17
сәуір
2017
Сынып жетекшілер конкурсы
Абай атындағы мектеп гимназияда1 наурыз көктемнің алғашқы
күні мен алғыс айту күніне тұспа-тұс келген "Үздік сынып жетекшісі -2017”
мектепішілік байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: Байқау қазіргі қоғамдағы
тәрбиенің ролін арттыру, тәрбиенің қазіргі технологияларын, жүйесін және жаңа
түрлері мен әдістерін анықтау, сынып жетекшілерінің білімдерін, өнерлерін,
тапқырлықтары мен тәрбие берушілік деңгейлерін сынға алу, көрсету.
Байқауға 5 сайыскер қатысты.
Байқауымыздың кезеңдерінен өте келе әділқазылар
алқасының шешімімен «Қамқор сынып жетекші-2017» номинациясын Тұрғанбаева Айжан,
3-орынды Унгирбаева Айгерім, 2 -орынды Биғожанов Руслан, 1 орынды Ноғайбаева
Інкар, бас жүлдені Имангалиева Дания иеленді.