17
сәуір
2017
Гүлдер акциясы
Гүлденсе мектеп – гүлденеміз бәріміз !
Атамыз қазақта «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деген тамаша ұлағатты сөз бар. Мағынасы терең, тағлымы мол осы сөзді басшылыққа алған Абай атындағы мектеп гимназияның зейнетке шыққан ұстаздары мектеп дәлізіне гүл сыйлауды бастама етіп көтерді.
Акцияны 15 наурыздан 15 мамырға дейінгі аралықта жалғастырып, мектептің гүлденуіне үлес қосуды мектептің ұстаздары мен кіші қызметкерлері бірдей ат салысуға үн қосты.
Акцияның өз мәресінде өтуіне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Урумбазарованың шығармашылық еңбегі шексіз екені көрінді.
Акцияның бірінші ашылу кезеңінің лентасын мектеп директоры Н.Есенгулова мен бастауыш сынып мұғалімі Д.Бекболатова қиды.
Акцияның бірінші кезеңіне қырықтан астам адам өз үлестерін қосып қойған гүлдері көздің жауын алып, әсемдік әлемінің есігі ашылғандай сезіндік.
Осындай игі бастамада ұстаз - апалардың немерелері
Мектеп қандай керемет,
Дәлізде толды гүлдерге
«Акцияға үлес қоссам», деп
Жүгірді бүгін қанша жан
Гүлдей берсін мектебім
Қош келдің, «Ару көктемім» ,
- деген жүрек жарды жырларын оқыды.