Қыз өссе елдің көркі » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
сәуір
2017

Қыз өссе елдің көркі

 «Қыз қылығы»

3-наурыз күні Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласындағы Абай атындағы мектеп гимназияда «Қыз қылығы» атты мектептегі оқушы қыздарға семинар-тренинг болып өтті. Семинардың мақсаты: қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.. 

Семинарға 8,9,10 сынып оқушыларының қыздары қатысты. Семинарды мектеп психологы Мушельдесова Анель «Қазірден...басқа бақытты болатын уақыт жоқ!» атты тренингпен бастады. Қыздар өз ойларымен бөлісіп, тренингті қорытындылады. Семинар қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Төребек Сандуғаштың «Қыз - елдің ары» атты тақырыпта баяндамасымен жалғасты. Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне ерекше ден қойғанын айта отырып. Себебі - бүгінгі бүлдіршін қызды «ертең ибалы келін, одан соң абзал ана атанады» деп тәрбиелегені жайлы айтып. Қыз баланың әр кезде әдептіліктің ауылынан алыстамай, «ар», «намыс», «адалдық» дейтін ұлы ұғымдарды шынайы жүрегімен түсіну керектігін айтты. Баяндама барысында «Қыз қылығы» тақырыбындағы тәрбиелік мәні бар видеолар көрсетілді. «Қызға қырық үйден тыйым» мақалын талқыға салып, қызды-тыйып ұстау-тірсектен қағып, еңсесін езу емес, қыз баланың ақылды да инабатты, өнерлі де өнегелі болып толысуына ата-анамен бірге ағайын-туған, ауыл-аймағы да жауапты екенін айтады. Қызды тектеп ұстауды меңзейді. Бүгінгі жастар «заман осындай» деген желеумен батыстық менталитетке ден қойғаны жайлы айтылды. Семинар Бекболат Тілеуханның «Қыздың ары-ұлттың ары» видеосымен қорытындыланды.