Жалпы мектептік ата-аналар комитетінің жылдық жұмыс жоспары » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жалпы мектептік ата-аналар комитетінің жылдық жұмыс жоспары
09
ақпан
2018

Жалпы мектептік ата-аналар комитетінің жылдық жұмыс жоспары

Жалпы мектептік ата-аналар комитетінің жылдық жұмыс жоспары 2017-2018 оқу жылы
Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін.
В.А. Сухомлинский
Ата-аналар комитетінің негізгі мақсаты:
Балалардың мектеп өмірінде сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін оқу-тәрбие үрдісіндегі іс–шаралардың талапқа сай деңгейде ұйымдастырылуына ат салысу. Мектептің ішкі-сыртқы тәртіп ережелеріне көңіл бөле отырып, ұсыныстар жасау, көмек беру. Оқушылардың жан-жақты тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау.
Ата - аналар комитетінің негізгі міндеттері:
1. Мектеп өмірімен тұрақты байланыс орнату;
2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету;
3. Ата–аналар ұжымын құру;
4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру;
5. Мектеп өмірінде өткізілетін түрлі тәрбиелік шараларға қатынасу, материалдық жағынан көмек беру;
6. Түрлі рейдтер ұйымдастыру;
7. Оқушы қауымының алаңсыз білім алуына барынша жағдай жасау;
8. Ұстаздар қауымымен бірлесе қызмет ету;
9. Ұстаздар мен оқушылардың құқықтарын қорғау.
Күтілетін нәтиже:
Ұстаздар қауымымен біріге отырып еңбек нарығында бәсекеге
қабілетті, өмір жолында өз мамандығын таңдай алатын, бойына игі қасиеттерді
сіңірген, тәрбиелі, елінің гүлдену жолында аянбай еңбек ететін патриот тұлғаны қалыптастыру.
Жыл бойы: Оқу-тәрбие үрдісінде қиындық туғызып жүрген балалардың ата-аналарымен жеке жұмыс түрлерін өткізу. Жайсыз отбасыларына ата-аналар рейдін ұйымдастыру. Мектеп әкімшілігімен бірлескен педагогикалық кеңестер өткізу. Өзін-өзі басқару ұйымының жиналыстарына, ұйымдастырып өткізген іс- шараларына көмек беру. Инспектордың есебіндегі балалардың ата-аналарымен кездесу ұйымдастыру. Ата-аналар комитетінің жұмыстарының атқарылуы, шешімдері мен хаттамаларын мектеп сайтына салу.
Тамыз – қыркүйек: Мектепті жаңа оқу жылына қабылдау тексерісіне қатысу.
Жалпымектептік ата-аналар комитетінің жылдық жоспарын құру, мектепке қажетті қаражат көздерінкөмек ретінде қарастыру. Ата-аналар комитетін, мүшелерін қайта сайлау, міндеттерін жүктеу. Жалпымектептік ата-аналар жиналысын өткізу. 2017-2018 оқу жылы бойынша ата-аналар комитетінің атқарған жұмысының есебі.
Мектептің,сынып кабинеттерінің,акт залының спорт залдың,шеберханалардың, асхананың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарының тексеру. Оқушылардың ата-аналарын мектептің жаңа оқу жылына жан-жақты дайындығы жайлы хабардар ету.Оқу орынының қауіпсіздігін тексеру мақсатында «Ата-аналар рейдін» ұйымдастыру .«Білім күні» мерекесінің ұйымдастырылуына, өткізілуіне
ат салысу.
Қазан: Оқушылардың мектеп формасымен қамтылуына ат салысу.Балалардың сабақтан тыс уақыттағы жүріс-тұрысы жайлы әңгіме өткізу, бос уақыттарын тиімді өткізуге байланысты бағыт-бағдар беру. «Ұстаздар күні» мерекесінің ұйымдастырылуына көмектесу.
Қараша: Мектептің санитарлық жағдайын тексеру және оқушылардың киім-киісін тексеру мақсатында ата-аналар рейдін ұйымдастыру.
Желтоқсан: Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары бойынша өткізілетін мектепішілік шараларға қатысу.Мектеп өмірінде ұйымдастырылатын түрлі байқаулар мен шараларға қазылық жасау. Жаңа жыл мерекесін мұғалімдермен ұйымдастыру.
Қаңтар: Жалпы мектептік ата-аналар комитетінің 2015-2016 оқу жылының I жарты жылдығы бойынша атқарған жұмыстарының есебін беру.Жалпы ата-аналарға «Ашық есік» күнін ұйымдастыру.
Ақпан: Үйірмелердің, секциялардың, клубтардың уақытылы өткізілуін жете қадағалау.
Наурыз: «Халықаралық әйелдер күні» мерекесінің ұйымдастырылуына
ұсыныстар жасау.
Сәуір: Оқушылардың оқулықтарының жағдайын тексеру. Жалпымектептік
сенбілікке ата-аналарды жұмылдыру.
Мамыр: Жазғы балалар лагерінің ұйымдастырылуына көңіл бөлу.
«Ең үздік сынып» байқауына қазылық ету «Отбасы күні» мерекесіне қатысу.
«Жеңіс күні», мерекесінің ұйымдастырылуына көмектесу.
«Соңғы қоңырау» мерекесінің ұйымдастырылуына қол ұшын беру.
Маусым: Жалпымектептік ата-аналар комитетінің, мүшелерінің
жылдық есебі. 11 сыныптың қоштасу кешінің ұйымдастырылуы мен
өткізілуіне көмектесу.
Шілде: Ата-аналар кеңесінің демалыс уақыты.
Абай атындағы мектеп гимназиясының 2017-2018 оқу жылында құрылған жалпы мектептік ата-аналар комитетінің негізгі құрамы:
Комитет төрайымы: Нурахимова Гульназ Нурахимовна
Мүшелері: 1. Имангалиева Дания Муратовна
2. Жамантаева Гульжан Сапаровна
3. Ешмухамбетова Асель

Похожие публикации: