Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Жас өспірім – Заң-Қауіпсіздік

Автор: admin от 4-03-2018, 23:21, посмотрело: 50

0 «Бақытты балалық шақты қорғау» имидждік жобаны іске асыру мақсатында 20-24 ақпан аралығында Абай атындағы мектеп гимназиясында«Жасөспірім – Заң-Қауіпсіздік» акциясы өтті. Акцияға жоспар құрылып, жоспар бойнша жұмыстар жүргізілді.
Акцияның мақсаты кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.
Акция барысында 2-6 сыныптар аралығында «Сақтықта қорлық жоқ» атты тәрбие сағаты, 7-8 сыныптар аралығында ««Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік» атты тәрбие сағаты, 9-11 сыныптар аралығында «Жасөспірім және заң» атты дөңгелек үстел өткізілді.
21 ақпан Сарқан АІІБ мекемесінің ашық есік күні өтті. Ашық есік күніне 8-10 сынып оқушылары қатысып,ішкі істер органдарының мекемесін Сарқан АІІБ қызметкерлері аралатып, таныстырды.
Жас өспірім – Заң-Қауіпсіздік

23 ақпан күні бопсалаудың алдын алу мақсатында Сарқан АІІБ ЖПК ЮПТ инспекторлары полиция лейтенанты Шаров Ж. А және полиция лейтенанты Бейсенбі Б, полиция лейтенанты Серипаев Ж. 9-10 сынып оқушыларынан анонимдік сауалнама алды.
Жас өспірім – Заң-Қауіпсіздік

Жоспар бойынша «Қылмыс пен жаза» тақырыбында 6-7 сыныптар арасында бейнелеу өнерінен байқау ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. Бас жүлде -7б сынып Әлібай Рахат, 1 орын – 6а сынып Кәрім Ясмина, ІІ орын-6б Сәбікен Серікбол, ІІІ орын-6а сынып Дәулеткен Нұрай, «Жас суретші» номинациясы – 6а сынып Қуатбек Гүлжайна, «Жас графика шебері» номинациясы – 6а Дәлеткен Арай, 6б Нүсіпқан Балжан.
Жас өспірім – Заң-Қауіпсіздік



Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

«Жеке бас игиенасы»

Автор: admin от 4-03-2018, 23:03, посмотрело: 51

0 Ағымдағы жылдың 19-23 ақпан аралығында мектебіміздің медбикесі Жаматаева Гүлжан Сапарғалиқызы «Жеке бас игиенасы» атты тақырыпта 5-8 сынып оқушылары арасында түсіндіру жұмысын жүргізді.
Түсіндіру жұмысының басты мақсаты оқушылардың арасындағы жұқпалы аурулардың алдын алу.
«Жеке бас игиенасы»

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 
https://www.google.ru/search?q=%D1%80%D1%83%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B8+%D0%B6%D0%B0%D2%A3%D2%93%D1%8B%D1%80%D1%83+%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D0%B0%D1%88%D0%B0%D2%9B%D2%9B%D0%B0+%D0%B1%D0%B0%D2%93%D0%B4%D0%B0%D1%80+%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%BE%D1%82%D0%B8%D0%BF&newwindow=1&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwj29YWJ7IjXAhWya5oKHbKQAy0Q_AUICygC&biw=1396&bih=668&dpr=1.38#imgrc=LDoSDVlCzV6rKM:

«ҰБТ-ға дайындық барысында стресстік жағдайды конструктивті жолмен шешу»

Автор: admin от 7-02-2018, 05:34, посмотрело: 59

0 «ҰБТ-ға дайындық барысында стресстік жағдайды конструктивті жолмен шешу»
2017-2018 оқу жылының 1-ақпан күні 11 сынып оқушыларымен «ҰБТ-ға дайындық барысында стресстік жағдайды конструктивті жолмен шешу» тақырыбында психологиялық тренинг-жаттығу жүргізілді. Теренинг-жаттығуды «imo әдісі» арқылы жағымды көңіл-күй қалыптастырып бастадық. Сонымен қатар «Биік шыңдар»кезеңінде алдыға қойған арман-мақсаттарын анықтау мен оған жету жолдары айтылды. Жағдаяттардан шығу жолдары (психологиялық стресстен шығу). Мақсаты: қиындықтан шығуға, шыдамдылығын, қарым-қатынасын бағалау. «Шиыршық қар» жаттығуы ойнатылды. «Шынымды айтсам» жаттығуы жүргізілді. Мақсаты: айналадағылардың топтық сенімін бекіту, ішкі қысымнан, қорқынышынан арылту, ашық болуға бағыттау. Флешмоб (физиологиялық стресстен шығу-жолдары). Мақсаты: Оқушылардың көңіл күйлерін көтеру. Бұл кезеңде флешмобпен тренинг-жаттығу аяқталды.
Оқушылардың стресстен шығуға көздеген мақсатқа жеткендігі анық байқалды.
«ҰБТ-ға дайындық барысында стресстік жағдайды конструктивті жолмен шешу»
«ҰБТ-ға дайындық барысында стресстік жағдайды конструктивті жолмен шешу»

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

«Мен таңдаған жол»

Автор: admin от 7-02-2018, 05:12, посмотрело: 64

0 «Мен таңдаған жол»
2017-2018 оқу жылының 6-ақпан күні 11 сыныптармен «Мен таңдаған жол» тақырыбында психологиялық тренинг-жаттығу жүргізілді.
Сонымен қатар 11 сынып оқушыларымен стресске төзімділік деңгейін анықтау мақсатында Спилберг-Ховард тесті жүргізілді. Мақсаты: 11-сынып оқушыларының стреске сезгіштігі ретінде алаңдау деңгейін анықтау және тұлғаның сынақ алдындағы қорқу, қобалжу жағдайын сипаттау. 4 топ – позитивті қатынасты тереңдетуге арналған 3 жаттығу – Ілмектер (Деннисон және Кук) және позитивті нүктелер.
Мақсаты: Барлық оқу дағдыларын игеруде позитивті әсерін тигізеді. Жаттығу «Дыбыстық жаттығу» мақсаты: дыбыстық гимнастикамен таныстыру, рух пен дененің тынығуы. Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер. Ең-ең... ойыны жүргізілді. Стрестік жағдайдағы жаттығулар. Бос микрофон.
 «Мен таңдаған жол»
 «Мен таңдаған жол»

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

"Жас маман-2018"

Автор: admin от 5-02-2018, 02:51, посмотрело: 129

0 Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін, деп жырлаған Мағжан атамыз тұғыры биік еліміздің рухы асқақ, өресі биік, білімді де талантты жастарына әрдайым сеніммен қараған. Осы орайда биылғы 2017-2018 оқу жылында мектебімізге көптеген жас мамандармен толығып, жас мамандарға, тәжірибелі мұғалімдерден тәлімгерлер бекітілді.
Осындай шығармашыл жас мамандарды қолдап, олардың кәсіби деңгейлерін көтеру мақсатында «Жас маман - 2018» байқауы өткізілді. Байқауға алты жас ұстаз қатысып, бес кезең бойынша өзара бақ сынасты.
Сайыс қатысушыларын бағалау үшін мектеп ішінен әділ-қазылар мүшесі құрылды:
1. Мектеп директоры Н.Есенгулова
2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Урумбазарова
3. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Сембаева
4. Абай атындағы МГ бастапқы кәсіподақ төрағасы Б.Джилкибаев
5. Мектеп тренері Д.Бекболатова
6. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Л.Ерболаева
7. Тарих пәнінің мұғалімі У.Смаханова
Жас мамандардың біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш-жігерлерін жұмсауға баулу мақсатында «Үздік жас маман» байқауының кезеңдерінде ықшам сабақтар жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша өткізіп, Жас мамандардың ықшам сабақтары жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, әрбір жас ұстаз өз пәні бойынша сабақ өткізу ерекшеліктерін көрсете білді.
«Жас маман-2018» байқауының жеңімпаздары:
«Бас жүлде»- Сейтканов Серік алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі мараптталды.
І орын - Аухадиев Аслан денешынықтыру пәнінің мұғалімі мараптталды.
ІІ орын - Абдолдина Аружан ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мараптталды.
ІІІ орын - Мұратхан Гульнара бастауыш сынып мұғалімі мараптталды.
«Білімді ұстаз» - Шакиртхан Нұргүл номинациясымен мараптталды.
«Шығармашыл ұстаз» - Орыспаева Назым номинациясымен мараптталды.
"Жас маман-2018"
"Жас маман-2018"

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 
https://www.google.ru/search?q=%D1%80%D1%83%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B8+%D0%B6%D0%B0%D2%A3%D2%93%D1%8B%D1%80%D1%83+%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D0%B0%D1%88%D0%B0%D2%9B%D2%9B%D0%B0+%D0%B1%D0%B0%D2%93%D0%B4%D0%B0%D1%80+%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%BE%D1%82%D0%B8%D0%BF&newwindow=1&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwj29YWJ7IjXAhWya5oKHbKQAy0Q_AUICygC&biw=1396&bih=668&dpr=1.38#imgrc=LDoSDVlCzV6rKM:

