылым докторы – ізденушілердің диссертациялар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер;
18-3) докторант – докторантурада білім алатын адам;
18-4) докторантура – білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
19) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

19-1) дуальды оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

21) жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
21-1) жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік кепілдендірілген оқыту құнының қаржылық қамсыздандырылу нормативі;
21-2) жоғары колледж – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
21-3) зерттеу университеті – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасын және даярлық (мамандықтар) бағыттарының кең спектрі бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің өз бетінше әзірленген білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жаңа білімді жинақтау мен трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер нәтижелерін пайдаланатын жоғары оқу орны;
21-4) ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар (балалар) – денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар;
21-5) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс;
22) инновациялық - білім беру консорциумы - жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар мен өндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды тұлғалар іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен технологиялық инновациялар негізінде жоғары білікті мамандар даярлау үшін зияткерлік, қаржылық және өзге де ресурстарды біріктіретін, бірлескен қызмет туралы шарт негізіндегі ерікті тең құқықты бірлестік;
23) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
24) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

25) институт – жоғары білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орны;
26) институционалдық аккредиттеу – білім беру ұйымы сапасының мәлімделген мәртебесіне және аккредиттеу органының белгілеген стандарттарына сәйкестігін аккредиттеу органының бағалау процесі;
26-1) интеграцияланған білім беру бағдарламалары – білім беру бағдарламаларының тиісті мазмұнды аспектілерін біріктіру негізінде әзірленген білім беретін оқу бағдарламалары;
27) интернаттық ұйымдар — тұратын орын беріле отырып, белгілі бір санаттағы адамдардың білім алу құқықтарына мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары;
28) интернатура – клиникалық практикаға рұқсат алу үшін білім алушыларды базалық жоғары медициналық білім беру шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны;
28-1) кадет – әскери, арнаулы оқу орнында техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;
28-2) кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары – ата-анасын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, уақтылы орналастырылуы мүмкiн болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қатер төнген кезде ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып қойған балаларды, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн балаларды, сондай-ақ әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қарау салдарынан өмiрлiк қиын жағдайда жүрген балаларды қабылдауды және уақытша бағып-ұстауды қамтамасыз ететiн, бiлiм беру органдарының қарамағындағы ұйым;
29) кәсіптік бағдар - білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру;
29-1) кәсіптік білім – білім алушылардың белгілі бір салада кәсіптік қызметті жүргізуіне және (немесе) нақты кәсіп немесе мамандық бойынша жұмысты орындауына мүмкіндік беретін білімдерді, машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді алуына бағытталған білім беру түрі;
29-2) кәсіптік даярлау – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау бойынша қысқартылған мерзіммен оқытатын білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін бөлігі;
30) кәсіптік даярлықты бағалау – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары түлегінің біліктілік (қабілеті) деңгейінің тиісті кәсіптік қызмет түрі шеңберінде жұмысты орындауға сәйкестігі дәрежесін айқындау;
30-1) кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;
31) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
32) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

33) кешенді тестілеу - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны;
34) клиникалық база - жоғары оқу орнының немесе денсаулық сақтау ұйымының жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарының базасында жұмыс істейтін, материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейі болатын, ұйымдық-әдістемелік, оқу, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмысының қазіргі заманғы әдістері негізінде дәрігерлерді, ғылыми кадрларды даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын және медициналық көмектің барлық түрлерін көрсететін клиникасы;
35) колледж – жалпы орта және техникалық пен кәсіптік білімнің немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
35-1) кооперативтік оқыту – мемлекеттің, жұмыс берушілердің және оқу орындарының корпоративтік жауапкершілігіне негізделген, кадрларды кәсіптік даярлауды ұйымдастыру нысандарының бірі;
36) кредиттік оқыту технологиясы - білім алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту;
36-1) курсант – әскери, арнаулы оқу орнында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;
37) қабылдау квотасы – техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына қабылдау үшiн бөлiнетiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, оның iшiнде бiлiм беру гранттары көлемiнiң шектi саны;
37-1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру гранты (бұдан әрі – "Өркен" гранты) – "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті тағайындайтын грант;
37-2) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор – білім беру саласындағы уәкілетті орган беретiн ғылыми атақтар;
38) қашықтықтан білім беру технологиясы - білім алушы мен педагог қызметкердің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;
38-1) қолданбалы бакалавриат – білім беру бағдарламалары "қолданбалы бакалавр" біліктілігін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған орта білімнен кейінгі білім;
38-2) қолданбалы бакалавр – орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін біліктілік;
38-3) қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйым – бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын оқу-тәрбие ұйымы;
39) қосымша білім беру – білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі;
40) лицей – білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстанушылық-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
41) магистр – магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;
41-1) магистрант – магистратурада білім алатын адам;
41-2) магистратура – білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша "магистр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
41-3) маман – адамдарға жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгергеннен кейін берілетін біліктілік;
42) мамандандырылған аккредиттеу - білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау;
43) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

44) мемлекеттік атаулы стипендия - Қазақстан Республикасының Президенті және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын стипендия;
45) мемлекеттік білім беру тапсырысы - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру жөнінде, экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін молықтыру үшін білікті қызметкерлер мен мамандарды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөнінде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер көлемі;
45-1) мемлекеттік оқу бітіру емтиханы – білім алушылардың орта білім беру курсын аяқтағаны туралы куәландыратын, мемлекеттік үлгідегі құжатты алуы үшін қажетті шарт болып табылатын, орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысаны;
46) оқу бағдарламасы – әрбір оқу пәні (сабақ) бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберліктің, дағдылар мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;
47) оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу пәндерінің, сабақтарының (модульдерінің), практикаларының, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, бірізділігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;
48) оқу-клиникалық орталығы - медициналық жоғары оқу орнының қазіргі заманғы аппаратурамен, фантомдармен және муляждармен жабдықталған және білім алушылардың және (немесе) медицина қызметкерлерінің практикалық (клиникалық) машықтарды меңгеруіне және
оларды бақылауға арналған құрылымдық бөлімшесі;
48-1) оқыту – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білімдерді, машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді иелену, қабілеттерді дамыту, білімдерін күнделікті өмірде қолдану тәжірибесін иелену және бүкіл өмір бойы білім алуға ынталануын қалыптастыру жөніндегі қызметін ұйымдастырудың мақсатты бағытталған процесі;
48-2) оқыту-сауықтыру білім беру ұйымы – балаларға және оқушы жастарға тәрбие, білім беру, оларды сауықтыру, демалдыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
49) орта білім - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруі нәтижесінде алатын білімі;
49-1) "Орта білім беретін үздік ұйым" гранты – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына рейтингілік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындылары бойынша жыл сайын бөлетін ақша;
49-2) орта білім беру ұйымы – бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымы;
50) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

51) резидентура - клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу нысаны;
51-1) резидентура тыңдаушысы – клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеретін маман;
52) рухани (діни) білім беру ұйымдары - дін қызметшілерін даярлаудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;
53) стипендия - білім алушыларға олардың тамағына, күнелтуіне және оқу әдебиетін сатыға алуына жұмсалатын шығындарды ішінара жабу үшін берілетін ақша сомасы;
53-1) студент – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында оқитын адам;
53-2) сынып жетекшілігі – педагог жұмыскерге сыныпта білім алушылардың қызметін оқу-тәрбие процесі шеңберінде үйлестіру бойынша жүктелетін функция;
53-3) техникалық және кәсіптік білім беру – білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру;
53-4) тыңдаушы – білім беру ұйымында қосымша білімнің және дайындық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;
53-5) тiрек мектеп (ресурс орталығы) – шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы бiлiм алуға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында білім алушылардың қысқа мерзiмдi сессиялық сабақтарын, аралық және қорытынды аттестатталуын өткiзу үшiн базасында таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердiң бiлiм беру ресурстары шоғырланатын орта бiлiм беру ұйымы;
54) университет – мамандықтардың үш және одан да көп тобы бойынша жоғары білім берудің, магистратураның және докторантураның білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыратын, ғылыми және әдістемелік орталық болып табылатын жоғары оқу орны;
55) училище – мәдениет саласында негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
56) ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны;
56-1) ұлттық жоғары оқу орны – елдің жетекші ғылыми және әдістемелік орталығы болып табылатын, ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны;
56-2) ұлттық зерттеу университеті – ерекше мәртебесі және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасы бар, даярлық (мамандықтар) бағыттарының кең спектрі бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің өз бетінше әзірленген білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жаңа білімді жинақтау мен трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдаланатын жоғары оқу орны;
57) философия докторы (РhD) – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;
57-1) халықаралық мектеп – дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыратын, Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторизациялаудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен оқу орны;
58) шағын жинақты мектеп - білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп;
59) эксперименттік алаң – жаңа педагогикалық технологиялар мен білім берудің жаңа мазмұнын сынақтан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
60) экстернат – білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі;
61) элиталық білім - дарынды адамдарға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын мамандандырылған жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламалары бойынша алынатын білім.
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2017 № 88-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:
1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;
2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;
3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;
4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;
5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;
7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
8) оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі;
9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;
10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.
2. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

2-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) еңбек нарығының кадрларға ағымдағы және келешектегі қажеттігінің тұрақты мониторингі жүйесін қалыптастырады;
4) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік әріптестердің кәсіптік білім беру проблемаларын шешуге қатысуын қамтамасыз етеді және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;
5) жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекітеді;
5-1) "Өркен" грантын беру қағидаларын және оның мөлшерін бекітеді;
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

7) Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау қағидаларын бекітеді;
8) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

10) халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекітеді;
11) мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын, сондай-ақ педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін айқындайды;
12) Қазақстан Республикасының Президентіне жеке адамды тәрбиелеуге, оқытуға және кәсіптік қалыптастыруға аса зор үлес қосып келе жатқан жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыну енгізеді және жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекітеді;
13) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк басқару органының ұсынысы бойынша бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
14) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

15) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясын беру үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекітеді және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындайды;
16) мемлекеттік атаулы стипендияларды бекітеді;
17) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
18) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

19) тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелерін бекітеді;
20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

21) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекітеді;
22) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
22-1) қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру тәртібін айқындайды;
22-2) маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған, осы Заңның 47-бабының 17-тармағында аталған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндег

Категория: Нормативтік құжаттар

 

Еңбек кодексі

Автор: admin от 3-11-2017, 02:26, посмотрело: 174

0
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі
МАЗМҰНЫ
ЖАЛПЫ БӨЛІК
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтық қызмет – азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі;
2) азаматтық қызметші – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам;
3) айлық жалақының ең төмен мөлшері – біліктілікті қажет етпейтін қарапайым (онша күрделі емес) еңбек жұмыскері осы Кодексте белгіленген қалыпты жағдайларда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек міндеттерін орындаған кезде бір айда оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төмен мөлшері;
4) арнайы киім – жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқкиім, баскиім, қолғап, өзге де жеке қорғаныш құралдары;
5) ауыр жұмыстар – жұмыскердің ауыр (он килограмм және одан ауыр) заттарды қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуға, жылжытуға және тасуға байланысты әрі дене күшін жұмсауды талап ететін (250 ккал/сағаттан астам энергия жұмсалатын) қызметінің түрлері;
6) ауысымдық жұмыс – тәулік ішінде екі не үш немесе төрт жұмыс ауысымындағы жұмыс;
7) әлеуметтік әріптестік – жұмыскерлер (жұмыскерлердің өкілдері), жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесі;
8) бас, салалық, өңірлік келісім (бұдан әрі – келісім) – тараптардың республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі жұмыскерлер үшін мазмұнын және еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі міндеттемелерін айқындайтын әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында жасалатын жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт;
9) бейбәсекелестік туралы талап – жұмыс берушіге нұқсан келтіруі ықтимал әрекеттерді жүзеге асыруға жұмыскердің құқығын шектейтін, бейбәсекелестік туралы шарттың талаптары;
10) бос тұрып қалу – экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруы;
11) біліктілік санаты (разряды) – орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, жұмыскердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі;
12) делдал – еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызметтер көрсету үшін тартатын жеке немесе заңды тұлға;
13) демалыс – жұмыс орны (лауазымы) мен осы Кодексте белгіленген жағдайларда орташа жалақысын сақтай отырып, жұмыскердің жыл сайынғы демалуын қамтамасыз ету немесе әлеуметтік мақсаттар үшін жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату;
14) еңбек – адам мен қоғамның өмір сүру және қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі;
15) еңбек гигиенасы – жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерлерінің профилактикасы жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;
16) еңбек дауы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер (жұмыскерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер;
17) еңбек жағдайлары – еңбекке ақы төлеу, еңбекті нормалау, еңбек міндеттерін орындау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймақтарын кеңейту, жұмыста уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары;
18) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
19) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
20) еңбекке ақы төлеу – осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;
21) еңбек қатынастары – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кезінде жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар;
22) еңбек қатынастарымен тікелей байланысты қатынастар – осы Кодексте көзделген жағдайларда еңбекті ұйымдастыру мен басқаруға, жұмысқа орналастыруға, жұмыскерлерді кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға, әлеуметтік әріптестікке, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасуға, еңбек жағдайларын белгілеуге жұмыскерлердің (жұмыскерлер өкілдерінің) қатысуына, еңбек дауларын шешуге және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға байланысты қалыптасатын қатынастар;
23) еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі;
24) еңбек қауіпсіздігі жағдайлары – жұмыскер еңбек міндеттерін орындаған кезде еңбек процесі мен өндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігі;
25) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мониторингі – өндірістегі еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін қадағалау жүйесі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін бағалау мен болжау;
26) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер – эргономикалық, санитариялық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;
27) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға – өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде жұмыскердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына не қайтыс болуына әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге әсер етуі;
28) еңбек міндеттері – жұмыскер мен жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде, жұмыс берушінің актісінде, еңбек, ұжымдық шарттарда келісілген міндеттемелері;
29) еңбек өтілі – жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес еңбек өтіліне кіретін өзге де кезеңдер;
30) еңбек тәртібі – жұмыс беруші мен жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде, сондай-ақ келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде, құрылтай құжаттарында белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындауы;
31) еңбек тәртіптемесі – жұмыскерлер мен жұмыс берушінің еңбекті ұйымдастыру жөніндегі қатынастарын реттеу тәртібі;
32) еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;
33) еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыратын жұмыскерлердің өкілі;
34) еңбекті нормалау – нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларда жұмыскерлердің жұмысты орындауға (өнім бірлігін дайындауға) арналған қажетті еңбек шығындарын (уақытты) айқындау және осы негізде еңбек нормаларын белгілеу;
35) еңбектің қауіпсіз жағдайлары – жұмыс істейтіндерге өндірістік факторлардың әсерінің деңгейлері белгіленген нормативтерден аспайтын еңбек жағдайлары;
36) еңбек шарты – жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес жұмыскер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді;
37) жалақы – жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер;
38) жеке қорғаныш құралдары – жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнайы киім;
39) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
40) жұмыс берушілердің өкілдері – құрылтай құжаттары және (немесе) сенімхат негізінде жұмыс берушінің немесе жұмыс берушілер тобының мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
41) жұмыс берушінің актілері – жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, қағидалар, ережелер, ауысымдық кестелер, вахта кестелері, демалыс кестелері;
42) жұмыс берушінің қызметін декларациялау – жұмыс берушінің қызметін ол берген өтініш негізінде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келеді деп тану рәсімі;
43) жұмыскер – жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға;
44) жұмыскерлердiң өкiлдерi – кәсiптiк одақтардың, олардың бiрлестiктерiнiң органдары, ал олар болмаған кезде жұмыскерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) жұмыскерлердiң (конференция делегаттарының) кемінде үштен екісі қатысқан кезде қатысушылардың көпшілік дауысымен сайланған және уәкiлеттiк берілген сайланбалы өкiлдер;
45) жұмыс орны – жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;
46) жұмысты тарифтеу – орындалатын жұмыстарды Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығына және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес белгілі бір күрделілікке жатқызу;
47) жұмыс уақыты – жұмыскер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ осы Кодекске, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, ұжымдық шартқа, жұмыс берушінің актісіне сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері;
48) жұмыс уақытының жиынтық есебі – жұмыс беруші белгілеген есептік кезеңдегі жұмыс уақытын жинақтау жолымен есептелген жұмыс уақытының есебі;
49) зиянды еңбек жағдайлары – зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары;
50) зиянды өндірістік фактор – жұмыскерге әсер етуі ауыруына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) ұрпағының денсаулығына кері ықпал етуге әкеп соғуы мүмкін өндірістік фактор;
51) кәсіптік ауру – жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде оған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру;
52) кепілдіктер – жұмыскерлерге әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында берілген құқықтардың жүзеге асырылуы олардың көмегімен қамтамасыз етілетін құралдар, тәсілдер мен жағдайлар;
53) қауіпсіздік нормалары – жұмыскерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитариялық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсімдер мен өлшемшарттарды қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;
54) қауіпті еңбек жағдайлары – еңбекті қорғау қағидалары сақталмаған жағдайда белгілі бір өндірістік немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың әсері жұмыскердің өндірістік жарақаттануына, денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе улануына әкеп соқтыратын, соның салдарынан еңбекке қабілеттіліктен уақытша немесе тұрақты айырылуы, кәсіптік ауруға шалдығуы не қайтыс болуы орын алатын еңбек жағдайлары;
55) қауіпті өндірістік фактор – әсері жұмыскердің еңбекке қабілеттіліктен уақытша немесе тұрақты айырылуына (өндірістік жарақаттануына немесе кәсіптік ауруына) немесе қайтыс болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;
56) қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы;
57) мемлекеттік органның шетелдік жұмыскері – еңбек шарты бойынша мемлекеттік органға тартылған шетелдік;
58) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
59) негізгі жалақы – тарифтік мөлшерлемелер, лауазымдық айлықақылар, кесімді бағалар бойынша төлемді қамтитын, жалақының салыстырмалы түрдегі тұрақты бөлігі және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, салалық келісімде, ұжымдық және (немесе) еңбек шарттарында көзделген тұрақты сипаттағы төлемдер;
60) өндірістік жабдық – машиналар, механизмдер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар және жұмысқа, өндіріске қажетті өзге де техникалық құралдар;
61) өндірістік жарақат – жұмыскердің еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның еңбекке қабілеттіліктен айырылуына әкеп соққан денсаулығының зақымдануы;
62) өндірістік қажеттілік – дүлей апатты, аварияны болғызбау немесе жою немесе олардың салдарларын дереу жою мақсатында, жазатайым оқиғаларды, бос тұрып қалуды, мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау үшін және басқа да айрықша жағдайларда, сондай-ақ уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру үшін жұмыстарды орындау;
63) өндірістік қызмет – шикізаттың алуан түрлерін өндіруді және қайта өңдеуді, қызметтердің алуан түрлерін көрсетуді және жұмыстарды орындауды қамтитын, ресурстарды дайын өнімге айналдыру үшін қажетті еңбек құралдарын қолдана отырып жасалатын жұмыскерлер әрекеттерінің жиынтығы;
64) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар – өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, білікті кадрлары және өзінің құрамында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары бар ұйымдар;
65) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау – өндірістік объектілерде (цехтарда, учаскелерде, жұмыс орындарында, сондай-ақ жұмыс берушілердің бөлек тұрған, өндірістік қызметті жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерінде) орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында оларды бағалау жөніндегі қызмет;
66) өндірістік санитария – зиянды өндірістік факторлардың жұмыскерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитариялық-гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесі;
67) өндірістік факторлар – Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жұмыскерге әсер ететін техникалық, санитариялық, гигиеналық, өндірістік-тұрмыстық және басқа да жағдайлар;
68) өрескел абайсыздық – жұмыскердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларын және өз денсаулығының қауіпсіздігін бұзуға ықпал ететін әрекеттері;
69) өтемақы төлемдері – жұмыстың ерекше режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айырылуына, жұмыскерлерге еңбек міндеттерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауына байланысты шығындарды өтеуге байланысты ақшалай төлемдер, сондай-ақ жұмыскерлерді немесе еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге адамдарды (бұдан әрі – білім алушы) кәсіптік даярлаумен, қайта даярлаумен және біліктілігін арттырумен байланысты төлемдер;
70) разрядаралық коэффициент – сабақтас тарифтік-біліктілік разрядтарының тарифтік мөлшерлемелері арасындағы арақатынас;
71) тарифтік жүйе – еңбекке ақы төлеу жүйесінің бір түрі, онда жұмыскерлердің жалақысы тарифтік мөлшерлемелер (айлықақылар) және тарифтік кестелер негізінде сараланып айқындалады;
72) тарифтік кесте – орындалатын жұмыстарды күрделілік және жұмыскерлерді біліктілік белгісі бойынша саралауды көздейтін тарифтік разрядтар мен тарифтік коэффициенттер жиынтығы;
73) тарифтік мөлшерлеме (айлықақы) – жұмыскердің уақыт бірлігі ішінде белгілі бір күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек міндеттерін орындағаны үшін еңбегіне ақы төлеудің тіркелген мөлшері;
74) тарифтік разряд – жұмыстың күрделілік деңгейі және осы жұмысты орындау үшін қажетті біліктілік деңгейінің көрсеткіші;
75) тәртіптік жаза – тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс берушінің жұмыскерге қолданатын тәртіптік әсер ету шарасы;
76) тәртіптік теріс қылық – жұмыскердің еңбек тәртібін бұзуы, сондай-ақ еңбек міндеттерін тиісінше орындамауы;
77) тынығу уақыты – жұмыскердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты;
78) ұжымдық қорғаныш құралдары – жұмыс істейтін екі және одан көп жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар;
79) ұжымдық шарт – ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, жұмыскерлердің өкілдері арқылы жұмыскерлер мен жұмыс беруші арасында жасалатын жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт;
80) үстеме жұмыс – жұмыскер жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан (есептік кезеңдегі жұмыс сағаттарының қалыпты санынан артық) тыс орындайтын жұмыс;
81) хабарлама – жұмыскердің немесе жұмыс берушінің жазбаша өтініші не өзге тәсілмен (курьерлік пошта, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы) берілген өтініштер;
82) іссапар – жұмыс берушінің өкімі бойынша жұмыскерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ жұмыскерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу.
2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының басқа да арнайы ұғымдары мен терминдері осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мағыналарда пайдаланылады.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 414-V Кодексімен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

