Мұқағали - Мәңгілік жыр » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
сәуір
2017

Мұқағали - Мәңгілік жыр

2017 жылдың 9 ақпанында Абай атындағы мектеп гимназияда кітапханашылар Сиязбаева Шолпан мен Омарбекова Назияның ұйымдастырумен «Жыр тұлпары - Мұқағали» атты әдеби-сазды кеші өтті. 
Кешіміздің мақсаты: ғасырлар тоғысында «ғасыр ақыны» атанған М.Мақатаевтың ақындық талантын оқушылар жүрегіне ұялату. Мұқағали өлеңдері арқылы жас ұрпақты ерлікке, туған жерді, адамзатты сүюге, адамгершілікке, адалдық достыққа, сүйіспеншілікті, махаббатты бағалауға тәрбиелеу, оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Кешке 5-11 сынып аралығындағы оқушылар катысты. Шақырылған қонақтар ішінде «Сарқан» газетінің қызметкері Алипова Альмира қатысты.
Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаев туралы бейнероликтер, даусы жазылған үнтаспаларын оқушыларға тыңдатты.
Мұқағали Мақатаевтың шығармалары негізінен Отанға, елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махабатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналаған. Ақынның өлеңдерінен үзінді оқылды. Жазушы Набиден Әбдуталиев жұбайымен Мұқағали Мақатаевқа ауруханада жатқан кезінде келген сахналық көрінісін және «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс көрсетілді. М. Мақатаевтың «Есіме мені алғайсың», «Қарасаз», «Фаризаға», «Бақыт деген» әндері орындалды. 
Мұқағали Мақатаевқа оқушылар арнау арнап жыр шумақтарыннан өз өлеңдерін оқыды. 
Жетісу өңіріндегі Мұқағали Мақатаев бірақ адам, ол біздің музыка пәнінің мұғалімі Мұқағали Мақатаев, сол күні «Жетісу» телеарнасына тікелей эфирде өз сұхбатын берді.