Екі жұлдыз

Автор: admin от 25-01-2018, 04:36, посмотрело: 78

5 Қаңтар айының 20 жұлдызында Абай атындағы мектеп гимназиясында «Екі жұлдыз» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: мектептегі тәрбиенің рөлін арттыру, талғам мәдениетіне тәрбиелеу, интеллектуалды мәдениетті қалыптастыра отырып ұстаз бен ата-ана арасындағы талғамдық құндылыққа жету. Байқаудың ережесі бойынша ІІІ кезеңнен құралған. Байқауға 5-10 сыныптар арасындағы талантты деген 14 жұп қатысты. ІІ кезеңнің ережесі бойынша оқушылар «Эстрадалық» хит ән орындап, ІІІ кезеңге өз өнерлерін көрсетуге 9 жұп жолдама алды.
Олар :
1. Батырбек Қайнар,Шарипова Анди 8«а» сынып
2. Дүйсенбек Шуақбол.Балабаева Анель 8 «ә» сынып
3. Нұрболатқызы Шұғыла,Қайсар Перизат 5 «а» сынып
4. Ермұхтова Аяна,Нұрдыбекова Мөлдір 9«а» сынып
5. Ақылбакова Анель,Саметай Айдана 5 «б» сынып
6. Жұмабек Альбина,Тұрсынғалиева Дана 7 «а» сынып
7. Асақызы Сезім,Досжан Лида 9«б» сынып
8. Тұрғанбек Дәукен,Серікова Шырын 7 «ә» сынып
9. Жолдасқан Дамира,Қайдулда Әлішер 6 «ә» сынып

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Болам деген баланың -белін буған мектеп.

Автор: admin от 6-12-2017, 02:45, посмотрело: 108

0 Дарындылық- туа біткен қасиет, бірақ оны анықтап-дамыту тек қана үйден басталмайды, дарындылықты анықтап-дамытудың негізгі бастамасы мектептің табалдырығынан бастама алады. Ағымдағы жылдың қараша айының 29 жұлдызында Алматы қаласында өткен «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасының Рәміздеріне 25 жыл, Қазақстанның БҰҰ (ООН) қабылдануына 25 жыл құрметіне арналған, «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында «МӘҢГІЛІК ЕЛ, ҚАЗАҚСТАНЫМ!»атты оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы фестивальден Абай атындағы мектеп гимназияның оқушылары:
Бектемисова Фатиманың ғылыми-практикалық жұмысы Бас жүлде,
«Эстрадалық өнер»номинациясы бойынша Дүйсенбек Шуақбол Бас жүлде ,
«Көркем сөз» номинациясы бойынша:Тұрдыбек Жандарал Бас жүлде,
«Көркем сөз» номинациясы бойынша: Тұрсынғали Дана І орын ,
«Көркем сөз» номинациясы бойынша: Кененбай Мади І орын ,
«Көркем сөз» номинациясы бойынша: Хапез Абылай ІІ орындармен марапатталды.
Жоғарыда аталған оқушыларға «Бейбітшілік әлемі» (Планета мира- World of peace) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІРЛЕСТІГІнің ұйымдастыруымен Бірікке Араб Әмірлігі Дубай қаласында өтетін Ұстаздардың, Оқушылар мен Ата-Аналардың «Дубай - 2018» Халықаралық Достық форумы, Өнер фестивалі мен Ғылыми конференциясына шақырту хатын алуы, Ата-аналар мен қатысушы оқушыларға үлкен мәртебе болды. Жеңімпаздарды мектеп директоры Н.Есенгулова ерекше құрметпен қабылдап, мектепішілік жиында жеңімпаз оқушылар мен ата-аналарын салтанатты саппен жүргізіп, марапаттарын табыс еттіп, демеушілерге зор құрмет көрсетуі тәрбиелік маңызы зор шара болды.

Категория: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ, Мерекелік іс-шаралар, Оқушылар жетістіктері

 
 

«Брейн-ринг» ойындары

Автор: admin от 3-12-2017, 21:36, посмотрело: 125

0 Қараша айының 28 күні ҚР Президентінің «Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында Абай атындағы мектеп гимназиясында тұңғыш мекепішілік «Брейн-ринг» ойындары өтті. «Брейн-ринг» интеллектуалды ойыны 9-10 сыныптарды қамтыды. Бұл ойын барлық ғылым салаларын қамтитын сұрақтар мен тапсырмалар жиынтығы. «Брейн-ринг» ойындарының әділ қазы алқасы ретінде: А.Нурпеисов тарих пәнінің мұғалімі мен С.Төребек қазақ тілі пән мғалімдері сұрақтардың нақтылығы мен сараптау негізіне басшылық етті. Сонымен қоса бұл ойында тұңғыш рет «Timekeeper» сұрақтың уақытылы жауап берін қадағалады.
Бұл ойын барысында көрермендер де шетте қалмады, қорытынды балл шыққанша көрермендерге де жан-жақты сұрақтар қойылды.

Категория: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ, Мерекелік іс-шаралар

 
 
Назад Вперед