2-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының заңдарынан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына еңбек қатынастарын, әлеуметтік әріптестік пен еңбекті қорғау қатынастарын реттейтін нормаларды енгізуге тыйым салынады.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарт қағидалары қолданылады.
Халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар еңбек қатынастарына тікелей қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты мен міндеттері
1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының міндеттері еңбек қатынастары тараптары мүдделерінің теңгеріміне, әлеуметтік тұрақтылыққа, қоғамдық келісімге бағытталған қажетті құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.
4-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттары
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттары:
1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;
2) еңбек бостандығы;
3) еңбек саласындағы кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;
4) қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету;
5) жұмыскердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;
6) еңбегі үшін жалақының ең төмен мөлшерінен кем емес сыйақы құқығын қамтамасыз ету;
7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;
8) жұмыскерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;
9) жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету;
10) әлеуметтік әріптестікті нығайтуда және дамытуда мемлекеттің ықпалы;
11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу болып табылады.
5-бап. Еңбек бостандығы
Әркімнің еңбекті еркін таңдауға немесе еңбекке қандай да бір кемсітушіліксіз және мәжбүрлеусіз еркін келісуге құқығы, өзінің еңбекке қабілеттілігіне билік етуге, кәсіп және қызмет түрін таңдауға құқығы бар.
6-бап. Еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу
1. Әркімнің еңбек саласындағы өз құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайлар мен тәртіптен басқа, ешкімнің еңбек саласындағы құқықтарына шек қойылмайды.
2. Ешкімді де еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістіктеріне, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге болмайды.
3. Еңбек қызметінің тиісті түрлері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленетін не әлеуметтік және құқықтық басымдықпен қорғалуға мұқтаж адамдар жөнінде мемлекеттің ерекше қамқорлығынан туындаған өзгешеліктер, ерекшеліктер, артықшылықтар мен шектеулер кемсітушілік болып табылмайды.
4. Еңбек саласында кемсітушілікке ұшырадым деп есептейтін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа немесе өзге де орындарға жүгінуге құқылы.
7-бап. Мәжбүрлі еңбекке тыйым салу
Мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған.
Мәжбүрлі еңбек қандай да бір адамнан қандай да бір жаза қолдану қатерімен талап етілетін, оны орындау үшін бұл адам ерікті түрде өз қызметтерін ұсынбаған кез келген жұмысты немесе қызметті білдіреді.
Мәжбүрлі еңбекке:
жұмыс мемлекеттік органдардың қадағалауымен және бақылауымен жүргізілетін және оны орындайтын адам жеке және (немесе) заңды тұлғалардың билігіне берілмейтін немесе тапсырылмайтын жағдайда соттың заңды күшіне енген үкіміне байланысты;
төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
8-бап. Осы Кодекстің қолданылу аясы
1. Осы Кодекс:
1) еңбек қатынастарын;
2) еңбек қатынастарымен тікелей байланысты;
3) әлеуметтік әріптестік;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді.
2. Осы Кодекстің күші, егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жұмыскерлерге және жұмыс берушілерге, оның ішінде есептік тіркеуден өткен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарына және (немесе) өкілдіктеріне қолданылады.
3. Жұмыскерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеудің ерекшеліктері осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.
4. Қазақстан Республикасының заңдары осы Кодексте белгіленген құқықтар, бостандықтар мен кепілдіктер деңгейін төмендетпеуге тиіс.
9-бап. Еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар
Айлық жалақының ең төмен мөлшері, күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.
10-бап. Еңбек шарттары, әлеуметтік әріптестік тараптарының келісімдері, ұжымдық шарттар, жұмыс берушінің еңбек саласындағы актілері
1. Еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастар еңбек шартымен, жұмыс берушінің актісімен, келісіммен және ұжымдық шартпен реттеледі.
2. Әлеуметтік әріптестік тараптары келісімдерінің, ұжымдық, еңбек шарттарының, жұмыс беруші актілерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда жұмыскерлердің жағдайын нашарлататын ережелері жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиіс.
3. Келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының талаптары біржақты тәртіппен өзгертілмейді.
11-бап. Жұмыс берушінің актілері
Жұмыс беруші осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, еңбек шартына, келісімдерге, ұжымдық шартқа сәйкес өз құзыреті шегінде актілер шығарады.
12-бап. Жұмыс берушінің актілерін шығару кезінде жұмыскерлер өкілдерінің пікірін ескеру тәртібі
1. Жұмыс беруші келісімдерде, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда жұмыскерлер өкілдерінің пікірін ескере отырып актілер шығарады.
2. Жұмыс беруші өзінің актісінің жобасын және ол бойынша негіздемені жұмыскерлердің өкілдеріне ұсынады. Жұмыскерлердің бірнеше өкілі болған кезде олар жұмыс берушінің актілері бойынша пікірді есепке алу үшін сандық құрамы олар мүдделерін білдіретін жұмыскерлердің санына пропорционалды түрде болатын біртұтас өкілді орган құрады.
3. Жұмыскерлердің өкілдері жұмыс беруші актісінің жобасын табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен асырмай талқылайды. Жұмыскерлердің өкілдері шешімді осы Кодексте белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, жұмыс беруші актіні пікірді ескерместен қабылдауға құқылы.
4. Жұмыскерлер өкілдерінің шешімдері хаттамамен ресімделеді, онда жұмыскерлер өкілдерінің жұмыс беруші актісінің жобасымен келісетіні (келіспейтіні) көрсетіледі, олардың ұсыныстары болса олар жазылады.
5. Егер жұмыскерлер өкілдерінің пікірінде жұмыс беруші актісінің жобасына келісім болмаған не оны өзгерту жөнінде ұсыныстар болған жағдайда, жұмыс беруші:
1) келіскен жағдайда жұмыскерлер өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып өзгертілген акт шығарады;
2) келіспеген кезде жұмыскерлердің өкілдерімен қосымша консультациялар өткізуге құқылы.
6. Жұмыс беруші актілерін шығару үшін келісімдерге, ұжымдық шартқа сәйкес жұмыскерлер өкілдерінің пікірін есепке алу қажет болатын олардың жобалары бойынша келісімге қол жеткізілмеген кезде, туындаған келіспеушіліктер, жұмыс берушінің және жұмыскерлердің бір өкілі қол қоятын хаттамамен ресімделеді, одан кейін жұмыс беруші актіні қабылдауға құқылы.
7. Егер жұмыс берушінің шығарылған актісінде жұмыскерлердің осы Кодексте, еңбек, ұжымдық шарттарда, келісімдерде көзделген құқықтары мен кепілдіктерін бұзатын не нашарлататын ережелер қамтылған жағдайда, оған еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға не сотқа шағым жасауға болады.
13-бап. Осы Кодексте белгіленген мерзімдерді есептеу
1. Осы Кодексте, еңбек немесе ұжымдық шартта, келісімдерде белгіленген мерзім күнтізбелік күнмен, жылдармен, айлармен, апталармен немесе күндермен есептелетін уақыт кезеңінің аяқталуымен айқындалады. Мерзім басталуға тиіс оқиғаны көрсетумен де айқындалуы мүмкін.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда мерзім жұмыс күндерімен есептеледі.
3. Уақыт кезеңімен айқындалатын мерзімнің ағымы оқиғаның басталуы айқындалған, оқиға басталған күнтізбелік күннен кейінгі келесі күні басталады.
4. Жылдармен, айлармен, апталармен есептелетін мерзімдер соңғы жылдың, айдың, аптаның тиісті күндері аяқталады. Егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы тиісті күні жоқ айға келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күні аяқталады. Күнтізбелік апталармен немесе күндермен есептелетін мерзімге жұмыс күні емес күндер де қосылады.
5. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, мерзімнің соңғы күні жұмыс күні емес күнге келсе, онда одан кейінгі бірінші жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.
14-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2-тарау. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындайды;
3) Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен оларға сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекітеді;
4) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтылатын ұйымдардың азаматтық қызметшілерінің, жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін бекітеді;
5) жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен және жұмыскерлердің республикалық бірлестіктерімен бас келісім жасасады;
6) тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін белгілейді;
7) өзіне Конституциямен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
16-бап. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті
Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі талаптың, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады, сондай-ақ еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіреді және қызметін тексеруді жүзеге асырады;
3) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылықты және оларды үйлестіруді жүзеге асырады;
4) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардан еңбек қатынастары мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұратады;
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторын тағайындауды келіседі;
6) мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі қызметін үйлестіреді;
7) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында үйлестіруді және басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жұмыскерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
8) жұмыс берушінің еңбек нормаларын, еңбек жөнiндегi үлгiлiк нормалар мен нормативтердi, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) салааралық, үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау тәртiбiн белгiлейдi;
9) әкiмшiлiк персоналға жататын жұмыскерлер лауазымдары атауларының тiзбесiн әзірлейді және бекітеді;
10) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;
11) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;
12) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;
13) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізеді;
14) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің уақтылы және объективті жүргізілуін осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен бақылауды жүзеге асырады;
15) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
16) Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығын және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану тәртібін айқындайды;
16-1) Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын әзірлейді және бекітеді;
16-2) барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
17) тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары әзірлейтін және бекітетін экономикалық қызметтің алуан түрлі ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының біліктілік анықтамалықтарын немесе үлгілік біліктілік сипаттамаларын қарайды және келіседі;
18) оларда жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіпте

Категория: Нормативтік құжаттар

 
https://www.google.ru/search?q=%D1%80%D1%83%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B8+%D0%B6%D0%B0%D2%A3%D2%93%D1%8B%D1%80%D1%83+%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D0%B0%D1%88%D0%B0%D2%9B%D2%9B%D0%B0+%D0%B1%D0%B0%D2%93%D0%B4%D0%B0%D1%80+%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%BE%D1%82%D0%B8%D0%BF&newwindow=1&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwj29YWJ7IjXAhWya5oKHbKQAy0Q_AUICygC&biw=1396&bih=668&dpr=1.38#imgrc=LDoSDVlCzV6rKM:

Бала құқығы туралы конвенция

Автор: admin от 3-11-2017, 02:24, посмотрело: 350

0
Бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялау туралы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы қаулысы

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес қаулы етеді:
Нью-Йоркте 1994 жылғы 16 ақпанда қол қойылған 1989 жылғы 20 қарашадағы Бала құқықтары туралы Конвенция ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы

БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ
(Нью-Йорк, 20 қараша 1989 ж.)

Кіріспе

Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер,
Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген қағидаттарға сәйкес қоғамның барлық мүшелеріне тән қадір-қасиетін, теңдей және ажырамас құқықтарын тану жер бетінде бостандықты, әділдікті және бейбітшілікті қамтамасыз етудің негізі болып табылады деп есептей отырып,
Біріккен Ұлттардың халықтары Жарғыда өздерінің адамның негізгі құқықтарына, жеке адам баласының қадір-қасиеті мен құндылығына деген сенімін қуаттағанын және кең ауқымды бостандықта әлеуметтік прогреске және өмір сүру жағдайларын жақсартуға жәрдемдесуге бекем бел буғанын назарға ала отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясында және Адам құқықтары туралы халықаралық пактілерде жария еткен құқықтар мен бостандықтардың бәріне және әрбір адамның нәсілі, түр-түсі, жынысы, тілі, діні, саяси немесе өзге де сенім-нанымдары, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегі, мүліктік жағдайы, туылуы сияқты белгілері немесе өзге де жағдайлары бойынша қандай да бір айырмасыз ие болуға тиіс екендігіне келіскендігін тани отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымының Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясында балалардың ерекше қамқорлық пен көмекке құқылы екендігін жариялағанын еске ала отырып,
отбасына қоғамның негізгі ұясы ретінде және оның барлық мүшелерінің, әсіресе балалардың өсіп-жетілуінің және игілігінің табиғи ортасы ретінде, қоғам шеңберінде өз міндеттерін мойнына толық ала алатындай қажетті қорғау және жәрдем көрсетілуі тиіс екендігіне кәміл сене отырып,
баланың жеке басы толық және үйлесімді дамуы үшін оның отбасы аясында, бақыт, махаббат және түсінушілік ахуалында өсуі қажет екендігін тани отырып,
бала қоғамда өздігінше өмір сүруге толық дайын болуға және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген идеалдардың, әсіресе, бейбітшілік, қадір-қасиет, төзімділік, еркіндік, теңдік және ынтымақтастық рухында тәрбиеленуге тиіс деп санай отырып,
баланы осындай ерекше қорғауға деген қажеттіліктің 1924 жылғы Бала құқықтарының Женева декларациясында және 1959 жылғы 20 қарашадағы Бас Ассамблея қабылдаған Бала құқықтары декларациясында қамтылғанын және оның Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясында, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактте (атап айтқанда, 23 және 24-баптарда), Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактте (атап айтқанда, 10-бапта), сондай-ақ балалардың игілігі мәселесімен айналысушы мамандандырылған мекемелер мен халықаралық ұйымдардың жарғыларында және тиісті құжаттарында танылғанын назарға ала отырып,
Бала құқықтарының декларациясында «бала туылғанға дейін, сондай-ақ туылған соң да тиісті құқықтық қорғауды қоса алғанда, оның тәні мен ақыл-есінің жетілмегендігіне байланысты арнайы қорғау мен қамқорлықты қажет етеді» деп көрсетілгенін назарға ала отырып,
балаларды қорғауға және олардың игілігіне қатысты, әсіресе балаларды ұлттық және халықаралық деңгейлерде тәрбиелеуге және асырап алуға беру кезінде, Әлеуметтік және құқықтық қағидаттар туралы декларацияның ережелеріне, Біріккен Ұлттар Ұйымының жасы кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот жүргізу жөніндегі («Пекин ережелері») Минимальды қалыптық ережелеріне және Төтенше жағдайлар мен қарулы жанжалдар кезінде әйелдер мен балаларды қорғау туралы декларацияның ережелеріне сілтеме жасай отырып,
дүниежүзінің барлық елдерінде аса ауыр жағдайларда өмір сүріп жатқан балалар бар екенін және мұндай балалар ерекше көңіл бөлуді қажет ететіндігін мойындай отырып,
баланы қорғау және оның үйлесімді дамуы үшін әрбір халықтың дәстүрлері мен мәдени құндылықтарының маңыздылығын тиісті түрде ескере отырып,
әрбір елде, атап айтқанда, дамушы елдерде балалардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын тани отырып,
төмендегілер туралы келісті:

І БӨЛІМ

1-бап

Осы Конвенцияның мақсаттары үшін әрбір адам баласы 18 жасқа толғанға дейін, егер осы балаға қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып қоймаса, бала болып саналады.

2-бап

1. Қатысушы мемлекеттер өздерінің юрисдикциясы шектерінде тұратын әрбір баланың осы Конвенциямен көзделген, оның ата-анасының немесе қамқоршысының қандай да бір кемсітушіліксіз нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де сенім-нанымдарына, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына, баланың денсаулығының және туылуының жай-күйіне немесе өзге де жағдайларына қарамастан, барлық құқықтарын құрметтейді және қамтамасыз етеді.
2. Қатысушы мемлекеттер баланы кемсітушіліктің немесе баланың, оның ата-анасының, заңды қамқоршыларының немесе отбасының өзге де мүшелерінің мәртебесінің, қызметінің, көзқарасының немесе сенім-нанымдарының негізінде жазалаудың барлық нысандарынан қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдайды.

3-бап

1. Балаларға қатысты қолданылатын іс-әрекеттердің, оларды әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерімен айналысатын мемлекеттік немесе жеке мекемелердің, соттардың, әкімшілік немесе заң шығарушы органдардың қабылдағанына қарамастан, бәрінде де ең бірінші кезекте баланың мүдделерін барынша толық қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді.
2. Қатысушы мемлекеттер заң бойынша бала үшін жауапкершілікті мойнына алған оның ата-анасының, қамқоршыларының немесе басқа да адамдардың құқықтары мен міндеттерін назарға ала отырып, баланың игілігі үшін қажетті қорғау мен қамқорлықты қамтамасыз етуге міндеттенеді және осы мақсатпен барлық тиісті заң шығару және әкімшілік шараларын қабылдайды.
3. Қатысушы мемлекеттер балалардың қамқорлығына немесе оларды қорғауға жауапты мекемелердің, қызмет көрсетуші орындар мен органдардың құзыретті органдар белгілеген нормаларға, атап айтқанда қауіпсіздік пен денсаулық сақтау саласында және олардың персоналының саны мен жарамдылығы, сондай-ақ құзыретті қадағалау тұрғысынан да сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

4-бап

Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияда танылған құқықтарды жүзеге асыру үшін барлық қажетті заң шығарушы, әкімшілік және басқа да шараларды қабылдайды.
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарға қатысты қатысушы мемлекеттер мұндай шараларды мүмкіндігінше өздерінде қолда бар ресурстарды пайдалана отырып, қажет болған жағдайда, халықаралық ынтымақтастық шеңберінде қабылдайды.

5-бап

Қатысушы мемлекеттер ата-аналардың және тиісті жағдайларда кеңейтілген отбасы немесе қауымдастық мүшелерінің, жергілікті салт-дәстүрімен көзделгендей, қамқоршылардың немесе баланың дамып келе жатқан қабілеттеріне сәйкес және осы Конвенциямен танылған құқықтарды жүзеге асыруда балаға тиісті түрде басшылық жасап және жетекшілік ететін, бала үшін заң бойынша жауапты басқа да адамдардың жауапкершілігін, құқықтары мен міндеттерін құрметтейді.

6-бап

1. Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өмір сүруге деген ажырамас құқығы бар екенін таниды.
2. Қатысушы мемлекеттер барынша мүмкін дәрежеде баланың тірі қалуын және денсаулығының мықты болып өсуін қамтамасыз етеді.

