Болам деген баланың -белін буған мектеп. » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Болам деген баланың -белін буған мектеп.
06
желтоқсан
2017

Болам деген баланың -белін буған мектеп.

Дарындылық- туа біткен қасиет, бірақ оны анықтап-дамыту тек қана үйден басталмайды, дарындылықты анықтап-дамытудың негізгі бастамасы мектептің табалдырығынан бастама алады. Ағымдағы жылдың қараша айының 29 жұлдызында Алматы қаласында өткен «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасының Рәміздеріне 25 жыл, Қазақстанның БҰҰ (ООН) қабылдануына 25 жыл құрметіне арналған, «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында «МӘҢГІЛІК ЕЛ, ҚАЗАҚСТАНЫМ!»атты оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы фестивальден Абай атындағы мектеп гимназияның оқушылары:
Бектемисова Фатиманың ғылыми-практикалық жұмысы Бас жүлде,
«Эстрадалық өнер»номинациясы бойынша Дүйсенбек Шуақбол Бас жүлде ,
«Көркем сөз» номинациясы бойынша:Тұрдыбек Жандарал Бас жүлде,
«Көркем сөз» номинациясы бойынша: Тұрсынғали Дана І орын ,
«Көркем сөз» номинациясы бойынша: Кененбай Мади І орын ,
«Көркем сөз» номинациясы бойынша: Хапез Абылай ІІ орындармен марапатталды.
Жоғарыда аталған оқушыларға «Бейбітшілік әлемі» (Планета мира- World of peace) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІРЛЕСТІГІнің ұйымдастыруымен Бірікке Араб Әмірлігі Дубай қаласында өтетін Ұстаздардың, Оқушылар мен Ата-Аналардың «Дубай - 2018» Халықаралық Достық форумы, Өнер фестивалі мен Ғылыми конференциясына шақырту хатын алуы, Ата-аналар мен қатысушы оқушыларға үлкен мәртебе болды. Жеңімпаздарды мектеп директоры Н.Есенгулова ерекше құрметпен қабылдап, мектепішілік жиында жеңімпаз оқушылар мен ата-аналарын салтанатты саппен жүргізіп, марапаттарын табыс еттіп, демеушілерге зор құрмет көрсетуі тәрбиелік маңызы зор шара болды.