Алтын күз мерекесі » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
қараша
2017

Алтын күз мерекесі

АҚПАРАТ

«Алтын күз» мерекесі қарсаңында 2017 жылдың қазан айының 23-25 күндер аралығында Абай атындағы мектеп гимназияда «Күз ханшайымы мен ханзадасы –2017 ж.» сайысы 2-4 сыныптар, 5-7 сыныптар, 8-10 сыныптар арасында болып өтті.Сайыс 5 кезеңге бөлінді: күзгі вальс, таныстыру, күздік композиция, сән үлгісі, сұрақ-жауап. Әділ қазылар алдын ала сайланып, сайыс бойынша әр сыныпқа өз ұпайларын беріп отырды. Күз мерекесіне оқушыларымызда барынша дайындықпен келгені көрінді, ерекше сән үлгілерімен, күздік композицияларымен көреремендерді таңқалдырды. Қазанның 23 күні бастауыш сыныптар арасында тапқырлықтарымен, жан-жақтылығымен 3 «а» сыныбы көшбастап «Күз ханшайымы мен ханзадасы – 2017 ж» бас жүлде иегері атанды, І- орынды- 4 «б», ІІ орынды - 2 «б»,4 «ә» сыныптар, ІІІ орынды - 4 «а» иеленді.
Қазанның 24 күні 5-7 сыныптар арасында бас жүлдені - 5 «а» сынып, І орынды- 6«а» сынып, ІІ орынды – 6 «ә», 7 «а» сыныптары, ІІІ орынды -7«ә», 7 «б» сыныптары иеленді.
Қазанның 25 күні 8-10 сынып оқушылары арасында бас жүлде- 10 «а» сынып, І орынды- 8 «а» сынып, ІІ орынды-10 «ә» сынып, ІІІ орынды – 8 «ә», 8 «б» сыныптары иеленді. Қалған сыныптар номинация иегерлері атанды.
Әр сыныптың сынып жетекшілері, ата-аналары «Күз ханшайымы мен ханзадасы» сайысын өз деңгейінде өтілуіне барынша ат салысты.