7-бап

1. Бала туылған бетте тіркеуге алынады және туылған сәттен бастап оның есімі қойылып, азаматтық алуға құқығы бар, сондай-ақ мүмкіндігінше өзінің ата-аналарын білуге және олардың қамқорлығына ие болуға құқылы.
2. Қатысушы мемлекеттер өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес осы құқықтардың жүзеге асуын және осы саладағы тиісті халықаралық құжаттарға сәйкес, атап айтқанда, егер өзгеше түрде баланың азаматтығы болмаған жағдайда, өздерінің міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

8-бап

1. Қатысушы мемлекеттер заңмен көзделгеніндей, баланың жеке басының даралығын, бұған азаматтығын, есімін және отбасылық байланыстарын сақтау құқығын қоса алғанда, оған заңсыз араласуға жол бермей, құрметтеуге міндеттенеді.
2. Егер бала заңсыз түрде өзінің жеке басының даралығының бір бөлігінен немесе барлық элементтерінен айырылса, қатысушы мемлекеттер оған оның жеке басының даралығын тез арада қалпына келтіру үшін қажетті көмек пен қорғауды қамтамасыз етеді.

9-бап

1. Қатысушы мемлекеттер сот шешіміне сәйкес құзыретті органдар қолданыстағы заңға және рәсімдерге сәйкес баланың ең қажетті мүдделері үшін оны ата-анасынан айыру қажет екендігін анықтаған жағдайларды қоспағанда, баланың өзінің ата-анасымен өздерінің тілегіне қарсы айырылыспауын қамтамасыз етеді. Мұндай анықтама сол немесе өзге бір нақты жағдайда, мысалы, ата-анасы балаға мейрімсіздік танытқан немесе оған қамқорлық жасамаған, не болмаса ата-анасы бөлек тұрып жатқан және баланың тұрып жатқан жеріне қатысты шешім қабылдау қажет болғанда керек болуы мүмкін.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес кез келген іс қарау барысында мүдделі тараптардың бәріне іс қарауға қатысу мүмкіндігі және өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік беріледі.
3. Қатысушы мемлекеттер ата-анасының біреуімен немесе екеуінен де айырылысқан баланың құқығын құрметтейді, тұрақты негізде оның ата-анасының екеуімен де жеке қарым-қатынастарын және тікелей байланыстарын, бұл баланың ең бір қажетті мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, қолдайды.
4. Бұлай айыру қатысушы мемлекет қабылдаған қандай да бір шешімнен туындайтын жағдайларда, мысалы, қамауға алынған, түрмеге жабылған, жер аударылған, депортацияланған немесе ата-анасының біреуінің не болмаса екеуінің де не баланың қайтыс болған кезінде (бұған осы адамның мемлекет қарауында болған кезіндегі кез келген себептен болған өлімді қоса алғанда) болғанда, мұндай қатысушы мемлекет ата-анаға, балаға немесе, егер қажет болса, отбасының басқа да мүшесіне олардың өтініші бойынша отбасы мүшесінің/мүшелерінің қай жерде жүргеніне қатысты қажетті ақпаратты, егер мұндай ақпарат беру баланың әл-ауқатына нұқсан келтірмейтін болса, беретін болады. Қатысушы мемлекеттер бұдан әрі осындай өтініштің өзі тиісті тұлға/тұлғаларға қатысты жағымсыз салдарларға әкеп соқпауын қамтамасыз етеді.

10-бап

1. Қатысушы мемлекеттердің 9-баптың 1-тармағы бойынша міндеттемелеріне сәйкес отбасымен қосылу мақсатында баланың немесе оның ата-анасының қатысушы мемлекетке келуі немесе одан кетуі туралы өтініштерін қатысушы мемлекеттер оң сипатта, адамгершілік тұрғыда және жедел түрде қарауға тиіс. Қатысушы мемлекеттер бұдан әрі осындай өтініш берудің өтініш берушілер мен олардың отбасы мүшелері үшін жағымсыз салдарларға әкеп соқпауын қамтамасыз етеді.
2. Ерекше бір жағдайларды қоспағанда, ата-анасы әртүрлі мемлекеттерде өмір сүріп жатқан бала тұрақты негізде ата-анасының екеуімен де жеке қарым-қатынастар және тікелей байланыстар орнатуға құқылы. Осы мақсатта және 9-баптың 2-тармағы бойынша қатысушы мемлекеттердің міндеттемелеріне сәйкес қатысушы мемлекеттер баланың және оның ата-анасының кез келген елден қоныс аударуы, бұған өз елін қоса алғанда, және өз еліне қайта оралу құқығын құрметтейді. Кез келген елден қоныс аудару құқығына қатысты тек қана заңмен белгіленген және мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті (ordre publiс), халықтың денсаулығын немесе рухани ізгілігін не болмаса басқа да адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қажет және осы Конвенциямен танылған басқа да құқықтармен қатар қолданылатын әрі сәйкес келетін шектеулер ғана қолданыста болады.

11-бап

1. Қатысушы мемлекеттер балалардың шетелге заңсыз жөнелтілуіне және қайтарылмауына қарсы күрес үшін шаралар қабылдайды.
2. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер екі жақты немесе көп жақты келісімдердің жасалуына немесе қолданыстағы келісімдерге қосылуға жәрдемдеседі.

12-бап

1. Қатысушы мемлекеттер өз ой-пікірін жеткізуге қабілетті балаға оған қатысты барлық мәселелер бойынша осы ой-пікірлерді еркін білдіру құқығын қамтамасыз етеді, бұл ретте баланың жасына және өсіп-жетілуіне сәйкес баланың ой-пікіріне тиісті түрде назар аударылады.
2. Осы мақсатпен, атап айтқанда, балаға қатысты кез келген сот немесе әкімшілік іс қарау барысында не тікелей өзі не болмаса өкілі немесе тиісті орган арқылы ұлттық заңнаманың процессуалдық нормаларымен көзделген тәртіпте оны тыңдау мүмкіндігі беріледі.

13-бап

1. Бала өз пікірін еркін білдіруге құқылы; бұл құқыққа шекараларға қарамастан ауызша, жазбаша немесе басылым нысанында, көркемөнер шығармасы нысанында не болмаса баланың өз таңдауы бойынша басқа да құралдардың көмегімен әр түрлі ақпарат пен идеяларды іздеу, алу және беру еркіндігі кіреді.
2. Осы құқықты жүзеге асыру кейбір шектеулерге әкеп соғуы мүмкін, алайда, бұл шектеулер тек заңмен көзделген және:
а) басқа да адамдардың құқықтары мен абыройын құрметтеу үшін; немесе
ә) мемлекеттік қауіпсіздікті немесе қоғамдық тәртіпті (ordre
publiс) не болмаса халықтың рухани ізгілігін қорғау үшін
қажет шектеулер ғана болуы мүмкін.

14-бап

1. Қатысушы мемлекеттер баланың ойлау, ар-ұждан және дін бостандығына деген құқығын құрметтейді.
2. Қатысушы мемлекеттер ата-анасының және тиісті жағдайларда заңды қамқоршылардың баланың дамып келе жатқан қабілетіне сәйкес келетін әдісін жүзеге асырудағы балаға басшылық ету құқықтары мен міндеттерін құрметтейді.
3. Өз дінін немесе нанымын уағыздау бостандығы заңмен белгіленген және мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, халықтың рухани ізгілігі мен денсаулығын қорғау немесе басқа да адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін ғана қажетті шектеулерге әкеп соғуы мүмкін.

15-бап

1. Қатысушы мемлекеттер баланың қауымдастыққа бостандық және бейбіт жиналыстарға бостандық құқығын таниды.
2. Осы құқықты жүзеге асыруға қатысты заңға сәйкес және демократиялық қоғамда мемлекеттік қауіпсіздік немесе қоғамдық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп (ordre publiс) мүдделерінде қажетті, халықтың денсаулығы немесе рухани ізгілігін сақтау не болмаса басқа да адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қолданылатын шектеулерден басқа қандай да бір шектеулер қолданылмайды.

16-бап

1. Бірде бір бала оның жеке өміріне, отбасылық өміріне, баспанасына қол сұғылмау немесе хат жазысып-алысу құпиясына не болмаса оның ар-намысы мен абыройына заңсыз араласушылықты болдырмау құқығын жүзеге асыруда ерікті түрде немесе заңсыз араласу объектісі бола алмайды.
2. Бала осындай араласу немесе қол сұғушылықтан заңның қорғауына құқылы.

17-бап

Қатысушы мемлекеттер бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөлін таниды және баланың әр түрлі ұлттық және халықаралық материалдар көзіне, әсіресе баланың әлеуметтік, рухани және моралдық тұрғыдағы рухани ізгілігіне, сондай-ақ тән және психикалық жағынан салауатты дамуына жәрдемдесуге бағытталған материал көздеріне деген бостандығын қамтамасыз етеді. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер:
а) бұқаралық ақпарат құралдарының бала үшін әлеуметтік және мәдени тұрғыда және 29-баптың рухында пайдалы ақпараттар мен материалдарды таратуын көтермелейді;
ә) әр түрлі мәдени, ұлттық және халықаралық ақпарат көздерінен алынған осындай ақпараттар мен материалдарды даярлау, алмасу және таратуда халықаралық ынтымақтастықты көтермелейді;
б) балалар әдебиетін басып шығаруды және таратуды көтермелейді;
в) бұқаралық ақпарат құралдарының қайсыбір азшылық тобына немесе жергілікті халыққа тиесілі баланың тілдік қажеттіліктеріне ерекше назар аударуын көтермелейді;
г) 13 және 18-баптардың ережелерін ескере отырып, баланың әл- ауқатына залал келтіретін ақпараттардан және материалдардан оны қорғаудың тиісті қағидаттарын әзірлеуді көтермелейді.

18-бап

1. Қатысушы мемлекеттер ата-анасының екеуінің де баланың тәрбиесі мен дамуы үшін ортақ және бірдей жауапкершілігін тану қағидаттарын қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін күш-жігерлерді қабылдайды. Ата-анасы немесе тиісті жағдайларда заңды қамқоршылары баланың тәрбиесі мен дамуы үшін негізгі жауапкершілікті мойнына алады. Баланың ең қажет мүдделері олардың негізгі қамқорлығының мәні болып табылады.
2. Осы Конвенцияда баяндалған құқықтарды жүзеге асыруға кепілдік беру және жәрдемдесу мақсаттарында қатысушы мемлекеттер ата-аналарға және заңды қамқоршыларға балаларды тәрбиелеу жөніндегі олардың өз міндеттерін орындауына тиісті көмек көрсетеді және балалар мекемелерінің желісін дамытуды қамтамасыз етеді.
3. Қатысушы мемлекеттер ата-анасы жұмыс істейтін балалардың оларға күтім жасайтын қызмет орындарын және мекемелерді пайдалану құқығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

19-бап

1. Қатысушы мемлекеттер баланың тәніне жасалатын немесе психологиялық түрдегі зорлық-зомбылықтың, қорлау немесе теріс қылықтардың барлық нысандарынан, қамқорлықтың жоқ болуынан немесе немқұрайды қараудан, дөрекі қараудан не болмаса пайдаланудан, ата-анасының, заңды қамқоршыларының немесе балаға қамқорлық жасаушы басқа адамның нәпсіқұмарлық қиянатынан қорғау мақсатында барлық заңды, әкімшілік, әлеуметтік және ағартушы шараларын қабылдайды.
2. Мұндай қорғау шаралары, қажет болған жағдайда, балаға және оған қамқорлық жасаушы адамдарға қолдау көрсету мақсатында әлеуметтік бағдарламаларды жасау үшін, сондай-ақ жоғарыда аталғандай балаға мейрімсіздік жасалуына байланысты жағдайлардың алдын алу және анықтау, олар туралы хабарлау, істі қарау, тергеу жүргізу, емдеу және кейін қолданылатын шаралардан басқа да нысандарын жүзеге асыру үшін, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, сот рәсімін қозғау үшін тиісті рәсімдерді қамтиды.

20-бап

1. Отбасы ортасынан уақытша немесе біржола айырылған немесе өзінің ең қажетті мүддесі үшін мұндай ортада қала алмаған бала, мемлекет тарапынан көрсетілетін ерекше қорғау мен көмекті пайдалануға құқылы.
2. Қатысушы мемлекеттер осындай баланың күтімін алмастыруды өздерінің ұлттық заңдарына сәйкес қамтамасыз етеді.
3. Бұл күтім, ішінара, баланы біреудің тәрбиесіне беруді, ислам заңы бойынша «кафала», асырап алуды, немесе қажет болған жағдайда, балаларға күтім көрсететін тиісті мекемелерге орналастыруды қамтуы мүмкін. Күтімді алмастыру түрлерін қарастырған кезде баланың тәлім-тәрбие сабақтастығын қалауы және оның этникалық тегі, дінге, мәдениетке қатысы және ана тілі тиісті түрде ескерілуге тиіс.

21-бап

Бала асырап алу жүйесі болуын мойындайтын және/немесе оған рұқсат беретін қатысушы мемлекеттер баланың ең қажетті мүдделері бәрінен бұрын ескеріліп отыруын қамтамасыз етеді және олар:
а) бала асырап алудың – қолданылатын заңдар мен рәсімдерге сәйкес және баланың ата-анасы мен заңды қамқоршыларына қатысты мәртебесіне, сондай-ақ, егер қажет болса, мүдделі адамдар қажет болуы мүмкін болатындай консультациялар өткізу негізінде бала асырап алуға өздерінің саналы түрдегі келісімін беруіне байланысты барлық іске қатысты және сенімді ақпараттар негізінде бала асырап алу мүмкін болатынын анықтайтын құзыретті өкіметтің рұқсатымен ғана жүргізілуін қамтамасыз етеді;
ә) егер баланы туған елінде біреудің тәрбиесіне беру немесе оны тәрбиелеуді немесе асырап алуды қамтамасыз ететін отбасына орналастыру және лайықты күтімді қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, онда баланы басқа елге асырап алуға беруді-балаға күтім берудің баламалы тәсілі ретінде қабылдауға болады деп таниды;
б) өз еліндегі асырап алуға қатысты қолданылатын кепілдіктер мен нормалардың бала басқа елге асырап алуға берілген жағдайда да дәл солай қолданылуын қамтамасыз етеді;
в) бала өзге бір елде асырап алынған күнде, орналастыруға байланысты адамдардың ақталмаған қаржылық пайда табуына әкеліп соқпауын қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шаралар қолданылады;
г) қажетті жағдайларда, екі жақты және көп жақты уағдаластықтар мен келісімдер жасасу жолымен осы баптың мақсаттарына жетуге жәрдемдеседі және осының негізінде баланы басқа елге орналастыруды құзыретті өкіметтер немесе органдардың жүзеге асыруын қамтамасыз етуге ұмтылыс жасайды.

22-бап

1. Қатысушы мемлекеттер, босқын дәрежесіне ие болғысы келген немесе қолданылып жүрген халықаралық немесе ішкі құқық және рәсімдерге сәйкес босқын болып саналатын балаға, мейлі оны ата-анасы немесе кез келген басқа адам ертіп жүрсе де, немесе оларсыз жүрсе де, осы Конвенцияда және адам құқығы жөніндегі халықаралық басқа да құжаттарда немесе гуманитарлық құжаттарда баян етілген құқықтарды пайдалануда осы құжаттарға қатысушы болып табылатын аталған мемлекеттер тиісті қорғау және гуманитарлық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін қажетті шаралар қолданады.
2. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер, өздері қажет деп санаған жағдайда, Біріккен Ұлттар Ұйымының және Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтас құзыретті үкіметаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, мұндай баланы қорғау жөніндегі, оның және кез келген босқын баланың ата-анасын немесе отбасының басқа мүшелерін іздеп табуына, сөйтіп өз отбасымен табысуы үшін қажетті ақпараттарды алуына жәрдемдесу жөніндегі кез келген күш-жігеріне жәрдем көрсетеді. Ата-анасы немесе отбасының басқа да мүшелері табылмаған жағдайда, бұл балаға да осы Конвенцияда қарастырылғандай, әлде бір себеппен өз отбасы ортасынан уақытша немесе біржола айырылған басқа балаларға көрсетілгендей қорғау көрсетіледі.

23-бап

1. Қатысушы мемлекеттер ақыл-есі немесе денсаулығына қатысты жарымжан бала оның қадір-қасиетін қамтамасыз етіп, өзіне деген сенімділігін арттырып және қоғамдық өмірге белсене араласуына жәрдемдесетін жағдайларда толыққанды және лайықты өмір сүруі қажет екенін мойындайды.
2. Қатысушы мемлекеттер жарымжан баланың ерекше қамқорлыққа құқылы екенін мойындап, жәрдем сұрап өтініш берген жағдайда және де, егер баланың денсаулығы мен ата-анасы немесе балаға қамқорлықты қамтамасыз ететін басқа адамдардың жағдайы өтінішке сәйкес болған күнде бала мен оның қамқоршысына ресурс мүмкіндіктеріне қарай, жәрдем беруді қолдап, қамтамасыз етеді.
3. Жарымжан баланың ерекше мұқтаждығы танылып, осы баптың 2-ші тармағына сәйкес, көмек ата-анасының немесе балаға қамқорлықты қамтамасыз ететін басқа адамдардың қаржылық ресурстары ескеріліп, мүмкін болғанынша, тегін беріледі және жарымжан баланың білім беру, кәсіби даярлық, медициналық қызмет, денсаулығын қалпына келтіру, еңбек етуге дайындау салаларындағы қызмет көрсетулерге қолы жетуін және баланы мүмкіндігінше, толық, әлеуметтік өмірге тартуға, рухани және мәдени дамуын қамти отырып, тұлғалық іріленуіне септігін тигізетіндей демалу құралдарына қолын жеткізуді мақсат етеді.
4. Қатысушы мемлекеттер халықаралық ынтымақтастық рухында профилактикалық денсаулық сақтау және медицина саласында, жарымжан балаларды психологиялық және функционалды емдеу саласына қатысты ақпараттармен алмасуға, соның ішінде, қатысушы мемлекеттердің осы саладағы мүмкіндіктері мен білімін жақсартып, тәжірибесін кеңейту үшін реабилитация, жалпы білім беру және кәсіби даярлық тәсілдері жөніндегі ақпараттарды таратуға және оған қол жеткізуіне ықпал етеді. Осыған байланысты дамушы елдердің сұранысына ерекше көңіл аударылуға тиіс.

24-бап

1. Қатысушы мемлекеттер баланың неғұрлым жетілдірілген денсаулық сақтау жүйелері қызметімен, науқастарынан емдеу мен денсаулығын қалпына келтіру құралдарымен пайдалану құқығын мойындайды. Қатысушы мемлекеттер бірде-бір бала медицина жүйесінің мұндай қызметіне қол жеткізу құқығынан айырылып қалмауын қамтамасыз етуге ұмтылыс жасайды.
2. Қатысушы мемлекеттер осы құқықтың толық жүзеге асуына қол жеткізуге күш салады, соның ішінде:
а) нәрестелердің шетінеуі мен бала өлімінің деңгейін төмендету;
ә) алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға баса көңіл аудара отырып, қажетті медициналық жәрдем көрсетуді және барлық балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
б) дертке және ашқұрсақтыққа қарсы күрес, соның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек шеңберінде, қоршаған ортаның ластану қаупі мен қатерін ескере отырып, оңай қол жететін технологияны пайдалану жолымен барынша құнарлы тағамдарымен және таза ас суымен қамтамасыз ету;
в) бала туғанға және босанғаннан кейінгі кезеңдерде аналардың денсаулығын сақтау жөнінде тиісті қызмет көрсету;
г) қоғамның барлық топтары, соның ішінде ата-аналар мен балалардың, баланың денсаулығы мен тамақтануы, баланы ана сүтімен емізіп асыраудың артықшылығы, баланы қоршаған ортаның гигиенасы мен тазалығы және келеңсіз оқиғалардан сақтандыру жайлы хабардар болуын, сондай-ақ білім алуға қол жеткізуін және осындай білімді пайдалануына қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;
д) профилактикалық медициналық көмек және отбасы мөлшерін жоспарлау саласындағы ағарту жұмыстары мен қызмет көрсетулерді дамыту.
3. Қатысушы мемлекеттер баланың денсаулығына теріс ықпал ететін дәстүрлі ем тәжірибесін жою мақсатында кез келген тиімді және қажетті шараларды қабылдайды.
4. Қатысушы мемлекеттер осы бапта танылған құқықты толық жүзеге асыруға бірте-бірте қол жеткізу мақсатында халықаралық ынтымақтастықты ынталандыруға және оны дамытуға міндеттенеді.

25-бап

Қатысушы мемлекеттер құзыретті органдар күтім жасау мақсатында біреудің қамқорлығына берген баланың құқығын мойындайды, оны қорғау немесе денсаулығы немесе психикалық емдеу, балаға берілетін кезендік емдеу бағасы, басқа да балаға қамқорлық жасауға байланысты шарттар туралы құқықты мойындайды.

