"Жас маман-2018" » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
ақпан
2018

"Жас маман-2018"

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін, деп жырлаған Мағжан атамыз тұғыры биік еліміздің рухы асқақ, өресі биік, білімді де талантты жастарына әрдайым сеніммен қараған. Осы орайда биылғы 2017-2018 оқу жылында мектебімізге көптеген жас мамандармен толығып, жас мамандарға, тәжірибелі мұғалімдерден тәлімгерлер бекітілді.
Осындай шығармашыл жас мамандарды қолдап, олардың кәсіби деңгейлерін көтеру мақсатында «Жас маман - 2018» байқауы өткізілді. Байқауға алты жас ұстаз қатысып, бес кезең бойынша өзара бақ сынасты.
Сайыс қатысушыларын бағалау үшін мектеп ішінен әділ-қазылар мүшесі құрылды:
1. Мектеп директоры Н.Есенгулова
2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Урумбазарова
3. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Сембаева
4. Абай атындағы МГ бастапқы кәсіподақ төрағасы Б.Джилкибаев
5. Мектеп тренері Д.Бекболатова
6. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Л.Ерболаева
7. Тарих пәнінің мұғалімі У.Смаханова
Жас мамандардың біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш-жігерлерін жұмсауға баулу мақсатында «Үздік жас маман» байқауының кезеңдерінде ықшам сабақтар жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша өткізіп, Жас мамандардың ықшам сабақтары жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, әрбір жас ұстаз өз пәні бойынша сабақ өткізу ерекшеліктерін көрсете білді.
«Жас маман-2018» байқауының жеңімпаздары:
«Бас жүлде»- Сейтканов Серік алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі мараптталды.
І орын - Аухадиев Аслан денешынықтыру пәнінің мұғалімі мараптталды.
ІІ орын - Абдолдина Аружан ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мараптталды.
ІІІ орын - Мұратхан Гульнара бастауыш сынып мұғалімі мараптталды.
«Білімді ұстаз» - Шакиртхан Нұргүл номинациясымен мараптталды.
«Шығармашыл ұстаз» - Орыспаева Назым номинациясымен мараптталды.

Похожие публикации:

25 қаңтар 2018 Екі жұлдыз
03 желтоқсан 2017 «Брейн-ринг» ойындары
24 қазан 2017 Үш тілділік