Экологиялық конференция » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Экологиялық конференция
17
сәуір
2017

Экологиялық конференция

Экологиялық конференция 

 

Табиғат ананы қорғау – адам баласының ең басты міндеті. Қоршаған ортаның тазалығы – біздің қауіпсіздігіміз. Қазіргі жер шарындағы ластанулар өлім факторларының жаппай бой көтеруіне алып келуде. Осы орайда ақпан айының 22-күні Абай атындағы мектеп гимназияда "Ғаламшарды бірге қорғайық” атты конференция осы бағытта өтті. Бұл конференцияға Жоңғар Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің рекреация экологиялық ағарту және туризм бөлімінің маманы Сағынғалиева Ботогөз және гид экскурсия жетекшісі Садуақасов Данияр, Сарқан - Ақсу аудандары бойынша мемлекеттік экология инспекторы Унербекова Меруерт Серікқызы, Жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Абділда Алмат, Ақын Сара орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Елшибекова Аспет, Н.Островский атындағы мектеп - лицейінің география пәнінің мұғалімі Светлана Николаевна қатысты. Конференцияның басты мақсаты – жас өспірімдерге табиғат ананың қадірін түсіндіру, экологиялық тәрбие, табиғатты бұзушы факторлардың алдын алу.  "Сақтансаң, сақтайды” дегендей қоршаған ортаның қайта қалпына келуіне теңіздің тамшысындай болсын көмегін тигізу болып табылады. 

Конференцияда қорғалған негізгі тақырыптар
Топырақтың бұзылуы, шөлейттену, 
Азон қабатының жұқаруы;
Өнеркәсіп және тұрмыстық қалдықтар;
Ауыз су мәселесі;
Табиғат ресурстарының сарқылуы;
Ауаның ластануы;
Тероризм; 

Қатысушылардың жобасы көрермендерге орамды ой салды. Жастардың көз қарасы – біздің келешегіміз. Демек, жасөспірімдердің ізгі ниеті – болашағымызды гүлдендірері анық. Табиғат ананы бірге қорғайық!!!