26-бап

1. Қатысушы мемлекеттер әлеуметтік сақтандыруды қоса алғанда, әрбір баланың әлеуметтік қамтамасыз ету игіліктерін пайдалану құқығын таниды және бұл құқықты толық жүзеге асыруға қол жеткізу үшін ұлттық заңнамаға сәйкес қажетті шаралар қабылдайды.
2. Бұл игіліктер қажеттігіне қарай баланың және баланы бағуға жауапты адамдардың қолда бар ресурстары мен мүмкіндіктері, сондай-ақ баланың өзі немесе оның атынан игіліктерді алуға байланысты кез келген әрекеттің мүмкіндіктері ескеріліп беріледі.

27-бап

1. Қатысушы мемлекеттер әр баланың дене бітімі, ақыл-есі, рухани, имандылық және әлеуметтік тұрғыдан қажетті өмір денгейіне құқығын мойындайды.
2. Баланы тәрбиелеуші ата-ана (лар) немесе басқа адамдар өздерінің қабілеттері және қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге негізгі жауапкершілікті алады.
3. Қатысушы мемлекеттер ұлттық жағдайларға және өз мүмкіндік шегінде баланы тәрбиелеп отырған ата-ана мен басқа да адамдарға осы құқықты жүзеге асыруға жәрдем көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және қажет болған жағдайда, материалдық жәрдем көрсетіп, түрлі бағдарламаларды, әсіресе тамақтандыру, киім және баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларды қолдайды.
4. Қатысушы мемлекеттер – қатысушы мемлекеттің өз ішінде де, сондай-ақ шетелде де, бала үшін қаржылық жауапкершілігі бар ата-ана немесе басқа адамдардың баланы бағуды қалпына келтіруін қамтамасыз етуі үшін қажетті шаралардың бәрін қолданады. Соның ішінде, егер бала үшін қаржылық жауапкершілігі бар адам мен бала әр мемлекетте тұрып жатса, қатысушы мемлекеттер халықаралық келісімдерге қосылуға немесе осындай келісімдерді жасасуға, сондай-ақ тиісті басқа да уағдаластықтарға қол жеткізуге ықпал етеді.

28-бап

1. Қатысушы мемлекеттер баланың білім алу құқығын мойындап, бұл құқықты жүзеге асыруға тең мүмкіндік негізінде біртіндеп қол жеткізу мақсатында, атап айтқанда:
а) тегін және міндетті бастауыш білім беруді енгізу;
ә) жалпы білім және кәсіби біліммен қатар орта білімнің барлық түрінің дамуын ынталандырып, оған барлық балалардың қолы жетерліктей болуын қамтамасыз етеді және тегін білім беруді енгізу мен қажет болған жағдайда, қаржылай көмек көрсету сияқты қажетті шараларды қабылдайды;
б) әркімнің қабілеті негізінде барлық қажетті құралдар арқылы жоғары білімге баршаның қолы жетерліктей болуын қамтамасыз етеді;
в) білім беру және кәсіби даярлық салаларына қатысты ақпараттар мен материалдарға барлық баланың қолы жетерліктей болуын қамтамасыз етеді;
г) оқушылардың мектепке тұрақты баруы мен мектепті тастап кетуші оқушылар санын азайту жөнінде шаралар қабылдайды.
2. Қатысушы мемлекеттер мектептегі тәртіп баланың адамдық қадір-қасиетін құрметтеуге бағытталған тәсілдер арқылы және осы Конвенцияға сәйкес орнықтырылуын қамтамасыз ететін шаралардың бәрін қолданады.
3. Қатысушы мемлекеттер білімге, соның ішінде бүкіл әлемдегі надандық пен сауатсыздықты жоюға және ғылыми техникалық білімге және қазіргі заманғы оқыту тәсілдеріне қол жеткізуді жеңілдету мақсатындағы мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты қуаттайды және дамытады.

29-бап

1. Қатысушы мемлекеттер білім беру баланың:
а) жеке тұлға ретінде дамуына, баланың бойындағы дарынын және ақыл-есін, дене бітімдік қабілеттерін барынша толық дамытуға;
ә) адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген қағидаттарды құрметтеуге;
б) ата-анасын, төл мәдениетінің құндылықтарын, тілін және құндылықтарын, өзі тұрып жатқан мемлекеттің және өзі туған елінің ұлттық құндылықтарын, сондай-ақ басқа өркениеттерді құрмет тұтуға;
в) баланы еркін қоғамдағы саналы өмірге түсіністік, бейбітшілік, шыдамдылық, әйел мен ер-азаматтардың құқықтық теңдігі және барлық халықтар, этникалық, ұлттық және діни топтар арасындағы достастық, сондай-ақ жергілікті халықтың өкілдерімен достықта болу рухында дайындауға;
г) қоршаған табиғатты аялауға бағыт беруге тиіс екендігімен келіседі.
2. Осы баптың немесе 28-ші баптың ешбір бөлімі, жеке адамдар мен органдардың, осы баптың 1-ші тармағында баян етілген қағидаттар тұрақты сақталған жағдайда, білім беру орындарын құру және басқару еркіндігін шектеу және мұндай оқу орындарында білім беру талаптары мемлекет тарапынан белгіленуге тиісті ең төменгі нормалардың талаптарымен сәйкес болуын орындамау деп пайымдалуы тиіс емес.

30-бап

Этникалық, діни немесе тілі жөнінен немесе жергілікті халық адамдары жөнінен азшылық болған мемлекеттерде, сондай-ақ азшылық топқа немесе жергілікті халыққа жататын бала өз тобының басқа мүшелерімен бірге өз мәдениетін пайдалану, өз дінін тұтынып, оның салт-жораларын ұстану және ана тілінде сөйлеу құқығынан айырылмауға тиіс.

31-бап

1. Қатысушы мемлекеттер баланың тынығуға және мәдени демалуға, өз жас мөлшеріне лайық түрлі ойындар мен көңіл көтеру шараларына қатысуға, мәдени өмірге еркін араласып, өнер мен айналысуға құқығы бар екенін мойындайды.
2. Қатысушы мемлекеттер әр баланың мәдени және шығармашылық өмірге жан-жақты қатысу құқығын құрметтеп қолдайды және оның мәдени шығармашылық қызметімен айналасуына, тынығуына, мәдени демалуына тиесілі және тең дәрежелі мүмкіндік туғызуға жәрдемдеседі.

32-бап

1. Қатысушы мемлекеттер әр баланың экономикалық қанаудан, оның денсаулығына қауіп төндіретін немесе білім алуына кедергі келтіретін немесе денсаулығына зиян, дене бітімінің, ақыл-есінің жетілуіне, рухани және моральдық, әлеуметтік жағынан дамуына нұқсан келтіретін кез келген жұмыстардан қорғалуға құқығы бар екенін мойындайды.
2. Қатысушы мемлекеттер осы бапты жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін заң шығарушылық, әкімшілік және әлеуметтік шаралар, сондай-ақ білім беру саласында шаралар қолданады. Осы мақсатта басқа хаылқаралық құжаттардың тиісті ережелеріне сүйене отырып, қатысушы мемлекеттер ішінара:
а) жұмысқа қабылдаудың ең төменгі жас мөлшерін немесе ең төменгі жастары мөлшерін;
ә) жұмыс уақытының ұзақтығы мен еңбек ету жағдайына қажетті талаптарды анықтайды;
б) осы баптың тиімді түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін жазаның тиісті түрін немесе басқа да санкцияларды қарастырады.

33-бап

Қатысушы мемлекеттер балаларды тиісті халықаралық шарттарда белгіленгендей есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз қабылдаудан қорғау, сондай-ақ осындай заңға қарсы заттарды өндіруге және олардың саудасына балаларды пайдалануға жол бермеу үшін тиісті заң шығарушылық, әкімшілік, әлеуметтік шараларды, сондай-ақ, білім беру саласындағы шараларды қоса алғанда, барлық қажетті шараларды қабылдайды.

34-бап

Қатысушы мемлекеттер баланы нәпсіқұмарлық қанаудың және нәпсіқұмарлық азғырудың барлық түрінен қорғауға міндеттенеді. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер, ішінара:
а) баланы кез келген нәпсіқұмарлық қатынастарға көндіруге немесе мәжбүр етуге;
ә) бала еңбегін жезөкшелік немесе басқа да заңсыз нәпсіқұмарлық тәжірибесіне қанап пайдалану мақсатына;
б) бала еңбегін порнография мен порнографиялық басылымдарда қанап пайдалану мақсаттарына жол бермеу үшін ұлттық, екі жақты және көп жақты деңгейде барлық қажетті шараларды қабылдайды.

35-бап

Қатысушы мемлекеттер балаларды ұрлау, бала саудасына немесе балаларды кез келген мақсатпен және кез келген түрде контрабандалау әрекеттеріне жол бермеу үшін ұлттық, екі жақты және көп жақты деңгейде шаралар қолданады.

36-бап

Қатысшы мемлекеттер бала әл-ауқаты аспектісіне залал келтіретін қанаудың басқа да барлық нысандарынан қорғайды.

37-бап

Қатысушы мемлекеттер:
а) ешбір баланың азапталмауын, немесе оның қадір-қасиетін қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленбеуін немесе жазаланбауын; 18 жасқа толмаған қылмыс жасаған адамдарға өлім жазасы да, түрмеге өмірлік қамауға алу да, босату мүмкіндігін қарастырмайтын жазалар да тағайындалмауын қамтамасыз етеді;
ә) ешбір баланың бас бостандығынан заңсыз немесе еріксіз айырмалуын қамтамасыз етеді. Қамауға алу, ұстау немесе түрмеге жабу заңға сәйкес жүргізіледі және соңғы шара ретінде ғана, неғұрлым тиісті қысқа мерзім ішінде қолданылуды қамтамасыз етеді;
б) бас бостандығынан айырылған әр бала өз жасындағылардан талап етулері ескеріле отырып, өз жеке басының ажырамас қадір-қасиеті ретінде адамгершілікті көзқарасты және құрметтеуді пайдаланады. Соның ішінде, бас бостандығынан айырылған бала ересектерден бөлек ұсталуға тиіс, алайда, ішінара оның ең қажетті мүддесі ескеріліп, септігін тигізер деген ниетпен ғана ересектермен бірге ұсталуы мүмкін, сондай-ақ ерекше жағдай туындамаса өз отбасымен хат жазысу және жүздесу арқылы байланыс орнатуға құқығын қамтамасыз етеді;
в) бас бостандығынан айырылған баланың еш кідіріссіз құқықтық және басқа да тиісті көмекке қол жеткізуге, сондай-ақ сот немесе басқа да құзыретті, тәуелсіз және әділетті органдар алдында өз бас бостандығынан айырылу заңдығына дауласуға құқығын және де олар осындай кез келген іс жүргізу әрекеттерге қатысты шешімін кейінге қалдырмай қабылдауларын талап ету құқығын қамтамасыз етеді.

38-бап

1. Қатысушы мемлекеттер қарулы қақтығыс кезінде қолданылатын балаларға қатысты халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын құрметтеп, олардың сақталуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
2. Қатысушы мемлекеттер жасы 15-ке толмаған балалардың соғыс қимылдарына тікелей қатыспауын қамтамасыз ету үшін қолдан келген шаралардың бәрін қабылдайды.
3. Қатысушы мемлекеттер жасы 15-ке толмаған кез келген баланы өзінің қарулы күштер құрамына шақырмау негіздерін ұстанады. Жасы 15-ке толған, бірақ әлі 18-ге толмаған балаларды әскерге тарту кезінде, қатысушы мемлекеттер олардың ішінен көбіне ересектеулерін алуға тырысады.
4. Қатысушы мемлекеттер қарулы қақтығыс кезінде бұқара халық

Категория: Нормативтік құжаттар

 

Рухани жаңғыру

Автор: admin от 24-10-2017, 10:55, посмотрело: 570

1 Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында Аба атындағы мектеп гимназияда іс-шара жоспары құрылып, бекітілді.
Егеменді еліміздің ертеңін сапалы біліммен саналы тәрбиемен қамтамасыз ететін ұстаздар қауымы екенін жақсы білеміз. Осыған орай Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын мұғалімдердің арасында түсіндірумен қатар онда жаңаша бастама беріп, айтылып отырған мәселелердің маңызын айтып талдап айтып өтті. Әрине, «Рухани жаңғыру» қазақ халқы үшін күні бүгін жасалып отырған дүние емес. Іргемізді бекітіп, шекарамызды нақтылап алған біздің жер үшін болашақтың баянды да бағытты іс- шараларының жиыны деп айтуға болады. Білім мен ғылым саласында енгізіліп отырған әлемдік- ғылыми заманның туып келе жатқандығының бір бейнесі екендігі баршаға аян.
Рухани жаңғыру

Категория: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

 

Рухани жаңғыру Шығарма байқауы

Автор: admin от 24-10-2017, 07:03, посмотрело: 475

0 «Рухани жаңғыру, туған жер» тақырыбында өткізілген шығарма байқауының қорытындысы бойынша
Ақпарат
«Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелестік қабілетімен айқындалады».- деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде айтып өтті. Биылғы жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының да өзекті тұсы да адамдардың бәсекелестігіне аса мән берілген. Жолдаудың мақсаты білімді жастардың өз білімімен жан- жаққа барып тәжірбие таратуы, дамытуы, күрделендіре үйренуі де аса маңызды дүние болып табылмақ. Елбасының жарияланған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Абай атындағы мектеп гимназиясында қазақ тілі мен әдебиет пәндері мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 9 – 11сынып оқушылары арасында мектепішілік «Рухани жаңғыру, туған жер» тақырыбы аясында шығарма байқауы өткізілді. Байқауға 9 – 11 сынып оқушылары арасынан 24 оқушы қатысты. Шығарма байқауы басында мектебіміздің тәжірбиелі ұстазы Л. Ерболева Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының мақсатымен оқушыларға түсіндіре отырып, өткізілгелі отырған байқауда оқушыларға сенім мен қолдау білдірді. Келесі кезекте жас маман С.Төребек «Бағдарлы болашақ – бүгіннен..» атты баяндамасын оқыды. Байқау нәтижесі бойынша 1 – орынды 10 а сынып оқушысы Серғалы Гүлім (жетекшісі: Ерболева Лязат) 2 – орынды 11 сынып оқушысы Қайролда Ақерке мен 9 - сынып оқушысы Жекен Ақжол алса, (жетекшісі: А.Мағзұмқызы), 3 - орынды сынып 11 сынып оқушысы Исатай Айман (жетекшісі: Л.Ерболаева), 10 сынып оқушысы Әліпбай Аяужан (жетекшісі: А.Мағзұмқызы) 9 сынып оқушысы Жандосова Дильназ (жетекшісі: С.Төребек) иеленді.

Категория: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

 
https://www.google.ru/search?q=%D1%80%D1%83%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B8+%D0%B6%D0%B0%D2%A3%D2%93%D1%8B%D1%80%D1%83+%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D0%B0%D1%88%D0%B0%D2%9B%D2%9B%D0%B0+%D0%B1%D0%B0%D2%93%D0%B4%D0%B0%D1%80+%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%BE%D1%82%D0%B8%D0%BF&newwindow=1&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwj29YWJ7IjXAhWya5oKHbKQAy0Q_AUICygC&biw=1396&bih=668&dpr=1.38#imgrc=LDoSDVlCzV6rKM:

Рухани жаңғыру "Туға жер бағдарламасы"

Автор: admin от 24-10-2017, 06:56, посмотрело: 801

0 2017-2018 оқу жылы Абай атындағы мектеп гимназияда Рухани жаңңғыру «Туған жер» бағдарламасын іске асыру барысында «Қазақстан тарихы» 5-7 сыныптар, «география» 6-7 сыныптарда «Өлкетану» курсын ұйымдастыру туралы
АҚПАРАТ
2017-2018 оқу жылында «Қазақстан тарих» (5-7 сыныптар), «География» (6-7 сыныптар) пәндері бойынша Абай атындағы мектеп гимназияда «Туған жер» бағдарламасын іске асыру барысында Қазақстан тарих пәнінен бөлініп отырған 5 сағаттық сабақты «Ауған соғыс» ардагерлеріне қойылған ескерткішке, аудандық кітапханаға, М.Тынышпаев ескерткішіне, «Қазақ хандығының-550 жылдығы» орай ашылған саябаққа, жеңіс саябағына баруды жоспарларға кіргізілді. Жоспар бойынша белгіленген мерзімде сабақ барысында оқушыларды таныстырулар жүргізіледі. География пәнінен бөлініп отырған 5 сағаттық сабақты «Туған өлке өзендері» Сарқан өзенінің физикалық-географиялық орынымен, бастауымен танысту, Сарқан аудандық метирологиялық орталыққа саяхат, Сарқан қаласыныда топырақтың таралу типімен танысу, туған өлке аумағының жер бедерімен танысу,аудандық кітапханаға саяхат, Сарқан ауданының экономикалық-географиялық жағдайымен танысу тақырыптары бойынша күнтізбелік жоспарларға кіргізілген. Кіргізілген тақырыптар бойынша оқушылармен жыл бойы жұмыстар жүргізіледі.

Категория: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

 

Рухани жаңғыру "Туған өлке бағдарламасы"

Автор: admin от 24-10-2017, 06:50, посмотрело: 332

0 Туған жерге деген сүйіспеншілік нені біл­діреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде?

Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.

Толығырақ: https://egemen.kz/article/nursultan-nazarbaev-bolashaqqa-baghdar-rukhani-zhanhghyru
Материалды көшіріп басқанда Egemen.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз!
1-4 сынып оқушылары жазғы демалыс оқушыларды жазғы лагермен қамту мақсатында Черкаск қорғаны Талдықорған қаласындағы «Абай» атындағы ескерткіш музейіне саяхат жасады. Саяхат барысында балалар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, өз жерінің әдебиетіне, мәдениетіне, тарихына тағлым жасау қажет екенін түсініп қайтты.
Рухани жаңғыру "Туған өлке бағдарламасы"
Рухани жаңғыру "Туған өлке бағдарламасы"

Категория: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

 

Үш тілділік

Автор: admin от 24-10-2017, 06:41, посмотрело: 399

0 «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін» - деп дана халқымыз текке айтпаған. Бұл даналықты Елбасымыздың өзі де нақтылап «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында нақты атап өткен. Әлемнің алға ілгерілуі озық техниканы меңгерумен көп тілділікті қажет ететін дүние екені басты айтылған . Дамыған елдердің озық тәжірбиесін білу үшін сол елдің тілін меңгеру заңды міндет болса, меңгерген дүниені өз еліннің мәртебесі үшін қолдансаң, міне бұл азаматтық міндет саналмақ. Қазіргі таңда біздер үшін «Үш тұғырлы тіл» мәнін былай түсіну керек. Ең негізгісі - қазақ тілі, ең маңыздысы – орыс тілі , ағылшын тілі болып қала бермек. Осыған орай мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж.Әлжанова «Үш тілді білгім келеді» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Озық тәжірбені үйрену үлкен ізденістерден тұрады. Мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері М.Жөнделбаева мен Д. Есимбекова тілдік деңгейлерін көтеру мақсатында 1 айлық көлемде курстан өтіп қайтты.
Үш тілділік

Категория: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

 

Мектептегі рухани жаңғыру

Автор: admin от 24-10-2017, 06:38, посмотрело: 6185

5 Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында іс-шара жоспары құрылып, бекітілді.
Егеменді еліміздің ертеңін сапалы біліммен саналы тәрбиемен қамтамасыз ететін ұстаздар қауымы екенін жақсы білеміз. Осыған орай Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын мұғалімдердің арасында түсіндірумен қатар онда жаңаша бастама беріп, айтылып отырған мәселелердің маңызын айтып талдап айтып өтті. Әрине, «Рухани жаңғыру» қазақ халқы үшін күні бүгін жасалып отырған дүние емес. Іргемізді бекітіп, шекарамызды нақтылап алған біздің жер үшін болашақтың баянды да бағытты іс- шараларының жиыны деп айтуға болады. Білім мен ғылым саласында енгізіліп отырған әлемдік- ғылыми заманның туып келе жатқандығының бір бейнесі екендігі баршаға аян.
Мектептегі рухани жаңғыру

Категория: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

 

Тілдер мерекесі

Автор: admin от 24-10-2017, 06:26, посмотрело: 364

0
Тілдер мерекесі
Тілдер мерекесі
Тілдер мерекесі

Категория: ---

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine